«Ақмола облысы білім басқармасының  Жарқайың ауданы бойынша білім бөлімі Тасөткел ауылының негізгі орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Основная средняя школа села Тасоткель отдела образования по Жаркаинскому району управления образования Акмолинской области»

Біз әлеуметтік желілердеміз

   

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Тіл мәртебесі – ел мерейі

15.10.2020

 

                                       Тіл мәртебесі – ел мерейі

                                                                       Туған жері – түп қазығы, айбыны,

                                                                          Туған тілі – сатылмайтын байлығы,

                                                                     Туған дәстүр, салт-санасы тірегі,

                                                                Қадамына шуақ шашар үнемі

 5 – қыркүйек – Қазақстан Республикасы халықтарының тілдер мерекесі.

Атаулы датаның өзгеру себебі – «Ұлттың сақталуына да, жоғалуына да себеп болатын нәрсенің қуаттысы – тіл» деген ұлағатты сөз қалдырған, қазақ халқының тағдыры мен тілі үшін күрескен Алаш арысы, ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының туған күнімен байланысты. Енді барша қазақстандықтар қазақ әліпбиінің негізін салған ғалымның туған күнінде Тіл мерекесін тойлайтын болады

Халықтың тәуелсіздігінің ең басты белгісі – оның ана тілі, ұлттық мәдениеті жоқ ел өз алдына мемелекет болып өмір сүре алмайды.
«Ана тілі дегеніміз – сол тілді жасаған, жасап келе жатқан халықтың баяғысын да, бүгінгісін де, болашағын да танытатын, сол халықтың мәңгілігінің мәңгілік мәселесі. Ана тілін тек өгей ұлдары ғана менсінбейді, өгей ұлдары ғана аяққа басады» деп Ғ. Мүсірепов айтқандай елдің болашағын, тілдің болашағын сақтау баршаның міндеті. Қазіргі жаһандану кезеңінде еліміздің ақпараттық кеңістігін әлемдік стандарттарға сай кеңейте отырып, мемлекеттік тілді ұлттық қауіпсіздіктің маңызды бір нысаны ретінде жетілдіруді және қорғауды қамтамасыз еткеніміз абзал.
Қазақстандағы тіл саясатының көпұлтты мемлекетіміздің тұрақты дамуына ізгілікті қызмет етіп отырғандығы қуантады. Сонымен бірге әр ұлт өкілдерінің қазақ тілін білуге талпынуы қуантатын жағдай.Мемлекеттік тіл Тәуелсіз елдің негізгі рәміздерінің бірі.

Қазақстанда тұратын кез келген азаматқа қазақ тілін мемлекеттік тіл ретінде үйрету болашағымыздың сенімді кепілі.

Педагогика ғылымына сүйенер болсақ,бес жасқа дейін бала санасында дүниетанымның ақыл ойдың алғашқы іргетасы қаланады. Тасөткел негізгі мектебінде тілдер

мерекесіне байланысты біраз іс-шаралар мен жұмыстар жүргізілді. Іс – шаралар  онлайн форматта өтті, оқушылар мен ұстаздар белсене қатысып, жұмыла жұмыс жасады.

Тіл қай ұлтта,қай елде болса да қастерлі де құдіретті.Ол әрбір адамға ана сүтімен бірге еніп,қалыптасады.Ол-атадан балаға мирас болып отыратын баға жетпес мұра. Әр ел өз тілі арқылы әлемді,дүниені,өмірдің  құнды тағылымдарын таниды да,келешек ұрпақтарына жеткізеді.Тіл-халық тарихы,тіл –ұлттық қазына,тіл-біздің намысымыз,арымыз,байлығымыз.

"Егер де біз қазақ деген ұлт болып тұруды тілесек, қарнымыз ашпас қамын ойлағандай тіліміздің де сақталу қамын қатар ойлау керек", – деген Ахмет Байтұрсынұлы.
Олай болса, тілге құрмет жасау - адамдық борышымыз!
Қорыта айтқанда, әр халық өз тілінде сөйлеп, оны дамытуға , ұлттық дәстүрді сақтауға тиісті деп ойлаймын. Қазақ тілінің мәртебесі бұдан да жоғары деңгейге көтерілетініне мен кәміл сенемін. Қазақ елі мәңгілік болу үшін қазақ тіліне деген құрмет болу керек.

Тіліміздің мәртебесі биік, абыройы асқақ болсын! 

Жарқайың ауданы,                                                                                                                      Тасөткел негізгі мектебі                                                                                                             қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі  Рано Жумамуратовна                                                                                         

Просмотров: 450


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст