8 наурыз «Халықаралық әйелдер күніне» арналған «Ана – өмірдің гүлі» атты мерекелік жиынның есебі
Тасөткел негізгі мектебінде 8 наурыз «Халықаралық әйелдер күніне» арналған даярлық және 6-7 сыныптардың ұйымдастыруымен «Ана – өмірдің гүлі» атты мерекелік жиын өтті. Жиынның басын мектеп директоры Жумабекова Б. Т. бастап ашып берді. Даярлық сыныбы аналарына арнап өлең шумақтарын айтып, 1 және 2 сынып оқушылары Сатай С., Қайсар А., және Қайсар С. әжелеріне арналған тақпақтарын айтып әжелерін қуантты. Сонымен қатар, оқушылардың әжелерінің қатысуымен ойын ұйымдастырылды. Даярлық сыныбы аналарына арнап ағылшын тілінде ән арнап аналарын сүйсіндірді. 4сынып оқушылары Бекжан Қ., Сабырбек Е. анасына арнап жыр шумақтарымен бөлісті.
6-7 сынып оқушылары «Первое слово – мама» әнін орындап, өз өнерін паш етті. Мектептің ұстаздарына арнап жыр-шумақтарын айтып, арнаулы ашық хаттарын берді. Мектеп аналарының қатысуымен «Мақалды жалғастыр», «Ситуациялық сұрақтарға жауап беру» деген 2 кезеңнен тұратын ойын өткізілді. Аналар белсенділік танытып, ұтқыр ойларымен бөлісті.
Белсенді қатысқан аналар мен әжелер «Дана әже», «Қамқор әже», «Көрегенді әже»,
«Биязы ана» «Мейірімді ана», «Парасатты ана» номминацияларына ие болып, мадақтама қағаздарын алды.
Жиын соңынада аналар атынан Кульжан Л. сөз сөйлеп қорытындылады. Мектептің ару қыздары мен жұмыскерлеріне арнап 6-7 сынып оқушылары «16қыз» атты әнін орындап жиынды аяқтады.
ТІМ Шанатова Р. А.