«Ақмола облысы білім басқармасының  Жарқайың ауданы бойынша білім бөлімі Тасөткел ауылының негізгі орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Основная средняя школа села Тасоткель отдела образования по Жаркаинскому району управления образования Акмолинской области»

Біз әлеуметтік желілердеміз

   

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

МЕКТЕБІМІЗ ӨЗ ТҮЛЕКТЕРІН МАҚТАН ЕТЕДІ

Сейтгалиев Ғалымжан –медицина ғылымының докторы, Байсалбаева Райханполиция подполковнигі, Қадыров Серікбай-колледж директоры .

 

Алин Ерлан  «Темірлан» серіктестігінің басшысы өз кәсібін туған аулындағы алқапқа дән сіңіруден бастады. Серіктестік бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі аясында ауылымызға соның ішінде мектебімізге көмегі зор.

 

Башмаков Наиль Фаритович Тасөткел мектебін 2014 жылы бітірді.Оқу мен спортты бірге ала жүріп мектебімізге жүлделі орындардан көрінуіне үлесін қосты.Қазіргі уақытта Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтында оқиды. Найльдің жетістіктерін  мектеп ұжымы қуана  қабылдайды. Түлегімізді маұтан тұтамыз.

Марапаттары:

2013 ж. – 2, 3 орындар Қазақстанның Жастар біріншілігі

2014 ж. 1-орын мен 2-орын Қазақстан чемпионатында

2014 ж. – 1-орын Булат атындағы жарыстарда /Ресей/

2014 ж., 2015 ж. – 3-орын, 50 км ҚР чемпионаты

2015 ж. – 2-орын ҚР Жастар чемпионаты

2016 ж. – 1-орын мен 2-орын ҚР чемпионаты

2016 ж. – 1-орын, 2-орын ҚР Жастар чемпионаты

2017 ж. – 3-орын спорт мектептерінің арасында өткен Қаз. чемпионаты

2017 ж. – 2-орын ҚР Жазғы чемпионаты

2015 ж., 2016 ж., 2017 ж. – 1-орын пробег имени Алтынсарина

Атағы:

2014 ж. – «ҚР спорт шебері»

 

 

Қинуарбек Әлішер -  Тасөткел негізгі мектебінің түлегі.  Спорт үйірмесіне қатысып, мектебіміздің мәртебесін көтерді.  Әлішердің жаттықтырушысы 40 жыл еңбек өтілі бар, талай облыстық жарыстарға мектеп оқушыларын қатыстырып, жүлделі орындарға ие болып, мектебіміздің атын шығарып  жүрген Башмаков Фарит Гаяновичтің атаулы жеңіске де еңбегі бар деуімізге болады.

2016 жылы қаңтар айында Австрияда жасөспірімдер арасында өткен шаңғы жарысында мектебіміздің мақтанышы, үздік оқушымыз Қинуарбек Әлішер Ерланұлы 2-ші жүлделі орынға ие болды. Қазіргі уақытта Костанай қаласында колледжде оқиды.

 

Канкулов Қорған Какимжанұлы мектепті бітіргеннен кейін Торғай техникалық колледжін, Астана қаласында  бухгалтерлік курсын бітірді.Жұмыс жасай жүріп Арқалық педагогикалық институтының дене тәрбиесі мұғалімі мамандығын алды. Ол бірнеше мәрте ауыр атлетикадан  және мүгедектер арасында жүзуден чемпион. Қорған Алматы, Қостанай, Талдықорған, Павлодар, Көкшетау, Степногорск, Астана қалаларында өткен спорттық жарыстардың белсенді қатысушысы. 2004 жылы Спорт шебері атағын алды.  Ол  «Выход есть» ток шоуына (Жетінші  канал), «Жан жылуы» (Қазақстан), радиостанции «Астана» хабарларына қатысып, ой бөлісіп тұрады.

Жаңартылған күні: 20.02.2020 09:41
Құрылған күні: 20.02.2020 09:41

Текст