Кештің тақырыбы: «Тәуелсіздік деп соғады
жүрегіміз»
1 - жүргізуші: Армысыздар, құрметті ұстаздар,
оқушылар және қадірменді қонақтар! Бүгінгі «Тәуелсіздік деп соғады жүрегіміз»
атты мерекелік кешімізге қош келдіңіздер!
2 - жүргізуші:Тәуелсіздік - бастауы бар
бақыттың
Тәуелсіздік - ұлтың менен ұраның
Шартарапта шаттығындай азаттық
Ғасыр сүйіп тұрғандайын ғажап күн
Көк байрағы, Елтаңбасы, бірлігі
Шалқи берсін Әнұраны қазақтың
Әнұран орындалады
(видео1) – 1:49
1 - жүргізуші:Азат өлкем күндей күлген шығыстан,
Асыл елім жан - жүректі ұғысқан.
Ата бабам аңсап өткен бақытым,
Айналайын, Қазақстан - Гүлстан!
Құттықтау сөз кезегі мектебіміздің директорына
беріледі.
2 - жүргізуші: Қазір бұл күн Қазақ халқы үшін ұлы күн, әрі қайғылы, әрі
бақытты күн. 1986 жылғы желтоқсан оқиғасы
Қазақ
халқында бұрын болмаған ең ауыр да, әділетсіз
көтерілістің бірі.
(видео 2) – 2:19
1-жүргізуші:Енді міне, осы Желтоқсан
көтерілісіне қатысқан
ағаларымыз бен апаларымыз үш ғасырға жуық
уақыт
бойы армандаған тәуелсіздікке қол жеткізді.
(видео3) – 0:30
2 - жүргізуші: Кең байтақ,
көз жетпейтін жерім менің
Таулы орман, жасыл жайлау көлім менің
Бүгінде бар әлемге даңқың жетті
Тәуелсіз Қазақстан – елім менің
(видео4) – 1:09
видео всего 6 мин
песня __________________
стихи __________________
танец___________________
песня __________________
стихи___________________
танец___________________
песня___________________
1 - жүргізуші: Қазақ елім! Туды жастық дәуірің.
Алғандайсың жұлдызыңның жарығын.
Тәуелсіздік құтты болсын, қымбаттым,
Туған күнің құтты болсын, алыбым!
Тәуелсіздігіміздің тұғыры биік, халқымыздың
еңсесі жоғары, егемендігіміз баянды болсын деп тілейік, ағайын. «Тәуелсіздік
деп соғады жүрегіміз» атты мерекелік кешіміз өз мәресіне де келіп жетті.Келесі
кездескенше сау саламатта болыңыздар!