Текст
«Ұшқыр ой алаңы» жобасы аясында зияткерлік ойындар ұйымдастырылып, қатысушылар өз білімдерін сынап, логикалық ойлау қабілеттерін дамытты.
Ойын барысында қатысушылар тапқырлық пен жылдамдық танытып, қызықты сұрақтарға жауап берді. Бұл шара жастардың ой-өрісін кеңейтіп, білімге деген құштарлығын арттыруға бағытталған.
Осындай білім жарыстары алдағы уақытта да жалғасын табады.