Тасөткел ауылының негізгі орта мектебінде 5-сыныпта «Жол жүру ережелерін сақтаймыз» атты сынып сағаты өтті
Сабақтың мақсаты: Оқушыларды жол белгілерімен, жолда жүру ережелерімен таныстыру.
Жол тәртібін бұзба, ол қатер тудырады. Жолдың қалыпты қозғалысы көбінесе балалардың
- жол бойында қалай болса солай жүріп,
- доп қуалайтыны,
- ролик тебетіні,
- жүріп бара жатқан машинаға жабысатыны,
- қалтарыстан жолға шығып келетіні салдарынан бұзылады екен.
Жол тәртібін бұзғандықтан кейбіреулер машина дөңгелегіне ілініп қаза тауып, кейбіреулері жарақат алады. Ал кейбіреулері өмірлік мүгедек болып қалады.
Сондықтан әрбір оқушы мектепте оқылатын «Жолда жүруережесі» тақырыбындағы сабақты мұқият тыңдап, әр сабақтан қорытынды жасап отыруға міндетті.
Үлгілі, тәртіпті оқушы көшеде, жолда жүру ережесін, заңын бұзбайды