«Ақмола облысы білім басқармасының  Жарқайың ауданы бойынша білім бөлімі Тасөткел ауылының негізгі орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Основная средняя школа села Тасоткель отдела образования по Жаркаинскому району управления образования Акмолинской области»

Біз әлеуметтік желілердеміз

   

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Ұлыстың ұлы күні Наурыз мерекесі

04.04.2019

Мақсаты: Ұлыстың ұлы күні Наурыз мерекесі туралы білімдерін тереңдету.            

                 Оқушыларды елін сүюге, дәстүрлі мерекелерді құрметтей білуге  тәрбиелеу.

Көрнекілігі:

                «Наурыз» клип, бейнебаян, суреттер, ән, сызба

 

                                                                  Басрысы:

 

 Кіріспе: Құрметті ұстаздар, қадірлі қонақтар!  Сабағымызды бастамас бұрын интербелсенді тақтаға назар аударайық.

                                                («Наурыз» клипі көрсетіледі 4 мин 56 сек)

-Клипті тамашаладық. Бүгінгі біздің тақырыбымыз қандай? Біз не туралы айтпақпыз?

                                                                (оқушылардың жауабы)

Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мейрамы құтты болсын! Наурыз – көнеден келе жатқан мейрам. Наурыз – бақыттың бастамасы, жақсылықтың жаршысы, өмірге нұр сыйлаған, сезімге гүл сыйлаған, халық қастерлейтін күн. Ұлыстың ұлы күні құтты болсын, ағайын! Бұл той, Ал тойда шашусыз болмайды! Шашу!

                                                                        (шашу шашылады)

- Наурыз мейрамы туралы біз өзіміз не білеміз?

Аяна:

Наурыз – өте көнеден келе жатқан мейрам. Күні бүгінге дейін жер шарындағы көптеген халықтардың дәстүрлі мейрамына айналып отырған бұл мерекенің қашаннан бері тойланып   келе жатқанын дәл айту қиын. Бұл күні күн мен түн теңелетін, жан-жануарлар төлдеп, адамдардың аузы аққа тиетін, жер үстінде шаттық орнаған күн. Қазақ елі осы күнді «Ұлыстың ұлы күні » деп атаған. Наурыз сөзі парсы тілінің «Нау – жаңа», «руз — күн» деген сөздерінен қалыптасып, жылдың бірінші күнін білдірген. Ал қазақ тілінде «Наурыз» сөзі біріншіден жыл басына байланысты думанды халықтық мейрам, екіншіден Наурыз айы, үшіншіден Наурыз күні жасалатын көжеге қатысты айтылған.

 

Тақтаға назар аударайық.( «Наурыз тойы Астанада» бейнебаян 4 мин)

-Наурыз қалай тойланады. Бейнебаянда не көрдік? (оқушылардың жауаптары)

 

2010 жылдың 10 мамырынан бастап Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясының 64-қаулысына сәйкес 21 наурыз - «Халықаралық Наурыз күні» болып аталып келеді.

Осындай ұлық мерекені тек қазақ халқы емес, сонымен бірге Орта Азия мен түркітілдес өзге елдер де тойлайды екен..

Бізге қазақ халқының Наурыз мейрамын тойлау дәстүрі мәлім, ал өзге елдердікі ше? Олар да біз сияқты бұл мейрамға аса назар аударып, ерекше көңіл бөле ме екен? Қазір біз сендермет көптеген пайдалы мәліметтер аламыз.

Әділ. Түрік елі: Ежелгі түріктер Ұлыс күндері жаңа киімдерін киіп, сақал – мұрттарын түзеп, шаштарын алады. Алты күн садақ тартып машықтанған соң, жетінші күні алтын теңге – «жамбы» атып жарысады. Егер кімде-кім жамбыны бірінші боп атып түсірсе, сол адамға «бір күн» патша болуға, ел билеуге ерік беріледі.

Мақсат. Иран елі:  Иран патшасы Наурыз күні қол астындағы адамдардың біріне патша шапанын сыйға тартады екен. «Құлға бір күн азаттық» деген сөзде осы бір көне рәсімге қатысты болса керек.

Мұсылман дініне дейін Күнге табынған иран елдері Наурыз күні сөзінің бас әрпі  «шинмен» басталатын жеті түрлі затты дастарханға қоятын: шарап, шир (сүт), шырын, шекер, шербет, шам, шона (тарақ). Ежелгі ирандықтардың түсінігі бойынша шарап – өрлеу, сүт – пәктік, тәттілер – шаттық, шекер – ризалық, шербет – демалыс пен қонақжайлылық, шам отқа табыну, тарақ – әйел сұлулығы

Аяна. Ауған елі: Ауғандарда Жаңа жылды мейлінше шаттық – құрметпен қарсы алады. Ауған елінде «алғашқы түрен» — «кулькабаши» деп аталатын ғұрып бар. Ол бойынша шаруалар егіс алқабына барып, алғашқы түрен түсіреді, ал соқаның соңынан сый – құрметі мол шаруалар еріп жүреді. Жеті күн бойына жеті түрлі жемістерден аса дәмді сусындар жасалады, міндетті түрде жаңадан киім – кешектер тігіледі, осыған орай бүкіл елде жаңа жыл «жаңа киім күні» деп аталады.

Сапарғали. Парсы елі:  Парсы тілдес халықтар Наурызды бірнеше күн тойлаған. Олар бұл күні әр жерге үлкен от жағып, отқа май құяды, жаңа өнген жеті дәнге қарап, келешек егін жайлы болжам жасайды. Жеті ақ кесемен  дәстүрлі ұлттық көже «сумалақ» ұсынады. Соқа мен жер жыртады,  ат шаптырып, жамбы атысып жарысады. Ескі киімдерін тастап, ұсталған шыны – аяқты сындырады. Бір – біріне гүл ұсынып, үйлерінің қабырғасына дөңгелек ою – «күн» белгісін салады, үйдің тіреу ағашына гүл іледі.

Әділ. Үнді елі:      Үндістанда жаңа жыл бір жылда он рет тойлап өткізіледі.  Оңтүстік Үндістанда бұл той түрі наурыз айында басталады, үйлер өрілген гүлдермен айшықталады.

Жақсы, рахмет. Ал енді өз елімізге оралайық.

1) Наурыз күні дастархан үстінде қандай тағамдар болуы керек? (Жауабы: Наурыз көже, бауырсақ, жеті нан, қазы-қарта т.б.)

2) Жыл басының алғашқы сүті қалай аталады?(уыз)

3) Қыдыр ата қай күні адамдар арасына келетін болған?  (Жауабы:  21 наурыз)

 4) Ертеде жеті жігіт жеті шырақ жағып, ауылды аралайды екен. Неліктен? (Жауабы: Жаманшылық ескі жылмен кетсін деген ниетпен жеті шырақ жағып ауылды аралаған.)

5 ) Ұлттық ойындарды ата? (алтыбақан,ауыдарспақ, қыз қуу, ат жарыс, теңге алу, ақсүйек,тоғазқұмалақ)

                                                              ( Алматыдағы Наурыз 3 мин)

-Астана мен Алматыдағы Наурызды көрдіңдер. Айырмашылығы бар ма? (жауаптары)

 

 

НАМА

 Ал қазір  Наурыз-сұрақ басталады. (тақтада сызба ілініп тұрады)

 

 

 

НАУРЫЗ

КӨК

ТӨЛ

БАТА

ША

КӨЖЕ

ШЕШЕК

 

 

 

 

 

 

 

 

 

  1. Наурызнама – шат – шадыман, ойын-сауық. Тойда ат – жарыс, палуан күрес, басқа да спорт сайысы, айтыс, түрлі ойындар өткізіледі, көңілді жұмбақтар, ән, өлеңдер, наурыз жырлары айтылады. Наурызнамада қыз – жігіттер жиналып, бас қосып, ұйқыашар әзірлейді. Ол ет, уыз сияқты дәмді тағамдардан жасалады. Жігіттер қыз – келіншектерге сақина, сырға, айна, тарақ сияқты сыйлықтар береді. Оны «селтеткізер» деп атайды
  2. Наурыз төл дегенді қалай түсінесің?
     (Наурыз төлі)
  3.  Наурыз көже қалай жасалады?
    Наурыз көже – Наурыз тойына тән көпшілікке арналған мерекелік тағам. Оны әр үй жеті түрлі дәмнен: сүт, ет, су, тұз, тары, құрт, жеміс, т.с.с тағамдардан жасап, оған қазы шұжық сияқты сыйлы мүшелер қосып, мерекемен құттықтауға келгендерге ықыласпен ұсынады.
  4.  Наурызша деген қандай мағына береді?
    (Наруыз айында жұп-жұқа қиықша қырбық жауған қар
  5.  Наурызкөк – наурыз айында ұшып келетін көктем құсы. Қарасы шағын ғана, осы құсы шығыс елі күтіп жүреді. Оны алғаш көргендер «Наурыз келдің бе?» деп шақырып, жем шашады. Наурызкөкті ешкім қумайды, үркітпейді.
  6. Наурызшешек – наурыз айында  өсетін жапырақты түрлі – түсті гүлді, қауашақты әсем шөп. Майының дәрілік қасиеті бар. Қазақстанның таулы аймақтарында оның бірнеше түрі өседі. «Наурызшешек» «Қызыл кітапқа» енген, сирек кездесетін, бағалы өсімдік.

7. Наурыз бата-мереке, тойларда айтылатын жақсы тілектер.

Наурыз  бата (Мақсат)

 

Сұрасаң бата берейін,

Үстем болсын мерейің.

Ықыласпен қол жайсаң,

Ақ тілекті төгейін.

Ұлыс оң болсын,

Ақ мол болсын!

Қайда барсаң жол болсын!

Ұлыс бақты болсын,

Төрт түлік ақты болсын!

Ұлыс береке берсін,

Бәле – жала жерге енсін!

Ұлы халқым тоқ болсын,

Көйлектерің көк болсын!

Уайым – қайғы жоқ болсын,

Қуаныштарың көп болсын!

 

 Рахмет.

Ілесіп наурыз бен көктем жетсін
Көңілін үлкен кіші көкке өрлетсін
Еңсесі көтеріліп әр азамат
Ескі жылмен реніш өкпең бәрі кетсін деп Наурыз жыл басы құтты болсын. Жаңа жыл тек қана жақсылығын, жаңалығын әкелсін. Ақ мол болсын. Халық тоқ болсын. Еліміз тыныш болсын. Баршамызға бақ қонсын.

Просмотров: 313


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст