«Ақмола облысы білім басқармасының  Жарқайың ауданы бойынша білім бөлімі Тасөткел ауылының негізгі орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Основная средняя школа села Тасоткель отдела образования по Жаркаинскому району управления образования Акмолинской области»

Біз әлеуметтік желілердеміз

   

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Адалдық сағат»

02.09.2019

                                                     «Адалдық сағат»

Мақсаты: өскелең ұрпаққа адалдық және парасаттылық құндылықтарын, сыбайлас жемқорлықтың  теріс салдарларын, олардың алдын алу бойынша еліміздің жеткен жетістіктерін кеңінен түсіндіру; сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру.

Көрнекілігі: интербелсенді тақта, презентация

Сәлеметсіздер ме, құрметті қонақтар, ұстаздар, оқушылар! Бүгін , жаңа оқу жылының бірінші күнінде, бүкіл республикамыздың оқу орындарында «Адалдық сағат» өтуде. Биылғы жыл «Жастар жылы» деп жарияланды.  Жастар-елдің ертеңгі тірегі, Жастарға, өскелең ұрпаққа адалдық және парасаттылық құндылықтарын, сыбайлас жемқорлықтың теріс салдарларын, олардың алдын алу бойынша еліміздің жеткен жетістіктерін түсіндіру; сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бүгінгі кездесуіміздің мақсаты болады.

       2018 жылғы 5 қазандағы Жолдауында Елбасы сыбайлас жемқорлықпен белсенді күрес жалғасатын, сондай-ақ қарамағындағы қызметкерлер сыбайлас жемқорлыққа қатысты құқықбұзушылық жасаған жағдайда бірінші басшылардың жеке тәртіптік жауапкершілігін күшейтілетінін атап өтті.

     Ел Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы да өзінің сайлауалды бағдарламасында жемқорлықтың түп-тамыры жойылғанша күрес жүргізілетінін жеткізді.

Осылайша, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мемлекет саясатының басым бағыттарының бірі ретінде айқындалды.

     Бүгінгі біздің кездесуімізге ауыл әкімі Саухимова Сәуле Тулегеновна мен  ардагерлер төрайымы Сыздыкова Асылзат Мукановна келіп отыр. Сөз кезегін қонақтарымызға береміз.

                                                               (қонақтардың сөзі)

         Біз оқу жылының алғашқы күнінде адамның басты құндылықтарын насихаттайтын боламыз. Олар:

  • Адалдық
  • Парасаттылық
  • Әділдік
  • Сенім

Жалпы, бұл қасиетті ұғымдар қазақ болмысына жат емес.

Осы құндылықтардың арқасында туыстас тайпалар бірігіп, Қазақ хандығының негізі қаланды. Ұлан-асыр жеріміз, төл мәдениетіміз, тарихымыз сақталып, бізге аманат етіп тапсырылды.Қазақ хандығын басқарған хандар елде тәртіп, әділдік болсын деген мақсатпен заңдар шығарды. Сол заңдарды бірге еске түсірейік.

                                        (оқушылардың жауаптары)

Әрине, ол «Қасым ханның қасқа жолы», «Есім ханның ескі жолы» және Тәуке ханның «Жеті жарғысы». Қазақ қоғамында қылмыс пен жаза, әрекет пен айыптау мәселелерінің әділдігі, Отанға және отбасыға деген адалдық, жаратушыға деген сенім халқымыздың осы дәстүрлі әдет-ғұрып заңдарымен қамтамасыз етілді.

Еліміздің «Қазақстан-2050» Стратегияда сыбайлас жемқорлық ұлттық қауіпсіздікке тікелей әсер ететін қауіп-қатер ретінде көрсетілген. 2014 жылы 26 желтоқсанда 2015-2025 жылдарға арналған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясы қабылданды. «100 нақты қадам» Ұлт жоспары шеңберінде 2015 жылдың 18 қарашасында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңы қабылданды.

Тікелей Президентке бағынатын жаңадан құрылған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі қызмет етуде.Атаулары көрсетіп отырғандай, Заңның да, Агенттіктің де басты мақсаты – әлеуметтік дерттің алдын алу болып табылады.

     Сыбайлас  жемқорлық деген не? (еске түсірейік)

«Коррупция» (сыбайлас жемқорлық)–латын тілінен аударғанда «бұзу» немесе

 «сатып алу» деген ұғымды білдіреді.«Сыбайлас жемқорлық- бұл жеке мақсаттарында пайда көру үшін мемлекеттік билікті пайдалану»

Стратегияның мақсаттары ретінде келесілер айқындалған:

- жемқорлық масштабын азайту;

- мемлекеттік органдардың ашықтығы;

- квазимемлекеттік және жеке секторлардың ашықтығы.

Квазимемлекеттік деген не? Ол мемлекеттің жеке секторға қатысты негізгі үлгісі бар кәсіпорындар.

 

         Жалпы статистикалық мәліметтерге жүгінетін болсақ, 2016 жылы – 2807, 2017 жылы - 2452, 2018 жылы – 2375, ал 2019 жылдың 7 айында – 1738 сыбайлас жемқорлыққа қатысты қылмыстық құқық бұзушылық тіркелген.

Осы кезеңде біздің облыста 2016 жылы - 209, 2017 жылы - 385, 2018 жылы - 109, 2019 жылдың 7 айында - 56 қылмыстық құқық бұзушылық тіркелген.

Байқағандарыңыздай, жылдан жылға елімізде және өңірімізде қылмыстық фактілер азайып келеді.

Десе де, жемқорлықтың алдын алу жұмыстары белсенді түрде жалғаса береді.

          Transparency International ұйымы – жемқорлықпен күресуге және оның әлем бойынша деңгейін анықтауға бағытталған халықаралық үкіметтік емес ұйым. Ол 1993 жылы Берлин қаласында құрылған. Transparency International ұйымы жыл сайын жемқорлық деңгейіне қатысты мемлекеттердің рейтингін жариялап отырады. Бұл тізімде Қазақстан 2014 жылы 126 орында (26 балл), 2017 жылғы 25 қаңтарда жариялаған құжаттарында 131 орын (29 балл).2018 жылы 31 ұпай жинаған. Жемқорлық деңгейінің көрсеткішін 176 мемлекет арасында жүргізген. Біздің ел әлі де болса коррупция жайлаған елдердің қатарында.

Ұйымның пайымынша, әлемде жемқорлықтан құлан таза ел Дания екен. Ол 2014 жылы ең жоғары деген 100 баллдың 92-сіне ие болып, рейтингтің көшін бастады.

             Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы 21 тамызда өткен «Нұр Отан» партиясының саяси кеңесінде жоғары оқу орындарында студенттер сессияны жабу, жатақханадан орын алу үшін пара беретіндігін жеткізіп, білімді ақшаға сатып алатын жастардың болашағы толғандыратынын айтып өтті.

Білім саласында орын алған келеңсіздіктерді анықтау мақсатында Елбасы жоғары оқу орындарында тексеріс жүргізіп, нәтижелерін қауіпсіздік кеңесінде қарауды тапсырды.

             Еліміздегі барлық мектептерде «Адал ұрпақ» ерікті мектеп клубтары құрылған.

Бұл клубтардың негізгі мақсаты - жалпы адамгершілік және ұлттық құндылықтар аясында өскелең ұрпақтың бойына сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру және оған қарсы тұруға дайын тұлғаларды тәрбиелеу.Біздің өңіріміздің өзінде ғана 300 мыңнан аса мүшелерді қамтитын 903 мектеп клубтары бар.

    Біздің мектепте «Адал ұрпаққа» байланысты 2 жыл бойы көптеген шаралар өтуде. Ол сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатындағы тәрбие сағаттары, сыныптан тыс жұмыстыр, сурет және кітап көрмелері, рөлдік ойындар.( суреттер)

           Бұған қоса, барлық жоғары және кәсіптік-техникалық білім беру ұйымдарында «Саналы ұрпақ» жобалық кеңселері ашылған.

Осы жобаның негізгі мақсаты – білім беру жүйесінде сыбайлас жемқорлықты жою, білім беру жүйесі арқылы сыбайлас жемқорлықтан бас тарту ортасын қалыптастыру.

Ал негізгі міндеттер ретінде келесілер айқындалған:

- білім беру ұйымдарының ашықтығы;

- академиялық адалдық;

- студенттер мен ұстаздар арасында жемқорлыққа қарсы мүлдем төзбеушілікті қалыптастыру.

Бүгінгі күні облысымызда 28 білім ошақтарында «Саналы ұрпақ»  кеңселері ашылған (Халықаралық Қазақ-Түрік университеті, Сырдария университеті, 26 колледж).

       

          Биыл барша ел болып, халқымыздың  ғұлама ойшылы, ұлы ақыны Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойын атап өтудеміз.

Ұлы бабамыз өзінің еңбектерінде адал еңбекті, адал  ара қатынасты  өмірлік ұстаным етуді дәріптеген.

Өзінің отыз үшінші қара сөзінде, ол: «Алдау қоспай, адал еңбегін сатқан, қолы өнерлі қазақтың әулиесі - сол», - деп ойын тұжырымдаған.

Тағы бір өлеңінде: «Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей» деп, жастарды адал жүріп, адал тұруға және адал еңбек етуге шақырды.

Ал, ұлы Абайдың дәстүрін жалғастырушы Шәкәрім қажы адалдық турасында: «Мақтан үшін мал жима, жан үшін жи, Ғибадат пен адалдық ар үшін жи», - деп бақыттың өзі адалдыққа негізделетінін айта келіп, адалдықтың ар біліміне қатысына да ерекше көңіл бөледі.

Адалдық – адамгершіліктің аса маңызды талаптарының бірі.  Ол жалған сөйлемеу, жалтармау, уәдесінде тұру сияқты қасиетті қамтиды. Баланы адалдыққа тәрбиелеу, адал еңбекке, әдептілікке үйретуден басталады

     19 маусымда өткен «Айбын» V Республикалық әскери - патриоттық жастар жиынында Ел Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы: «Өмірде ең бастысы – адамдық парасаттылық, білім, жоғары кәсіпқойлық және өз Отанына адалдық» екенін атап өтті.

Жалпы, жастардың жетістікке жету жолындағы өзегі ретінде мына талаптар бойынша ілгері жылжу маңызды:

• «Сапалы білім»

• «Креативті және жасампаз тұлға»

•  «Жоғары ақпарат мәдениеті»Бәсекеге қабілеттілік»

• «Біліктілік»

Парасаттылық. 24 маусымда Арыс қаласында төтенше жағдай орын алды. Бүкіл қазақ елі Арыстықтарға қолдарынан келген қайырымдылықтарын аямай, үлкен парасаттылықтарын танытты. Қол ұшын созған азаматтардың қатарында танымал отандық кәсіпкер, BI Group құрылыс компаниясының басшысы Айдын Рахымбаев та бар. Ол Арыстағы жарылыстан зардап шеккен тұрғындардың үйлерін жөндеп беруге 100 млн. теңге бөлді. Жүрегі мейірімге толы адам.

              (адалдық, парасатылық, әділдік, сенім туралы мысалдар келтіру)

         Биылғы жыл - «Рухани жаңғыру» жалпыұлттық бағдарламасының жалғасы. Рухани азғындалып бара жатыр деп сөгетін ғасырда өзінің ұлттық мүддесі үшін еңбек ететін, тарихын бағалайтын және болашаққа еш кіршіксіз сенетін рухты жастардың бары қуантады.

Біліммен қаруланған, ақыл - парасаты толысқан адал ұрпақ барда Қазақстанның келешегі жарқын болатындығына сеніміміз мол.

 

 

                                  Тасөткел негізгі мектебі

 

 

 

 

 

 

 

 

                     «А Д А Л Д Ы Қ    С А Ғ А Т»

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                         Өткізгендер: Жолдыбаева Л.Т.

                                                 Суйндык  М.Е.

Просмотров: 7386


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст