«Ақмола облысы білім басқармасының  Жарқайың ауданы бойынша білім бөлімі Тасөткел ауылының негізгі орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Основная средняя школа села Тасоткель отдела образования по Жаркаинскому району управления образования Акмолинской области»

Біз әлеуметтік желілердеміз

   

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Мамандық таңдау

26.11.2019

Ұзақ мерзімді жоспардың бөлімі:

Кәсіп пен еңбек.  Болашақ мамандықтары

Мектеп: Тасөткел негізгі  мектебі

Күні:  19.11.2019                     Сынып: 8

Мұғалімнің ТАӘ:  Жумабекова Б.Т

     

Сабақтың тақырыбы

Мамандық таңдау

Осы сабақ арқылы іске асатын оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

8.1.4.1. мәтінде көтерілген мәселені(тұрмыстық, әлеуметтік) талдай отырып, негізгі ойды анықтау.

Сабақтың мақсаты

Оқушылар:

Мәтініндегі негізгі ойды анықтайды.

Сұрақтар қояды.

Сөзжасамның тәсілдері туралы біледі.

 

Бағалау критерийлері

  • Қажетті мамандықтарды анықтай алады;
  • Сөзжасамның тәсілдерін бір-бірінен ажырата алады;
  • Мәтін бойынша сұрақтар қоя алады.

Тілдік мақсаттар

 Пән лексикасы және терминология:

Мәтіннің негізгі ойы

Тыңдалым мен айтылымға қажетті сөз тіркестері:

Қағида, ортақ ұстастығы, сұхбаттасу.

Құндылықтар

 Ашықтық, құрмет

Осыған дейін меңгерілген білім

5-7- сыныптардағы сөзжасам тақырыптары

Сабақтың барысы

Сабақ кезеңдері

Жоспарланған әрекеттер

 

Сабақтың басы

 

        5 минут

Ой қозғау

«Мамандық таңдау-тағдырыңды таңдау» деген тұжырымды бес сөйлем түрінде өрбітіп жазады. Ойларын сыныппен бөліседі.

 

 Сабақтың ортасы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

5 минут

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

5 минут

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

10 минут

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сабақтың соңы

 

 

 

10 минут

 

 

 

 

 

Екі топқа бөлініп, ойларын ортаға салады.

Тәтті мамандық                               Жауапты мамандық

Ақпараттық карточкамен танысады, ойға түйгендерін тақтаға шығып мысалмен дәлелдейді.

 

Жаңа сөздер тілді байытады, сондықтан тілдің сөздік құрамының баюында негізгі қызметті қазақ тілінің сөзжасам жүйесі атқарады. Сөзжасамның тәсілдері:

синтетикалық – негізгі сөз тудырушы жұрнақтардың жалғануы арқылы екінші мағына туады. Сырлы, куәгер, жұмысшы.

аналитикалық – негіздердің бірігуі, тіркесуі, қосарлануы арқылы жаңа мағыналы сөз туады. өнеркәсіп, теміржол

лексика-семантикалық- белгілі бір сөздің жаңа мағынаға ие болуы арқылы жаңа сөздің жасалу жолы. Бұл тәсілде сөздің мағынасына жаңа мағына үстеледі. айтыс, ақ, айдар,бүлдірген.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Дескриптор:

Ақпаратпен танысады.

Мысалдар келтіре алады.

Мысалдарына талдау жасай алады.

2-тапсырма

Оқулықтағы Қазаққа қажет мамандық мәтінімен танысады. Мәтін бойынша 3 сұрақ құрастырады. Мәтіннен сөзжасамның 3 тәсіліне сәйкес келетін сөздерді теріп алып, жасалу жолын түсіндіреді.

Үлгі: Маркетолог дегеніміз кім? 

ақпараттық – синтетикалық тәсіл

астрофизик – аналитикалық тәсіл

хабар - лексика-семантикалық

Дескриптор:

- Мәтінді мұқият оқиды

- мәтін бойынша 3 сұрақ құрастырады.

- сөзжасамның  тәсіліне мысалдар тауып алады.

- сөздерге талдау жасай алады.

Оқушылар дескрипторға сай бірін-бірі бағалайды.

Кім жылдам? Сергіту сәті

1.Ж-дан басталса, жыл мезгілі,

Қ-дан басталса, онда ол құс- белгілі. Жаз - Қаз

2.Көп қолданылатын жазу құралы

Егер ол сөз р-ға бітсе,

Білдіреді ол малдың түсін.

Р-ға бітпей, з-ға бітсе,

Бұл қандай сөздер?                                   Бор-боз

Үйге тапсырма: 55-бет 4-тапсырма.

Кері байланыс

 

 

           

 

Просмотров: 705


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст