21.04.2020 ж 8-сынып |
Тасөткел негізгі мектебі Жумабекова Бибигул Толешовна Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі |
|||||||||||||||||||||||||||
Сабақ тақырыбы |
Жүніс Сахиевтің «Айдағы жасырынбақ» әңгімесінің тілі |
|||||||||||||||||||||||||||
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары |
А/И3. Шығармадағы көркемдегіш құралдардың (психологиялық параллелизм, перифраз, сатира, ирония, гротеск, эллипсис) қолданысын талдай отырып, автор стилін анықтау. |
|||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың мақсаттары |
Оқушылардың барлығы орындай алады: Шығармадағы көркемдегіш құралдарды (психологиялық параллелизм, перифраз, сатира, ирония, гротеск, эллипсис) табады. Оқушылардың көпшілігі орындай алады: Шығармадағы көркемдегіш құралдардың (психологиялық параллелизм, перифраз, сатира, ирония, гротеск, эллипсис) қолданысын талдай алады. Оқушылардың кейбіреуі орындай алады: Шығармадағы көркемдегіш құралдардың (психологиялық параллелизм, перифраз, сатира, ирония, гротеск, эллипсис) қолданысын талдай отырып, автор стилін анықтайды. |
|||||||||||||||||||||||||||
Тілдік мақсат |
Оқушылар орындай алады: Әңгіме тіліне талдау жасайды. Пәнге қатысты сөздік қор мен терминдер: кейіптеу, перифраз, эллипсис, психологиялық параллелизм, т.б. Диалог құруға/шығарма жазуға арналған пайдалы тіркестер: Талқылауға арналған сұрақтар: Автор әңгімеде қандай көремдегіш құралдар пайдаланған? Автор стилі қандай? Тағы қандай ой айтылмай қалды деп ойлайсыңдар? Автор орнында болсаңдар, тағы не қосар едіңдер? |
|||||||||||||||||||||||||||
Құндылықтарды игерту |
Мәңгілік Ел стратегиясындағы жалпыға бірдей еңбек қоғамы құндылығын білім берудің еңбек және шығармашылық,ынтымақтастық, өмір бойы білім алу құндылықтарымен ұштастыру |
|||||||||||||||||||||||||||
Пәнаралық байланыс |
Тарих, қазақ тілі, әдебиет теориясы |
|||||||||||||||||||||||||||
Бағалау критерийі |
Шығармадағы көркемдегіш құралдарды табады. Автор стилін анықтайды. |
|||||||||||||||||||||||||||
Ойлау дағдыларының деңгейі |
Қолдану, жоғары деңгей дағдылары |
|||||||||||||||||||||||||||
Алдыңғы білім |
Жүніс Сахиев туралы және «Айдағы жасырынбақ» әңгімесінің мазмұнын, тақырыбы мен идеясын біледі. |
|||||||||||||||||||||||||||
Сабақ барысы
|
||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері |
Уақыты |
Сабақтағы жоспарланған жаттығу |
Ресурс |
|||||||||||||||||||||||||
Сабақтың басы |
|
1. Ұйымдастыру кезеңі. Сәлемдесу. 2. Психологиялық ахуал 3. Ширату. «Соңғы сөз – сөйлемнің басы» Оқушылар шеңбер бойымен тұрады. Олардың бірі қозғалып жүре бастайды да, кездейсоқ бір оқушының алдына тұрып, оған бір пікірді айтады, мысалы, «Атмосфера, биосфера, гидросфераны таза ұстау керек» Біріншінің артында тұрған оқушы шеңберді айнала жүріп, басқа баланың алдына барып тұрып, жаңа пікірді айтады, ол осының алдындағы пікірдің соңғы сөзінен басталуы тиіс. «Көкейімізге осы мәселелер сіңсе екен», «Намысты қолдан бермей, экологияны таза сақтайық!», «Қай-қайсысымызға осы сөз қамшы болсын!» т.с.с. Оқушыларды «атмосфера», «биосфера», «гидросфера» қимақағаздарымен топқа бөлуге болады. |
|
|||||||||||||||||||||||||
Сабақтың ортасы |
|
Жеке жұмыс «Бейне тіл құралы» семантикалық кестесін толтыру.
Жұптар бірін-бірі тексереді. Топтық жұмыс 1-топ: Әңгімеден перифраздарға мысалдар табу. Перифраз пайдалана отырып, шағын әңгіме жазыңдар. 2-топ: Әңгімеден пейзаждық суреттемелерге мысалдар табу. Психологиялық параллелизм пайдалана отырып, табиғатқа шағын суреттеме жазыңдар.
Дескриптор: - әңгімеден аталған көркемдегіш құралдарды таба алады. - көркемдегіш құралдарды шығармашылық жұмыста қолдана алады. Топтардың қорғауы. Өзара бағалау. «Екі жұлдыз бір тілек» Топтық жұмыс. «Шашылған ойлар мен сөйлемдер» тәсілі Әр топқа төмендегі әңгімеден алынған үзінділер таратылады. Топта қарап талқылап ой қорытады. 1-топ: екі сөйлем, үш сөйлем, 2-топ: төрт сөйлем, бес сөйлеммен қорытады. Ұсынылатын сұрақтар: Автор әңгімеде қандай көремдегіш құралдар пайдаланған? Автор стилі қандай? Суреттеу басым ба, баяндау басым ба? Олардың рөлі қалай? Тағы қандай ой айтылмай қалды деп ойлайсыңдар? Автор орнында болсаңдар, тағы не қосар едіңдер? «Айналаның бәрі бейне бір күл шаңының астында қалғандай көңіл құлазытады. Жер бізге қара аспанға іліп қойған шыны шар тәізденіп көрініп тұрды Қиыр ғарыштан қаңғып келген аспан тастары ғаламшардың бетін әжімге толтыра берді. Табиғаттың болашақ тазалығы сендердің қолдарында, – деді сол кезде көкем Сартай екеуміздің сөзімізді тыңдап болып, – достарыңа да түсіндіріңдер мұны... Көңілімізді сергітіп жіберді, сәл жымиып алды, ғарыш кемесі, ғарыш айлағы, қараңғы дүние т.б. Не көгілдір көкжиек жоқ, не аспанды шарпыған әсем бұлт жоқ. Күннің сәулесі де шашырамай бажырая қалған. Көз қарықтырады. Біз Жерден өліара қарсаңында аттанғанбыз. Біз оны Жаңа Ай туды дейміз Ал сол кезде Айда шың мәнінде таң атып, Күн шығады екен. Сартай екеуміз қазақ халқының оны ежелден-ақ дәл білгеніне қайран қалдық. Қала шамдары жымыңдамады». Топтардың қорғауы. |
|
|||||||||||||||||||||||||
Сабақтың соңы |
|
«Бес саусақ» тәсілі Бас бармақ: Не білдім? Балаң үйрек: Не үйрендім? Ортан терек: Кімге көмектестім? Шылдыр шүмек: Не қиын болды? Кішкентай бөбек: Не қызық болды? |
|