«Ақмола облысы білім басқармасының  Жарқайың ауданы бойынша білім бөлімі Тасөткел ауылының негізгі орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Основная средняя школа села Тасоткель отдела образования по Жаркаинскому району управления образования Акмолинской области»

Біз әлеуметтік желілердеміз

   

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Ынтымағы жарасқан, туған өлкем- Қазақстан»

01.05.2020

Тәрбие сағаттың тақырыбы: «Ынтымағы жарасқан, туған өлкем- Қазақстан»

Мақсаты:

Балаларға 1 – мамыр Қазақстан халықтар бірлігі күні мерекесі екенін жеткізу. Ынтымақтыққа, достыққа, өз Отанын сүюге, қорғауға, көп ұлтты халқымыздың тыныштығы мен бірлігін нығайтуға ат салысатын азамат болуға тәрбиелеу.

Көрнекілігі: интепбелсенді тақта, презентация, Қазақстан картасы, көгершін суреттері,

                       бейнебаяндар

                                                              Барысы:

Сәлеметсіздер ме.
Бүгінгі біздің тәрбие сағатымыз «Ынтымағы жарасқан, туған өлкем- Қазақстан»- деп аталады.
Жаса елім, жаса достық бірлікпен,
Көштен қалма, қалма және тірліктен.
Елім менің – Қазақстан Отаным,
Алға өрле үшінші мың жылдықпен
Тек достықпен, өзгеде ел - халықпен - деп бүгінгі тәрбие сағатымызды бастаймыз.

  • Қазақстанда қанша ұлт-өкілдер тұрады?
  • Сендердің таныстарынның, достарыңның арасында өзге ұлт-өкілдері бар ма?
  • Олармен қандай қарым-қатынастасыңдар?
     

Қазақстан көп ұлтты мемлекет. Қазір экрандағы кейіпкерлердің киімдеріне қарап қай ұлтқа жататынын анықтаңдар. (Жауаптары)

Қазақстанда қазақтар, орыстар, ұйғырлар, өзбектер, корейлер, украиндар, дүнгендер және тағы басқа ұлт өкілдері тұрады. Олар өздерінің осындай кең байтақ Қазақ жерінде өмір сүріп жатқандарына қанша жыл өтсе де, Қазақ халқының осынша кең пейіл, қонақжай екендігіне көз жеткізді. Олар өз елдерінде болмаса да, қазақтардың елін елім деп, жерін жерім деп құрметтеп, үлкен үлгілі отбасының кейпін көрсетуде. әлем халықтарының мұндай көп ұлттан құрылған мемлекетте осыншалық тату - тәтті, бейбітшілікте өмір сүріп отырғандығы біздің елдің арқасы және олар мұны жақсы біледі, рахметтері шексіз екендіктерін білдіреді.

1 мамыр — Қазақстан халқының бірлігі күні. Айтулы мереке Елбасымыздың 1996 жылы қабылдаған Жарлығы бойынша 24 жылдан бері тойланып келеді. 130 - га жуық түрлі ұлт өкілдері мен ұлыстары тату - тәтті тұратын еліміз үшін даталы күннің маңызы зор.

Айта өтейік, 1 мамыр халықаралық еңбекшілердің бірлік және ынтымақ күнін әлемнің 140 елі атап өтеді екен.


«Бірлігі жоқ ел тозады, бірлігі күшті ел озады» дейді қазақ мақалында. Бұл сөздің қаншалықты дұрыстығын өмір көрсетіп отыр.

Қазақстанда 130 - ға жуық ұлт өкілдері тұрады. Олардың ішінде ең көп санды (қазақтардан кейін) орыстар - 30%, украиндар – 3, 7%, өзбектер – 2, 5% құрайды. Адам санының өсімі мен дамуы жағынан Қазақстан БҰҰ - на мүше мемлекеттер қатарында да қомақты орын алады. Даму жағынан қазіргі күні ТМД - ға кіретін мемлекеттердің ішінде алдыңғы орында. Қазақстанда 84 қала, 200 кент, 2036 аудандық округ, 7684 ауылдық мекендер бар. Қазақстан тұрғындарының 56%- ы қалада, 44%- ы ауылдық жерлерде тұрады.
Қанша ұлт болсын,
Қанша салт болсын,
Ынтымағы жарасқан
Мәдениетті ел болсын.
Әрбір халықтың бай мәдениеті бар. Ертегі, аңыз, салт - дәстүрлер ұрпақтан - ұрпаққа беріліп отырады. әр халықтың өзінің ұлттық ертегісі, бесік жыры бар. Бірақ олардың бәріде бір атаның баласындай бақыт, бейбітшілік, жарқын болашақ үшін өмір сүреді. Бұл мақсат бәрінің басын біріктіреді.
Қазақстан халқы Асамблеясы ан алуан этностарды азаматтық тұрғыда топтастырудың қуатты құралдарының біріне айналды. Жалпы алғанда, өз қызметінің алғашқы күндерінен бастап Ассамблея еліміздегі этностардың мәдениетінің қайта жаңғыруы мен дамуына елеулі ұлес қосып келеді. Наурыз мейрамы, корей, неміс мәдениетінің фестивальдері, татарлар мен башқұрттардың сабантойы жалпы халықтық сипатқа ие болды. Дүнгендер, курдтар сияқты, т.б. халықтардың мейрамдары мен түрлі форумдары республикалық деңгейде дәстүрлі түрде өткізіліп отырады.

 

1995 жылы құрылған Қазақстан халықтары Ассамблеясы құрылды. Сондықтан да ынтымағы мен бірлігі жарасқан, татулықтың тірегі болған Қазақстанда барлық ұлт өкілдері бірінші мамырды ерекше атап өтеді.

                                        Бейнебаян «Бірлігіміз жарасқан»

Ассамблеяның белсенді қызметінің нәтижесінде Қазақстандағы этностардың мәдени өмірі жандана бастады. Өйткені Ассамблея этникалық топтар арасындағы ұйымдастыру жұмыстарының орталығына айналды. Ассамблея органдарына мемлекеттік мәртебе берілуіне байланысты этномәдени орталықтардың мәселелері жедел шешімін тауып, кейбір өзекті мәселелер бойынша үкімет деңгейіндегі шешімдер қабылданады. Ассамблея Кеңесінің шешімімен этномәдени орталықтарға қаржылай және ұйымдастыру жұмыстары бойынша көмек көрсету мақсатында республикалық қор құрылған. Бұл қордың бөлімшелері әрбір облыстарда ашылды.
    Жер бетіндегі халықтардың барлығы мына 3 - нәсілге бөлінетінін бәріміз білеміз. Олар: маңғолоидтық, негроидтық, еуропоидтық.
Әртүрлі нәсілдерге жататын адамдар бір - бірімен табиғи ортаға бейімделген сырт келбеті жөнінен ғана ерекшеленеді. Олардың көру, есту және ойлау қабілеттері бірдей. Нәсілдік ерекшеліктер қоғамның дамуына, халықтардың іс - әрекеттеріне ешқашан әсер етіп көрген жоқ.
Нәсілдерді осындай бір - бірімен бір - бірімен тең деп есептейтіндер қатар еуропоидтықтар өздерін ақ нәсілдіміз деп жоғары, негроидтықтарды қара нәсілділер деп, маңғолоидтықтарды сары нәсілділер деп төмендететіні бар. Олар қара және сары нәсіл адамдарының ойлау қабілеті төмен, тек қана дене еңбегімен айналысуға жаратылған, жер бетінде жалғыз ақ нәсілділер билік жүргізу керек деген өздерінің биік ұстанымда тарихымызға үңілу арқылы көруімізге болады.
Біздің еліміз нәсілшілдік, ұлтаралық араздықты қоздыруға жол бермейді. Қазақстан Республикасындағы сан жағынан аз халықтарға қамқорлық жасау үшін «Қазақстан халықтарының ассамблеясы» құрылған. Түрлі нәсілдерге жататын барлық ұлт өкілдерінің тең құқықтығы Конституциямен қорғалады.
Біздің еліміз ынтымағы жарасқан, бірлігі нығайған үлгілі елдердің біріне айналды. Халық әрқашан бір жеңнен қол шығарып, бір жағадан бас шығарған қиындықты бірге бөлісіп, қандай жағдайда да өздерінің бірліктерін көсетіп келеді.

                                                 Бейнебаян «Бірлік күні»
 

Мына бір аңызға тоқталайық

«Бір кісі бармақтай құсты ұстап алып торға қамап қояды.Тұтқын құс күні-түні дамыл көрмей «Отан»,Отан,Отан…. » деп шырылдай береді.Құстың иесі: «Мұның да Отаны болғаны ма,ал Отаны болса қайда екен?» құсты ұшырып жеберейін де,ұшқан жағына қарап,ғажайып елге апаратын жолды біліп алайын» деп ойлайды.Сөйтіп торды ашып,құсты босатып жібереді.Құс ұшып шығып бар болғаны 10 қадам жердегі тастақты тақырдың арасында өскен жалғыз түп тікенге барып қонады.Сөйтсе,әлгі бұтада ұясы бар екен «Демек құстың Отаны -ұя салған жері болды ғой» деп ойлайды жаңағы адам.Шынында да адам түгілі құстарда ұя салып, мекендеген жеріне бауыр басып кетеді екен!

     Аңызға қорытынды жасайық (оқушылардың жауабы)

Туған жердей жат елдің болмайтыны ақиқат

Оған көңіл толмайтыны ақиқат.

Алтын торда алтын құс өсірсең де,бұлбұл құс

Өскен бағы болмаса,қонбайтыны ақиқат!

 

«Туған еліме тілегім». Қазақстан картасына тілектеі жазылған көгершиндерді жапсырады.

 

 

 

Просмотров: 339


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст