«Ақмола облысы білім басқармасының  Жарқайың ауданы бойынша білім бөлімі Тасөткел ауылының негізгі орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Основная средняя школа села Тасоткель отдела образования по Жаркаинскому району управления образования Акмолинской области»

Біз әлеуметтік желілердеміз

   

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Саналы ұрпақ, жарқын болашақ»

01.09.2019

                                             «Еліміздің Конституциясы»

 

Сабақтың мақсаты-Негізгі Заңды мақсатты түрде зерделеу арқылы оқушылардың конституциялық-құқықтық мәдениетін, Конституциялық патриотизмін қалыптастыру және арттыру.

Сабақтың міндеттері: оқушылардың Конституция туралы түсініктерін кеңейту, Конституцияда көрсетілген нормалар мен құндылықтарды құрметтеуге, өз құқықтарын, бостандықтары мен міндеттерін білуге тәрбиелеу, конституциялық патриотизм сезімін дамыту.

Көрнекілігі: интенбелсенді тақта, презентация, суретер

 

Барысы:

Салеметсіздер ме.Бүгінгі біздің алғашқы тәрбие сағатымыз еліміздің Конституциясына арналады. (мақсатымен таныстыру)

 

«Миға шабуыл»

1.Біздің еліміздің 30 тамызда атап өтілетін мемлекеттік мерекесі қалай аталады?

2.Конституция дегеніміз не? ҚР Конституциясы қашан және кім қабылданды?

3.Конституциямен қандай мәселелер реттеледі?

4.ҚР Конституциясына сәйкес мемлекеттің ең жоғары құндылығы?

5.Қазақстан азаматтарының өздеріңізге белгілі құқықтары мен бостандықтары туралы айтып беріңізші?

6.Қазақстан азаматтарына қандай міндеттер жүктеледі?

7.Қандай мемлекеттік билік органдарын білесіздер?

8.Қазақстан Республикасы Президенттігіне кандидаттарға қандай талаптар қойылады?

9.ҚР Парламенті қандай палаталардан тұрады?

10.Парламенттің негізгі функциясын атаңыз?

 

             Ешқандай өркениетті қоғам да бірден сол саналы қалпында болмайды. Кемел дәрежеге жету үшін қай ортаға да өсу, өркендеу сатысынан өту шарт. Біздің тәуелсіз, өркениетті Қазақстанымыз да осындай құқықтық мемлекет сипатына ену үшін көптеген өмір талқысы мен талай заманның сынағынан өтті. Сонау Керей мен Жәнібек іргесін құрған қазақ елінің алған беттерінен бастап, бүгінгі бейбіт заман тынысына дейінгі аралықтарға сахара саясатының салмағы қай елдің ішкі саясатынан да бір мысқал кем емес. Осы сөзімізге дәлел ретінде тарих бетінен өз орнын ойып алған «Шыңғыс ханның үш жасағын», «Қасым ханның қысқа жолын», «Есім ханның ескі жолын», Әз - Тәукенің «Жеті Жарғысын», Баһадүр Абылай ханның атақты қос тізгіндік саясатын алға тартуымызға болады. Бұл ел басқару үлгілері «Тәртіпсіз ел болмайды, тәртіпке бағынған құл болмайды» деген кредоны ұстанған біздің еркіндік сүйгіш халқымыз үшін дала демократиясының басты символы іспеттес. Бүгінгі таңдағы Елбасымыздың ұстанып отырған сындарлы саясаты мен осы игі іске бағыт сілтеп отырған Ата заңымыз - осы жоғарыдағы атап өткен жәдігерлеріміздің заңды жалғасы.

 

              «Конституция» деген сөз латын тілінен аударғанда «құрылғы» немесе «құрылым», «жарғы», «заң» деген мағынаны білдіреді. Бұрын Конституцияны Мәскеудің үлгісімен Основной Закон - Негізгі заң деп келген едік. Тәуелсіз Қазақстанның Конституциясын бірінші болып «Егемен Қазақстан» газеті Ата заң деп атады. Ойлап қарасақ, біздің табиғатымызға осы атау жақын сияқты, өйткені қазақта атадан үлкен адам жоқ, оның әрбір сөзі кейінгілер үшін заң болып есептеледі. Ал, Конституция республикада қолданылатын барлық заңдардың атасы. Конституция дегеніміз - қоғамдық және мемлекеттік құрылыс негіздерін, мемлекеттік органдар жүйесін, олардың түзілу реттілігі мен қызметін, азаматтардың құқықтары мен міндеттерін айқындайтын мемлекеттік заң.

               Конституция «Біз қайда барамыз? Біздің түпкі мақсатымыз қандай? Және біз оған қалай қол жеткізе аламыз?» деген сұрақтарға жауап беруге мүмкіндік беретін қоғам мен мемлекет қозғалысының негізгі бағыттарын анықтайды. Американдық азаматтықты қабылдау кезінде: «Сіз американдық Конституцияға сенесіз бе?» деген сұрақтың қойылатындығы кездейсоқ емес. АҚШ-тың Конституциясы Филадельфиядағы Конституциялық конвентте 1787 жылы 17 қыркүйекте қабылданды және қазіргі түсіністе әлемдегі бірінші Конституция болып саналады.

               Қазақстан Республикасының Конституциясын дайындау және қабылдау процесі

Қазіргі таңда Қазақстанда бесінші конституция жұмыс істейді.

Кеңес дәуірінде үш Конституция қабылданды:

- 1926 жылғы Қазақ АССР Конституциясы;

- 1937 жылғы Қазақ КСР Конституциясы;

- 1978 жылғы Қазақ КСР Конституциясы;

Тәуелсіз Қазақстан Конституциясын 2 рет қабылдады:

-  1993 жылы 28 қаңтар

-1995 жылы 30 тамыз 

1993жыл. Конституция.

- Жаңа мемлекетте пайда болған проблемаларды білдіре алады;

- Басқару жүйесі туралы проблема шешілген жоқ;

- Жоғарғы кеңестің өкілдігіне шек қоймады;

- Президенттің құқықтары шектеулі болды.

1995 жыл.. Конституция.

- Жүйесіз заң актінің құрсауын бұзып, мемлекет құрылысына қатысты жұмыстарды жетілдірді;

- Аз уақыт ішінде қажетті нормативтік материалды іске қосты;

- Заңның ықпалы артты;

- Президенттің атақты билердің қызметін қамтамасыз ететін заң күші бар жарлықтар күшіне енді.

 

Бұл екі заң да халыққа қарсы шықпайды, халықтың еркін білдіреді. ҚР - ның жаңа Конституциясы 9 бөлімнен, 98 баптан тұрады. Ең жоғарғы құндылық - Адам, оның өмірі, құқықтары мен бостандықтары.

К - І Жалпы ережелер

О - ІІ Адам және азамат

Н - ІІІ Президент

С - ІV Парламент

Т - V Үкімет

И - VІ Конституциялық кеңес

Т - VІІ Соттар мен сот төрелігі

У - VІІІ Жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару

Ц - ІХ Қорытынды және өтпелі ережелер

И -

Я -

ҚР Конституциясының ең жоғарғы заңдық күші бар.

Конституцияның 1-бабының 1-тармағында Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады, оның ең қымбат қазынасы - адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары деген Қазақстанның жаңа сапасы айқындалған. 

Бұл мемлекет үшін адам, оның әл-ауқаты туралы қамқорлықтан басқа маңызды міндеті жоқ дегенді білдіреді. Әрбір азамат өзінің құқықтары мен бостандықтарын қорғау үшін конституция, оның нормаларын пайдалана алады.

Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар бес рет енгізілді: 1998, 2007, 2011, 2017 және 2019 жылдары. Мысалы,  өткен жылдан бастап азаматтарды сот санкциясынсыз ұстау мерзімі 72 сағаттан 48 сағатқа дейін, ал кәмелетке толмағандарға қатысты 24 сағатқа дейін қысқартылды.

 Сонымен, ҚР - ның Конституциясы - елдің басты саяси құқықтық құжаты. Заңға бағыну - тәртіп, ал тәртіп бар жерде тәрбие, тиянақтылық сияқты адамға тән қасиеттер бар. Сол қасиеттер қоғам дамуына негіз болады. Өз Отанын танып, сүюі, оның заңдарына бағынуы - бұл әр адамның азаматтық жауапкершілігін сезінуі, өз елінің алдындағы азаматтық борышын орындауы.

Конституция және елімізде іске асырылып жатқан негізгі жобалар:

 

-Мәңгілік Ел (2015 ж; жалпыұлттық патриоттық идеясы Қазақстандық бірегейлік пен бірлікті қалыптастыратын жүйе)

- Рухани Жаңғыру (2017 ж; қоғамдық сананың жаңғыруы Қазақстандық патриотизм, )

 

Неге американдықтар өз елінің Негізгі заңын құрметтейді? Себебі оларда кемел жасты қоспағанда, туғаннан бастап, отбасында, балабақшада, мектепте конституциялық мәдениетті тәрбиелейді, ал Конституция Құрама Штаттардың табысты әрі серпінді дамуының негізі ретінде түсіндіріледі. Әрбір азаматтың құқықтық саладағы бастапқы ұғымдар және мінез-құлықтың стереотиптері туралы (мысалы, өзіне қарсы айғақтар бермеу, үнсіздік сақтау, адвокатқа құқығы және т.б. құқықтары туралы) түсінігі бар. Яғни, Конституция Америкада екінші Киелі кітап ретінде саналады.

Конституцияға деген осындай құрметті Қазақстанда да қалыптастыруға болады.

 

                          ( Сабақ бойы слайдтар көрсетіліп тұрады)

 

Қорытынды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                         Тасөткел негізгі мектебі

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                    Б І Л І М    К Ү Н І Н Е    А Р Н А Л Ғ А Н

 

                                   Т Ә Р Б И Е    С А Ғ А Т Ы:

 

                «Е Л І М І З Д І Ң    К О Н С Т И Т У Ц И Я С Ы»

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                    Өткізген: Жолдыбаева Л.Т.

                                       2019-2020 оқу жылы

Просмотров: 788


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст