Жаратылыстану-математикалық пән апталығында .
Н.Назарбаев: «Бәсекеге қабілетті қоғам орнатудың негізі - білімде»
Тасөткел негізгі мектебінде 2020 жылдың 23 – 26 қараша аралығында оқушылардың пәнге деген қызығушылығы мен танымдылық қабілеттерін арттыру мақсатында жаратылыстану-математикалық пәндер ӘБ-нің пән апталығы өткізілді.
Апталық барысында 3-9 сыныптар аралығында ашық сабақтар ұйымдастырылып өткізілді.
9-сыныпта математика пәнінен «Арифметикалық прогрессияның алғашқы n мүшелерінің қосындысының формулалары» тақырыбы бойынша пән мұғалімі К.К. Жунусова, география пәнінен 9 -сыныпта «Қазақстанда қолайсыз және қаупті атмосфералық құбыластар» тақырыбы бойынша А.С.Оспанова , дене тәрбиесі пәнінен 4-сыныпта «Жеңіл гимнастикалық құралдар мен жаттығулар» тақырыбы бойынша пән мұғалімі Нигметов А Ж, информатика пәнінен 3 -сыныпта «Дыбысты жазу және ойнату» тақырыбы бойынша пән мұғалімі Суйндык М.Е. ашық сабақтар өткізілді. Сабақтарда топтық, жұптық жұмыс, АКТ технологиясы, сын тұрғысынан ойлау, көшбасшылық және өзін-өзі бағалау технологиялары қолданылды. Сабақтарда оқушылар тақырып бойынша өз білімдерін көрсете білді
Өткізілген әр сабақ оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыруға көзделді.
Математика-жаратылыстану әдістемелік бірлестігінің апталығы жылдағыдан өзгеше заманауи үлгіде ұйымдастырылды.