Тілдер мерескесінің 10 күндігінің есебі.
Мақсаты: Тіл – ұлттыңмақтанышы, тірегі, жүрегіекендігінекеңтүсінікбереотырып, оқушылардыелжандылыққа, туғантілінқұрметтеуге, тілдіұлттықмұраретіндеқастерлеугеүйрету.
2020жылдың4-14 қыркүйек аралығындаТілдер мерекесінің 10 күндігіне Тасөткел негізгі мектебінде бір қатар іс-шаралар өткізілді.Тілдер 10 күндігісалтанаттыжиынменашылды.Ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының туған күніне арналған ашық сабақ өткізілді. «Тілге құрмет-елге құрмет» атты мектеп кітапханасында онлайн көрме ұйымдастырылды. Бастауыш сынып мұғалімдерінің ұйымдастыруымен «Атадан қалған асыл сөз» атты бастауыш сынып оқушыларының арасында онлайн мақал-мәтелдер сайысы өткізілді. Қазақ тілі пәнінің мұғалімі Жумабекова Б.Т ұйымдастыруымен әдеби коллаж жасалды. Орыс тілі пәнінің мұғалімі Шанатова Р.А мен қазақ тілі пәнінің мұғалімі Абдимуратова Р.Ж бірлесе отырып «Туған тілімізді жырлайық» атты мектеп оқушыларының арасында өлеңдер сайысын өткізді. «Гүлдене бер , менің Қазақстаным!» тақырыбында бастауыш сынып оқушыларының арасында сурет сайысы өткізілді. Абайдың 175 жылдығына , Әбу-Насыр-Әл-Фарабидің 1150 жылдығына арналған сынып сағаттары өткізілді.