Жасай бер, жайна – Астанам!
Әр елдің баласы өз Отанын, туған жерін қадірлей білу керек. Астана – еліміздің бас қаласы. Тәуелсіз Қазақстан – байтақ еліміздің астанасы. Астана – Еуразияның нағыз географиялық кіндігінде орналасқан. Қаланың астана ретінде тұсауы кесілген күн – 1998 жылы 10 маусым. Қаланың негізі 1932 жылы қаланған. Ол Ақмола деп аталған. 1968 жылы Целиноград болып өзгертілді. 1992 жылы қалаға тарихи атауы қайтарылды.
Астана – Қазақстанның жаңа қаласы. Оның шекарасы 710 шаршы шақырым. Тоғыз жолдың торабында, Республика территориясының төрінен орын тепкен.Астана күн сайын, сағат сайын өркендеп өсіп келеді. Шетелдік қонақтар оны дүниенің сегізінші кереметіне теңеп «інжу маржан» деп бағалауда.Есіл өзенінің сол жағында, Қазақстанның жаңа астанасына жарқырай енген, жаңа астананың символы алып «Бәйтерек» монументі (биіктігі 97 метр) рухы жағынан да, мағынасы жағынан да бізге, яғни қазақ халқына барынша жақын. Бәйтерек – Астананы құс ұшатын биіктіктен көрсетеді. Шардың ішінде Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың оң қолының таңбасы бар үшбұрышты күміс бойтұмар орналасқан. Ал «Думан» ойын - сауық орталығында әлемде теңдесі жоқ, ішінде акула, сегіз аяқ, жайын, скат, қылышбалық, бекіре сияқты неше түрлі балықтар жүзіп жүрген мұхиттық аквариум. Кешенде «Джунгли» аттракционы, интерактивті ойындар зонасы, аквапарк бар. Қалада Ұлттық академиялық кітапхана, оқу орындары, Елбасы отыратын Ақ Орда, Тәуелсіздік сарайы бар. Сүйікті Елордамыз Астана қаласы болашақтың қаласы көз алдымызда өсіп келеді.
Бүгінде Астана – тәуелсіз әрі егемен мемлекеттің бүгінгі және болашақтағы саяси, экономикалық һәм мәдени орталығы ретінде қанат жайып барады.
Ерке Есіл жағасында бой көтерген ерекше сәулеттік ландшафты бар, бірегей мүсіндік нышандары сап түзеген, жоғары технологиялы болашаққа ұмтылған, өзгені сыйлап, өзінің жаңа астанасы мен өз елін шексіз мақтаныш тұтатын көп дінді халқы бар әсем де, мейірлі астанамыз, міне, осындай қала.
Балалармен бұл күні сурет салу байқауы өтті. Оқушылар ата-аналарымен бірлесе отырып Нұр Астана күніне орай суреттерін салып өз шеберліктерімен бөлісті. Қашықтан өткізілген жазғы сауықтыру лагерінің тәрбиешілері сурет байқауының жеңімпаздарын анықтап онлайн марапаттар жасады