Тасөткел негізгі мектебінің оқу және тәрбие үрдісі бойынша
жұмыс жоспарының I жартыжылдық қорытындысы
2020 – 2021 оқу жылының I жартыжылдық Тасөткел негізгі мектебінің ұжымы «Оқу үрдісінде жаңа технологияларды қолдана отырып, жас ұрпаққа сапалы білім, сапалы тәрбие бере отырып, бәсекеге қабілетті жеке тұлғаны дамыту және қалыптастыру» тақырыбында жұмыстар жүргізді.
Қазіргі заманғы оқыту мен тәрбие үрдісінде көптеген өзгерістер әкелуде. Бұл өзгерістер әрбір білім мекемесінің, әрбір педагогикалық ұжымның өзіндік келбетін, өзіндік тәрбиелік жүйесін құру қажеттілігін, мұғалімнің іс-әрекетін жаңаша ұйымдастыруын талап етеді.
Алға қойылған мақсаттарымен міндеттерді қабылдай отырып, Тасөткел негізгі мектепте бір ауысымда барлығы білім алушылардың саны 33 оқушы
Бастауыш кезеңінде 1-4 сыныптарда және даярлық тобында – 16 оқушы (5 сынып-комплект), негізгі орта кезеңде 5-9 сыныптар – 17 оқушы(2 сынып-комплект)
Биылғы оқу жылы ағымында 1 оқушы шығып кетті, келген балалардың саны – 3. Былтырғы контингентпен салыстырғанда 34 оқушыдан 33 оқушыға азайып, яғни теріс динамика байқалды.
Мектептегі әкімшілік жұмысының негізгі бағыты кадрлық құрамын нығайту қызметі болып табылады.
Мектептің педагогикалық кадрлық құрамының саны қажеттілікке байланысты анықталады (2018-2019 оқу жылы - 14 мұғалім, 2019-2020 оқу жылы – 10мұғалім), осыған орай 2020-2021 оқу жылында 15 адам анықталды. Осы аталған мектептің 15 мұғалімне оқыған орнынан растау хатын алып Аудан Білім Бөліміне жіберілді. Сонымен бірге сыртай оқып жатқан мұғалімдерге Жанғылышев С Н және Суйндык М Е жоғары оқу орнынан оқу туралы анықтамалары керек.
Педагогикалық кадрлардың білім деңгейі бойынша
Жоғары біліммен – 11
Арнаулы орта біліммен - 4
оның ішінде санаты бойынша
жоғары – 2
бірінші – 1
екінші - 1
сонымен бірге педагогикалық шеберлік бойынша
педагог – зерттеуші – 1
педагог – сарапшы – 2
педагог – модератор – 2
санатсыз – 6
Мектеп бойынша барлығы 11 ставка, ал орта есеппен алғанда, педагогикалық кадрлық жүктемесі 12 сағатты құрайды немесе орташа жүктеменің 68% құрайды.
Мұғалімдердің қайта даярлау курсынан өткенде мұғалімдердің аттестаттаудан өту мерзімі, сондай-ақ олардың жұмыс нәтижелері есепке алынады. Білім беру сапасы төмен мұғалімдерге курстық даярлық бойынша біліктілікті арттырудан жоспардан тыс ұсынылады. Ағымдағы оқу жылында жоспарлы түрде 90% мұғалімдер саны курстық даярлықтан өтуі қажет, себебі пән бойынша курстан өткен соңғы жыл – 2017 болып табылады.
Осы оқу жылында аттестаттаудан өтудің жоспарына сәйкес 5 мұғалім жоспарлы түрде және 2 мұғалім мерзімінен бұрын өтініштерін берді.
Мектеп жүйесінің жұмысының нәтижелері оқушылар мен түлектердің білім сапасымен, жетістік деңгейімен және әлеуметтену деңгейімен сипатталады. Педагогикалық ұжым құрамы алдында білім беру ортасының инновациялық потенциалы негізінде сапа көрсеткіштерінің үнемі жақсаруын қамтамасыз ету міндеті тұр.