Алтын күз
Сұр бұлт, түсі суық, қаптайды аспан,
Күз болып дымқыл тұман жерді басқан.
- деп Абай атамыз айтқандай, міне, ел байлығын арттырған берекелі де мерекелі күз мезгілі келді. Сары алтындай сары күз себетке толы жемісін, қамбаға толы егінін сыйлады.
Күзді мереке дейміз- адамдар өз еңбегінің жемісін көріп қуанады, мерекелейді,молшылық болады.
Алтын күз мерекесі Тасөткел негізгі мектебімізде жылдан-жылға тойланып келе жатқан дәстүрлі мерекеміздің бірі. Алтын күз мерекесіне орай мектебімізде 3-5-8 сыныптар аралығында мектепшілік іс-шаралар ұйымдастырылған болатын. 3-сынып оқушылары «Күз тамаша» әсем әні мен ашып берді, келесі де мектептің 5-8-сыныптың оқушылары өз өнерлерін көрсетті.Барлық оқушылар белсене атсалысты, жоғарғы деңгейде алып шықты. Алтын күз, әсем айналам, еліне береке сыйлаған, жомарт күздің сыйы жыл бойы халқымыздың ақ дастарқанына тойға қойылсын.