«Ақмола облысы білім басқармасының  Жарқайың ауданы бойынша білім бөлімі Тасөткел ауылының негізгі орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Основная средняя школа села Тасоткель отдела образования по Жаркаинскому району управления образования Акмолинской области»

Біз әлеуметтік желілердеміз

   

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Тасөткел негізгі мектебінің 2022-2023 оқу жылына арналған қамқоршылық кеңесінің ережесі

Т

Тасөткел негізгі мектебінің 2022-2023 оқу жылына арналған қамқоршылық кеңесінің ережесі

 

1.     Жалпы ережелер

Мектептің қамқоршылық кеңесінің бұл ережесі оқу-тәрбие үрдісінің жақсаруын арттыруға, мектептің барлық кеңестерінің мүшелерін мектептің іс-шараларын ұйымдастырып, қатыстыртуға, өзін-өзі басқару жұмысының ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында құрылып, қабылданды.

 

2.     Қамқоршылық кеңесінің мақсаты мен міндеттері:

            2.1.Қамқоршылық кеңесі мектепке оқыту және тәрбие жұмысында, материалды-техникалық қамтамасыз етуді және оқу-тәрбие мен инновациялық үрдісті жақсартуға септігін тигізуге құрылған.

            2.2.Қамқоршылық кенестің міндеттері:

-         білім жүйесінде оқыту мен тәрбие үрдісінде практикалық көмек көрсету;

-         оқушылар, ата-аналар және мұғалімдер арасында біріккен жұмыста жайлы жағдай жасау;

-         оқушылардың  шығармашылық, интеллектуалдық және рухани  қабілеттерін арттыруға жағдай жасау;

-         оқу-тәрбие үрдісінің жұмысын жақсартуды қамтамасыз ету;

-         материалды-техникалық қамтамасыз етуді нығайту;

            2.3.Қамқоршылық кеңесі өз қалауымен, тең құқылы, заңды, ашықтықта еркіндік ұғымымен жұмыс істейді.

 

3.     Қамқоршылық кеңесінің жүйесі.

            Қамқоршылық кеңесінің құру тәртібі және оның мүшелерін сайлау Мектеп әкімшілігінің  шешімімен бекітіледі.

            

            Мектеп жарғысы бойынша қамқоршылық кеңестің жұмыс мерзімі 3 /үш/ жыл.

            Қамқоршылық кеңесі мүшелерінің жұмысы мерзімінен бұрын қамқоршылық кеңестің мүшелерінің сұрауы бойынша, өз міндеттерін денсаулықтарына байланысты орындай алмай және орындамаған жағдайда, қамқоршылық кеңестің жазбаша түрде мәлімдеген кезде  аяқталуы мүмкін.

            Қамқоршылық кеңестің шешімдері жазбаша түрде жазылып, безендіріледі, оны қарауға мектеп әкімшілігіне жібереді. Шешім 1/3 мүшелерінің дауысымен қабылданды деп есептелінеді.

            Қамқоршылық кеңестің бірінші отырысын  мектептің ата-аналар комитетінің төрағасы өткізеді, бұл отырыста кеңестің төрағасы, орынбасары, хатшысы және ревизиялық комиссия мүшелері  сайланады. Аталған лауазымдарға педагогикалық кеңестің ұсынған мүшелері  сайлана алмайды.

            Қамқоршылық кеңестің хатшысы болып қамқоршылық кеңестің мүшесі емес мектеп қызметкерін қамқоршылық кеңеспен тағайындалады, ол қоғамдық  бастама ретінде  өз құзырындағы жұмысты бақылап, отырыстарды дайындап өткізуге, қамқоршылық кеңес отырыстарының материалдарын қамтамасыз етеді,  материалдарды басқалардың көруіне бақылау жасайды.

 

4.     Қамқоршылық кеңестің құқықтары:

4.1. Мектептің тәрбие жұмысының жоспарына өз ұсыныстарын енгізуге;

4.2 Қазақстан Республикасының  заңдары негізінде финансты шаруашылық жұмысына қатысуға, оған өзгертулер мен толықтырулар енгізуге;

4.3. Оқу- тәрбие үрдісінің ұйымдастырылуы туралы мектеп әкімшілігінің есебін, бюджеттік және бюджеттік емес кірістердің қолданылуы туралы есептерді тыңдауға;

4.4.  Мектептің оқу-тәрбие үрдісіне қатысуға;

4.5. Бюджеттік және бюджеттік емес  кірістердің қолданылуы туралы құжаттармен танысуға  және ұсыныс жасауға;

4.6. Мектеп жарғысына өзгертулер мен  толықтырулар ұсынуға;

4.7. Қор құруға,  қамқоршылық кеңесінің  финанстық кірістері Қазақстан Республикасының заңына қарсы келмейтін өз еркімен  жеке және заңды тұлғалардан түскен қаржыдан тұрады;   

 

5.     Қамқоршылық  кеңестің міндеттері:

5.1 Оқушының оқу үлгерімін  көтеру мақсатында білім үрдісінде сыйлықтар ұсынуға, стипендия тағайындауға;

5.2 Бюджеттен тыс  түскен финанстық қаржыны мақсатты түрде қолдану;

5.3  Осы ережеге сәйкес қамқоршы  кеңесінің атқаруға тиісті міндеттерін орындауын талап ету;

 

6.     Қамқоршылар кеңесі отырысының өткізілу тәртібі :

6.1 Қамқоршылар кеңесінің отырысы кварталына бір рет өткізіледі;

6.2 Қамқоршылар кеңесінің отырысы оның төрағасымен, қамқоршылар кеңесінің мүшелерімен, мектеп әкімшілігімен шақырыла алады;

6.3 Шақыру тәртібі және қамқоршылар кеңесінің отырысының өткізілуі мектеп әкімшілігінің бұйрығымен бекітіледі;

6.4 Қамқоршылар кеңесінің отырысы, егер оның барлық мүшелері отырыс өткізілетін уақыты мен жерін хабарланған уақытта толық қанды деп есептеледі;

6.5  Дауыс беруде қамқоршылар кеңесінің әрбір  мүшесінде бір дауыстан бар. Егер дауыс беру тең жағдайда болғанда шешуші дауысты қамқоршылар кеңесінің төрағасы  өз даусымен шешеді;

 

7.     Қамқоршылар кеңесінің төрағасы:

7.1 Қамқоршылар кеңесінің төрағасы бірінші отырыста құпия дауыспен сайланады. Сайлану уақыты 3 жыл

7.2 Құқықтары:

- өз міндеттерін қоғамдық бастама ретінде жүргізеді;

- жергілікті басқару органдары, ұжымдар, ұйымдармен араласып, олардың  алдында қамқоршылар кеңесін ұсынады;

- қамқоршылар кеңесінің жұмыстарын ұйымдастырады, басқарады

- қамқоршылар кеңесінің қабылдаған шешімдеріне қол қояды

- қамқоршылар кеңесінің жұмысы туралы жылдық есебін дайындайды

- мектеп әкімшілігімен байланыста болады

-қамқоршылар кеңесінің мүшелеріне делегировать құқылы

 

8.     Қамқоршылық кеңестің мүлкі мен қаржысы

8.1. Қамқоршылық кеңестің қаржысы оның мақсаттары мен міндеттеріне сай жұмсалады;

8.2. Жұмсалған қаржы туралы оның салымшыларын ақпараттандырып отырады;

8.3. Оқушылардың оқудағы жақсы үлгерім көрсеткіштері үшін және интеллектуалды, шығармашылық сайыстардағы көрсеткіштері үшін премия тағайындай  алады.

 

9.     Ревизиялық комиссия

9.1. Ревизиялық комиссия – қамқоршы кеңесінің жұмысында финансты-шаруашылық қаржыны жұмсаудағы заңдылықты, дұрыс қолданылуын қадағалайтын бақылау жасаушы орган.

9.2. Ревизиялық комиссия кеңестің жалпы отырысында 3 жылға сайланады.

 

10.  Қарама қайшылықтар

10.1. Қамқоршылық кеңестің әрбір мүшесі мектеп жұмысы үшін аянбай еңбек етуге міндетті. Қамқоршылық кеңестің әрбір мүшесі шешім қабылдағанда өз жеке басын  ойлап, мектептің коммерциялық мүмкіндіктеріне қол сұқпауы керек.

10.2. Қамқоршылық кеңесі мүшелер арасындағы қарама қайшылықтар және оны шешу туралы жағдайды  мектеп әкімшілігіне хабарлауы міндетті.

10.3. Егерде қарама қайшылықтар шешілмеген жағдайда, оны шешу мектеп әкімшілігіне қарауға беріледі.

 

11.   Қамқоршылық кеңестің таратылуы.

11.1. Қамқоршылық кеңестің таратылуы мектеп әкімшілігінің шешімімен бекітіледі.

11.2. Қамқоршылық кеңестің  қаржысы таратылғаннан кейін құрылған жоспар бойынша орындалатын жұмыстарды жалғастыру үшін таратылу комиссиясына тапсырылады.

 

 

 

 

 

 

Жаңартылған күні: 30.10.2019 17:51
Құрылған күні: 07.10.2022 17:03

Текст