«Ақмола облысы білім басқармасының  Жарқайың ауданы бойынша білім бөлімі Тасөткел ауылының негізгі орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Основная средняя школа села Тасоткель отдела образования по Жаркаинскому району управления образования Акмолинской области»

Біз әлеуметтік желілердеміз

   

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

2021 жылға мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері жөніндегі «Ақмола облысы білім басқармасының Жарқайың ауданы бойынша білім бөлімі Тасөткел ауылының негізгі орта мектебі» КММ есебі

Жарқайың ауданының мемлекеттік мекемелерімен көрсетілетін мемлекеттік қызметтер мемлекеттік қызметтерді көрсету жөніндегі қызметтерді іске асыратын мемлекеттік органдардың бірлестірілген жүйесіне енеді.

Тұрғындарға көрсетілетін мемлекттік қызметтің сапасын арттыру бұл азаматтар арасында мемлекеттік органдардың қызметіне деген сенімін арттырады және сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұрудың негізгі аспектісі.

            Мемлекеттік қызметтер келесі негізгі принциптердің негізінде көрсетіледі:

- ата-тегінің, әлеуметтік, лауазымдық және мүліктік жағдайының, жынысының, нәсілінің, ұлтының, тілінің, дінге қатысанысың, сенімінің, тұратын жерінің немесе басқа да жағдайлардың себебін кемсітпеусіз қызмет алушылардың тең қол жетімділігі;

- мемлекеттік қызметтерді көрсету барысында былық және бюрократизм көріністерін болдырмау;

- мемлекеттік қызмет көрсету саласында есепшілік пен барлығының байқалып, көрінуі;

-   мемлекеттік қызметтің сапасы мен қол жетімділігі;

- Мемлекеттік қызметті көрсету процессін үнемі жетілдіріп отыру;

-   мемлекеттік қызметті көрсетудегі үнемділік пен тиімділік.

Жарқайың ауданы бойынша білім бөлімі Тасөткел ауылының негізгі орта мектебі» КММ қызметтің 5 түрін көрсетеді:

  1.  «Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін бағдарламалары бойынша оқыту үшін ведомстволық бағыныстылығына қарамастан білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және оқуға қабылдау»-4;
  2. «Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарына денсаулығына байланысты ұзақ уақыт бойы бара алмайтын балаларды үйде жеке тегін оқытуды ұйымдастыру үшін құжаттарды қабылдау»-0
  3. «Жалпы білім беретін оқу орындары арасында балаларды ауыстыру үшін құжаттарды қабылдау»-9;

     4. «Негізгі орта, жалпы орта білім туралы құжаттардың телнұсқаларын беру»- 0;

     5. «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының педагог қызметкерлері мен оларға теңестірілген тұлғаларға біліктілік санаттарын беру (растау) үшін аттестаттаудан өткізуге құжаттар қабылдау» -2;

          Барлық мемлекеттік қызметтер ҚР 2013 жылғы 15 сәуірдегі «Мемлекеттік қызметтер туралы»  Заңының 24-бабының негізінде ақысыз көрсетіледі. 

Мемлекеттік қызметтерді көрсету барысында мемлекеттік органдар  Қазақстан Республикасының Конституциясымен негізделген «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі №88- V Заңын және бекітілген стандарттар мен ережелері басшылық етеді.

2021 жылы Жарқайың ауданы бойынша білім бөлімі Тасөткел ауылының негізгі орта мектебі» КММ қызметтің 3 түрі бойынша 15 қызметі көрсетілді, олардың ХҚКО арқылы-2, ЭҮП арқылы-11; меморган арқылы-2;

       2021 жылы жүргізілген сараптаманың негізінде Тасөткел ауылының негізгі орта мектебінде білім саласындағы ең талап етілетін мемлекеттік қызметтер-«Жалпы білім беретін оқу орындары арасында балаларды ауыстыру үшін құжаттарды қабылдау»-9;

       Ауданда мемлекеттік қызметтің көрсетілу реті туралы ақпарат Жарқайың ауданының интернет-ресурсының «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» бөлімінде шығарылады. Мемлекеттік қызметтің стандарттары мен ережелерін бекіту мүмкіншілігі бойынша сайттың бұл бөлімі үнемі жаңартылып тұрады. Сонымен қатар ақпарат мемлекеттік органдарда, қала және ауылдық округтері әкімдерінің аппараттарында баршаға көрінетін жерлерде ақпараттық стендтерде орналастырылған, жергілікті «Целинное знамя» газетінде жарияланады, «Мегаполис» радиосынан хабарланып, «Сары-Арқа» телеканалының жүгіртпе жолында жазылады. 

Сондай-ақ Жарқайың ауданы бойынша білім бөлімі Тасөткел ауылының негізгі орта мектебінде» КММ мемлекеттік қызмет көрсету стандарттары және оларды көрсету реті жарияланған стенді ресімделген.

               2021 жылдың 1 қаңтарынан 31 желтоқсаны аралығында мемлекеттік қызмет тұтынушыларынан жергілікті атқарушы органдарға шағым түскен жоқ.

  Мемлекеттік қызметті көрсету сапасына бақылау жүргізу, мемлекеттік қызмет көрсету сапасына қоғамдық мониторинг және бағасы келесі принциптерге негізделеді:

1) заңдылық;

2) объективтілік;

3) турашылдық;

4) туралық

        Қызметті тұтынушылардың мемлекеттік қызмет көрсету сапасына қанағаттандырылуының әрі қарай тиімділігі мен жетілдіру үшін  2022 жылы  мемлекеттік қызметті уақытылы көрсетуге бағытталған ұйымдастырушылық сипаттағы сәйкес келетін шаралар қолдану.

    «Электронды үкімет» порталы, Мемлекеттік корпорация орталығы арқылы көрсетілетін мемлекеттік қызметті қолданушылардың санын арттыру бойынша жұмысты жалғастыру.

 

 

Мектеп директоры:                                          Б.Жумабекова

 

 


Әлі пікірлер




Добавить комментарий



Включить данные в подпись
Жаңартылған күні: 28.02.2022 17:31
Құрылған күні: 02.04.2022 04:26

Текст