Мәслихаттың 30 жылдығына арналған марапаттау рәсімі
Қазақстан Республикасы мәслихаттарының құрылуына 30 жыл толуына орай марапаттау рәсімі өтті. Халық игілігі үшін атқарған еңбектері мен жергілікті басқару жүйесінің дамуына қосқан үлестері үшін Башмаков Фарит Гаянович пен Агайдарова Айша Кажигаппаровна мерейтойлық “Қазақстан мәслихатына 30 жыл” орденімен марапатталды.
Бұл марапат – олардың қоғам игілігіне жасаған елеулі еңбектерінің жоғары бағалануы. Олардың ұзақ жылдар бойғы қажырлы еңбегінің, туған жеріне деген жанашырлығы мен халыққа адал қызметінің айқын дәлелі.
Құрметті азаматтарымызды шын жүректен құттықтаймыз! Еңбектеріңіз әрдайым еленіп, абыройларыңыз арта берсін!Жергілікті басқару саласында сіңірген қызметтері мен ел дамуына қосқан үлестері үшін шынайы алғыс білдіреміз!