Сынып: 8 – 9
Күні: 12. 02. 2019
Тақырыбы: Кім болғым келеді? Заманауи мамандықтар атласы
Мақсаты: мамандықты саналы таңдау дағдыларының қалыптасуына жағдай жасау.
Міндеттері:
Құрал – жабдықтар: топтық жұмысқа және тес толтыруға арналған бланктер, «Адамдар жұмыстан не іздейді?» кестесі.
ТРЕНИНГТІК САҒАТТЫҢ БАСЫ
«Кімнің кім екені...» сергіту ойыны (3мин)
Ойын басталмас бұрын мұғалім балалардан оларды қандай мамандықтар көбірек қызықтыратын сұрап алып, тақтаға жазып қояды (шамамен 5-7). Содан соң осы тізімдегі мамандықтарды атайды.
Мұғалім: «Қазір мен мамандықтарды атап шығамын (тақтадағы тізімнен), ал сендердің әрқайссың бірнеше секунд ішінде өз сыныптастарыңа қарап шығып ол мамандық көбірек кімге сәйкес келетінін анықталуларының керек. Содан соң мен алақан соққан кезде барлығы бір мезгілде таңдалған адамды (аталған мамандыққа көбірек сәйкес келетін) қолмен көрсету керек. Барлығы сыныптасын қолмен нұсқаған күйінде қатып қалуы керек, ал мұғалім әр адамға шамамен қанша адам нұсқап тұрғанын, яғни бұл мамандыққа кімнің бейнесі көбірек сәйкес келетінін анықтайды.
АҚПАРАТТЫҚ БӨЛІМ (9БӨЛІМ)
Өзектілігі
Біз ойынымыздан соң қандай да бір нақты мамандыққа кім көбірек, кім азырақ сәйкес келетін түсінеміз. Жақын арада сіздер 9 сыныпты бітіресіздер және сіздер өздеріңіздің әрі қарайға жолдарыңды таңдау керек боласыздар: оныншы сынып немесе жұмыс, колледж немесе т.б. біреулеріңіз ол таңдауды саналы және өз бетінше жасайды. Ал біреулер әлі де өзіне не қажет екенін білмейді. 9 сынып оқушылары көптеген формулалар, теоремалар, ережелер, заңдарды біледі, күрделі есептерді шеше алады және әдеби кейіпкерлерге баға береді, бірақ кез-келгені «мен қандаймын?» «кім болғым келеді?» деген қарапайым сұрақтарға жауап бере алмайды. Ал әлемде 50000-нан аса мамандықтар бар. Өмір жолын таңдау, мамандық таңдау – белгісізі көп есеп. Ол есепті қалай қателеспей, дұрыс шешуге болады?
//Оқушылардың жауабы//
АҚПАРАТТЫҚ БЛОК
Мамандық таңдауды саналы түрде жасау керектігінің 2себебі бар: біреуі бұрыннан бар, ал екіншісі жақында пайда болған.
1. Дұрыс таңдау маңызды, себебі әйтпесе қателесуің мүмкін.
Егер өзің таңдамасаң – «дасыңмен бірге», «сән бойынша», ата-ананың кеңесімен қайда баратынын бәрібір – онда бұл жағдайда қателесу ықтималдығы жоғары. Адамдардың көбі мұны кеш түсінеді, сосын өзіне ұнамайтын жұмыста қиналады. Мұндай адамдарда әдетте ақша аз, күйзеліс көп, олар ашуланшақ және үнемі ауырып жүреді. Өзіңізге ойша жауап беріңіз:
Ең жек көретін сабағың қайсы? Айталық, ол химия сабағы. Ал енді, сол химия сабағы күніне 8сағат, аптасына 6күн, жылына бір ай қысқа демалыспен өтетінін елестетіп көріңіз – және осылай өмір бойы! Ал өзгерту қиын: отбасын асырау керек, ұнатпайтын жұмысты бірден тастап кетуге болмайды – басқа мамандыққа оқу уақыт алады және жұмыссыз қалуың мүмкін.
2. Екінші себеп біздің уақытта пайда болды: жұмыссыздықтың жоғары деңгейі (ресми тіркелгеннен көбірек), сондықтан еңбек нарығындағы бәсекелестік жоғары және соның кесірінен өмірден тыс немесе «қоғамның түбінде» қалып қаупі бар.
Сонымен біз мамандық таңдау керектігін және олардың әрқайссы ерекше қабілеттерді талап ететінін білеміз. Ал енді соны өзімізден қалай анықтаймыз және дамытамыз? Мамандық талантты талап етеді, ал ол адамға не береді? Менің өмірдегі алға жылжудағы келешегім қандай болмақ? Осы және басқа да сұрақтар туындайды және өмір жолын таңдағанда оларды ескеру керек.
ПРАКТИКАЛЫҚ БӨЛІМ (20МИН)
«Мамандықтар – зейнеткерлер» миға шабуыл
Кей мамандықтар қазір жоғалып кеткен. Соларды атай аласыздарма? Оқушылар жоғалып кеткен мамандықтарды атап шығады (мысалы, жәмшік, себебі арбаны автомобильдер ығыстырды; тоқымашы, себеі тоқу станоктарын қол еңбегі ығыстырды және т.б. сонымен қатар соңғы кезде өзгеріске ұшыраған мамандықтар бар, қандай? Оқушылар жауап береді (мыс фотограф, себебі үлдірлі фотоаппараттардың орнын цифрлық фотоаппараттар басты; дәрігер, себебі сырқат диагностикасын жасау үшін УДЗ аппараттары, биорезонансты, изотопты диагностика қолданылады; бағдарламашы, себебі қазір жобалауды автоматтандыру жүйелері, бұлтты технологиялар қолданылады және т.б.)
«Болашақ бейнесі» жаттығуы
Кейбір мамандықтардың зейнеткер қатарына енгенімен бөлек, әлем бір орында тұрмайтыны себепті болшақта әзірге жоқ мамандықтар қажет болуы мүмкін. Ал бізге 1-2 жылдан соң жоғары білім алу керек және таңдауды қазірден жасау қажет. Сондықтан бұл таңдауды саналырақ жасау үшін біз сіздермен кішкене ойын ойнаймыз. Әр оқушы болашақтың мамандығын алады. Сіздердің міндеттеріңіз – ол мамандық өкілдері немен айналысатынын және қандай салада жұмыс істейтінін анықтау. Мұғалім мамандық атауларын каточка таратады (ресурстық материалды қараңыз) және топтық жұмысқа уақыт беріледі.
Талқылау
//Оқушылар қысқаша жауап береді.// Мұғалім оқушылардың айтқанын жалпыландырады:
«Сіздер талқылаған мамандықтар болашақтағы мамандықтардың мысалдары. Үйде сіздер «Жаңа мамандықтар атласы» авторлары белгіленген түрлі бағыттардың тізімімен толығырақ зерттей аласыздар. Ол мына сайтта берілген: http://atlas100.ru сіздер осы кезге дейін өздеріңнің болашақ мамандықтарың туралы ойланған боларсыздар. Мүмкін бүгін сіздер мамандықтар туралы білімдеріңізді кеңейтіп, болашақта оқу бітірген соң айналысқың келетін нәрсені табарсыз..»
«Болашақ мамандандыру» жаттығуы
Мұғалім оқушыларға 5 топқа бөлінуді және әр топқа мамандардың бір бағытын таңдауды ұсынады. Бес мамандықтар бағытының тізімі: Медицина, АТ-секторы, құрылыс, туризм және қонақжайлылық, медиа мен ойын-сауық. Осылайша, оқушылардың әр тобында өз қызмет саласы болады. Алдымен бар мамандықтардан бөлек тағы қандай мамандықтар алдағы 10 жылдықта қажет болатынын болжаңыздар. Қағазға өз көзқарастарыңызды жазыңдар. Әр топ өкілі өз нәтижелерін ұсынады.
Мұғалім «Жаңа мамандықтар атласы» авторлары белгіленген мамандықтар жазылған карточкалар таратады (ресурстық материлды қараңыз). Балалар, енді сіздер қай мамандықтарды таңдағандарың қандай мамандықтар ұсынылғанын салыстырыңдар. Сәйкестіктер көппе? Оқушылар жауап береді.
Талқылау
Сонымен біз түрлі салаларға қандай дағдылардың керектігі туралы сынып пікірін көріп отырмыз. Байқасаңыздар, олардың кейбірі сәйкес келеді. Ал енді сарапшылар не анықтағанын, болашақтың мамандарында қандац машықтар болу керектігін көрейік. Мұғалім «Болашақ мамандарының дағдылары» плакатын іледі (ресурстық материалды қараңыз). Егер сендер әлі өздеріңе қандай мамандық сай келетінін білмесіңдер, онда сендер осы дағдылардың қайсысы сендерге жақын екенін, не істей білетініңдерді немесе нені болашақта меңгере алатындарыңызды көре аласыздар. Оқушылар мұғалім көмегімен ұсынылған дағдыларды талқылай отырып болашақ мамандықтартарының бейнесін және плакатқа сәйкес оған қажетті дағдыларды елестетеді.
Миға шабуыл
Кейбір мамандықтардың жойылып кететінін түсініп және болшақтың мамандықтарының кей дағдылары бойымызда бар екенін анықтаған соң, қайта «Өзіме сай мамандықты қалай таңдаймын?» деген сұрақтар туындайды. Оқушылар өз жауап нұсқауларын ұсынады: қызығушылық, қабілет, талант, бейімділік, ұмтылыс, айналадағылардың кеңесі, тестілеу, диагностика т.б.
Мұғалімнің түсіндірмесі «Мамандық таңдау»
Сәйкесінше, өз болашақ мамандығыңды дұрыс анықтау үшін өзіңді не қызықтырады, қолыңнан не келеді және қазіргі қоғамның сұранысын түсіну керек. Мұғалім мамандық таңдауға Е. А. Климовтың танымал «Болғым келеді, қолымнан келеді және қажет» тәсілін ұсынады, тақтаға қиылысатын үш шеңбердің суреті бар плкат ілінеді.
Болғым келеді – бұл саған ұнайтын, қызық, сен лаззат алатын, икемің бар нәрсе |
Қажет – қоғамға қажет, сұранысқа ие немесе болашақта керек болатын мамандықтар |
Қолымнан келеді – сен жасай алатын нәрселер |
Барлық 3шеңберді толтырып болған соң қай өрістен өз бейімділіктеріңізді іздеу керектігін анық елестете аласыздар. Мысалы, егер сізге музыка ұнаса, сіз ән айта алмасаңыз, әнші болуға тырыспай-ақ қойған жөн болар. Немесе сізге қалам коллекциясын жинаған ұнауы мүмкін, бірақ бұл әуестікке қоғамда сұраныс жоқ. Ал, егер сіздің математикадан жақсы біліміңіз бен қабілетіңіз болса, сіз сандармен, есептеулермен және қағаздармен жұмыс істеуге бейім болсаңыз, бәлкім сізге аудитор немесе брокер және т.б. мамандықтар ұнап қалар. Әрине бұл сіз тек осы өрістермен шектеліп қаласыз деген сөз емес. Сіздің әрқашан жаңа нәрсе үйренуге, жаңа машық меңгеруге мүмкіндігіңіз бар бар және соған орай көкжиегіңіз де кеңейеді. Оның үстіне әр онжылдықта көптеген жаңа мамандықтар пайда болып, бірнеше ескілері жойылады.
ҚОРЫТЫНДЫ БӨЛІМ (8МИН)
Рефлексия
Оқушылар қандай жаңа нәрсе білгендерін, бойларын қандай сезім мен эмоция билегенін Білім алушылар мұның не жайлы және не үшін қажет екендігі, қандай жағдайда керек болатындығы жайында өзіндік қорытынды жасайды. Әрбір оқушы бір ауыз сөзбен өз сезімдері мен көңіл – күйлері, қандай ойлармен бөлісетіні туралы айтып береді.
Рефлексияны былайша әсерлі аяқтауға болады: Білім алушы алға қарай бағыт алып, оң қолын алға созады. Барлық қол бір орталыққа жиналған кезде «Біз бір командамыз» деп бірауыздан айтады.
Үй тапсырмасы
http://atlas100.ru cайтынан «Жаңа мамандықтар атласын» қарау, мамандықтар туралы оқып, болашақта осы атластағы мамандықтардың бірінің иесі болғың келеме, сол туралы ойлау. Неліктен? Мұндай маман немен айналысады? Үш шеңбердң толтырып көру керек: болғым келеді, қолымнан келеді, қажет шеңберлерін толтырып көру. Осы үш шеңберді қалай теңгеруге болатыны туралы ойлану.
ТРЕНИНГТІК САҒАТТЫҢ СОҢЫ
Ресурстық материал
«Болашақ бейнесі» жаттығуына оқушыларына ұсынылатын мамандықтар мысалдары: биоэтик, тірі жүйе архитекторы, агрокибернетик, кросс-логистика операторы, қолжетімді ортаны жобалаушы, техно – стилист, экотәлімгер.
Кәсіп таңдау кезінде қандай қателіктер болады?