Текст
Тасөткел негізгі мектебінің сайтына қош келдіңіздер!
Тәуелсіз еліміздің еңселі ел болып өсіп-өркендеуі мен нығаюына, оның болашағының жарқын болуына білім саласы қызметкерлерінің үлесі ерекше.Ұстаздар қауымы жас ұрпаққа саналы тәрбие, сапалы білім беру міндетін абыройлы атқаруға күш салады. Болашақ мектептің басты міндеті ең алдымен, нағыз адамды тәрбиелеп шығу. Мектебіміздің педагогикалық ұжымы оқу мен тәрбие үрдісін сабақтастыра отырып болашақ ұрпаққа сапалы білім мен тәрбие беру ісін алға қойып отыр. Бұл жерден сіздер мектебіміздің өмірі туралы, оқушылары мен мұғалімдерінің жетістіктері туралы жан-жақты мәлімет ала аласыздар. "Тасөткел негізгі орта мектебі" КММ директорының м.а. Чинасилова Асель Муратовна