Тасөткел негізгі мектебінің кітапханасында тілдер мерекесі күніне орай «Тілге құрмет-елге құрмет» тақырыбында онлайн кітап көрмесі ұйымдастырылды.
Көрменің мақсаты: оқушыларға тілдің қоғам өміріндегі маңызын түсіндіру, қазақ тілінің мәртебесін көтеру. 5 – қыркүйек – Қазақстан Республикасы халықтарының тілдер мерекесі.
Атаулы датаның өзгеру себебі – «Ұлттың сақталуына да, жоғалуына да себеп болатын нәрсенің қуаттысы – тіл» деген ұлағатты сөз қалдырған, қазақ халқының тағдыры мен тілі үшін күрескен Алаш арысы, ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының туған күнімен байланысты. Енді барша қазақстандықтар қазақ әліпбиінің негізін салған ғалымның туған күнінде Тіл мерекесін тойлайтын болады.
Тіл - халықтың жаны, сәні, адамды мұратқа жетелейтін – ана тілі мен ата дәстүрі.
Елімізде қазақ тілінің мәртебесін өсіріп, мемлекеттік тілді қастерлеп, мемлекеттік тілдің өз тұғырына қонуына атсалысып жүрген өзге ұлт өкілдері қаншама. Кітап көрмесіне Нұрсұлтан Назарбаевтың, Ахмет Байтұрсыновтың, Сұлтанмахмұт Торайғыровтың, Абай Құнанбаевтың тағы да басқа жазушыларымыздың даналық сөздері қойылды.
"Егер де біз қазақ деген ұлт болып тұруды тілесек, қарнымыз ашпас қамын ойлағандай тіліміздің де сақталу қамын қатар ойлау керек", – деген Ахмет Байтұрсынұлы.
Олай болса, тілге құрмет жасау - адамдық борышымыз!
Тіліміздің мәртебесі биік, абыройы асқақ болсын!