«Ақмола облысы білім басқармасының  Жарқайың ауданы бойынша білім бөлімі Тасөткел ауылының негізгі орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Основная средняя школа села Тасоткель отдела образования по Жаркаинскому району управления образования Акмолинской области»

Біз әлеуметтік желілердеміз

   

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Тасөткел ауылының негізгі орта мектебінде «Жаңа технологияларды пайдалану негізінде оқушылардың қабілеттерін дамыту және үйренуге деген қызығушылықтарын арттыру» тақырыбында қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы пәндер апталығы

13.12.2021

Тасөткел ауылының негізгі орта мектебінде «Жаңа технологияларды пайдалану  негізінде оқушылардың қабілеттерін дамыту және үйренуге деген қызығушылықтарын арттыру» тақырыбында  қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы пәндер апталығы 06.12.-10.12.2021 ж. аралығында болып өтті.  Акт залда аптаның ашылу салтанаты болды, онда мұғалімдер мен оқушылар апталық іс-шара жоспарымен танысты. Апталықтың ашылуында оқушылар биылғы ҚР Тәуелсіздікгіне-30 жылдығына патриоттық әндер мен Отан, туған жер,тіл туралы өлең айтты. Пән апталығының мақсаты: Оқушының интеллектуалды және шығармашылық қабілеттерін дамыту;                                                             Жаңа педагогикалық технологияларды сабақ үрдісінде қолдану нәтижесінде оқушылардың білім сапасын арттыру,мұғалімдердің шығармашылық ортасын қалыптастыру және кәсіптік шеберлігін шындау мақсатында, жоспарланған ашық сабақтар мен сыныптан тыс іс-шаралар өткізілді.                                                                               Өз бойында туған халқының болмысын жинақтаған, өзге халыққа құрметпен қарайтын, өзіне де айналасына да сүйіспеншілікпен қарай білетін ұрпақ тәрбиелеу – заман талабы.                                                                                         06.12. күні Абдимуратова Р.Ж.9-сыныпта  «ЭКСПО-2017»-Қазақстанның мақтанышы  тақырыбында қазақ тілінен ашық сабақ өтті. Бұл жаңартылған сабақ.Сабақ құрылымы жаңа материалды зерттеу,сондай ақ бұрын алынған білімдерін қолдана білді. 07.12. күні Жумабекова Б.Т. 6 сыныбына 3-сабақта А.Құнанбаев «Отыз бірінші қара сөз» тақырыбында қазақ әдебиетінен ашық сабақ өткізді. Мұғалім сабағында түрлі тәсілдерді мультимедиалық презентация пайдаланды.Жеке, жұптық, топтық жұмыстар орындалды. Оқушылар жеке тапсырманы қызығушылықпен орындады. 08.12.күні Оспанова А.С. «Сақтардың шаруашылығы мен қалыптасуы» 5-сыныпта тарих пәнінен ашық сабақ өткізілді. Мұғалім жаңа сабақты түсіндірді және  сәйкестендіру,кестені толтыру,тарихи диктант әдістерін қолданды.Сабақ өте тартымды өтті.09.12күні  9-сыныпта «Белый пароход» орыс тілі пәнінен ашық сабақ өтті. «Кеме» тақырыбына кластер құрастырып,оны қорғай алды.Сұрақтарға жауап берді. Оқушылар өткізілген барлық  пәндер бойынша, ашық сабаққа белсене қатысты.                                                                                                            Қазақ тілі – өміріңде, өлеңде,
Қазақ тілі – тамыр жайған тереңге.
Қазақ тілі болашаққа жетелеп,
Ұрпақтарды танытады әлемге,- дегендей, мемлекеттік тіліміздің мәртебесін көтеру мақсатында  5-9 сыныптар аралығында «Зерделінің ойы озық», «Қызықты қазақ тілі әлемі», «Жас тарихшы» тақырыбында танымдық ойындар өткізілді.Ойындар  кезеңнен тұрды ойынға 5- 9-сынып  оқушылары  қатысты. Әр кезең сайын ең аз балл жинаған топ ойыннан шығып отырды,қорыта келе «Мәңгілік ел», «Сұңқар» тобы 1 орынды  иеленді. Сөзжұмбақтар мен «Тайны русского языка», тақырыбында өлеңдер сайысы өтті.  10.12 күні «Ұлы ұстаз ұлағаты» атты, қазақтың аса көрнекті ағартушы-педагогі  Ыбырай Алтынсарин әдеби кеші өткізілді. Әдеби кеште оқушыларға тіл білімінің негізін салушы, ұлт мақтанышының өмірі,еңбектері,шығармашылығымен  таныстырылды.  Апталыққа жақсы атсалысқан оқушылар марапатталды. Жеңімпаздар мадақтамалармен марапатталды.

Өз тілімдей тіл қайда еркін басар?

Тілім барда еркіме кім таласар?

Туған тілім күрмеліп әлсіресе

Ыстық қаным суынып, сиқым қашар

Қазағымның бұзылмай тұр қаймағы

Қақ төрінде желбірейді көк байрағы

Қазақ тілін әлем танып сыйлайды

Ана тілде әнұраным сайрайды!

Просмотров: 388


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст