Тасөткел негізгі мектебінің
қашықтықтан ұйымдастырылған «Балдәурен»
жазғы сауықтыру лагерінің жұмысы туралы ақпарат
Қашықтықтан ұйымдастырылған лагердің бірінші ауысымы 1 мауысым күні ашылды. Лагерьдің жұмысы 1 маусым күні өткізілген спорттық бағдарламамен басталды. Өткізген дене шынықтыру мұғалімі Башмаков Ф.Г. Бүгін жазғы демалыс лагерінде 11 бала бар. Олардың ішінде көп балалы отбасы балалары бар: Дүйсебек Аяулым, Дүйсебек Нұрай, Дүйсебек Сабина, Қайсар Санжар мен Аңсар. Тәрбиеші болып бастауыш сынып мұғалімі Агайдарова А.К. жұмыс атқарады.
Лагердің мақсаты: оқушылардың жазғы демалысын қашықтықтан ұйымдастыра отырып, лагерь жұмысының жүйелі орындалуы арқылы балаларды азаматтық ұстанымға, отансүйгіштікке, инабаттылыққа, адалдыққа тәрбиелей отыра салауатты өмір салтын ұстануларына үлес қосу жұмыстарын жандандыру
Күн тәртібінде: сергіту жаттығу, қозғалмалы ойындар, конкурстар, жоспар бойынша тәрбиелік іс-шара, түскі ас, музыкалық минута шығармашылық шеберхана. Лагерьдің жұмысын бастамас бұрын тәрбиеші ата-аналармен сөйлесіп, оларға қашықтықтан ұйымдастырылған лагерьдің ерекшеліктерімен және ережелерімен таныстырды.
Он күннің ішінді балалар сергіту жаттығулар орындады. Велосипедшілер сайысында отбасы балалары қатысты. Қайсар отбасынан екі бала қатысты. Екеуінің арасынан жеңіске жеткен қайсар Санжар. Дүйсебек отбасынан 3 бала қатысты. Мәреге бірінші жеткен Дүйсебек Аяулым. Сонымен бірге ұлттық ойындар өткізілді.
Балалар байқауларға қатысты. Ол суреттер, қолөнер, ән және «Кішкентай сәнқойлар» байқаулары. Ән байқауында Бекжан Қуаныш 1-орынға ие болды, суреттер байқауында – Газезов Асанали, сәнқойлар арасында – Дүйсебек Нұрай.
Балалар ертегілерді өте ұнатады. Сондықтан «Ертегілер әлемінде» атты іс-шара жоспарланып, өткізілді. Оқушылар ертегілерді оқып, оларды сахналады, бейнеледі. Музыкалық сағатта балалар өз қалауынша ән айтып, би билеп, өз өнерлерін көрсетті. Әсіресе, Бекжан Қуаныш өзін ерекшелеп, қуантты.
«Компьютер әлемінде» балалар қалай жұмыс жасайтынын немен айналысатынын, қандай ақпарат іздейдінін айтып берді. Сонымен бірге отбасы балалар ауылдық кітапханаға экскурсия жасады.
Ауысымның соңғы күні «Біз шетінен бишіміз» атты би байқауы өтті. Байқауға қыздар қатысты: Дүйсебек және Скаков отбасынан. Бірінші жүлдегері орынға Дүйсебек Аяулым ие болды. Лагерь демалушыларына әр түрлі ойындар ойнатылып, спорттық жарыстар, тақырып бойынша тапқырлық, сөз жұмбақ сайыстары ұйымдастырылып тұрады. Бір мезгіл балдырғандар сурет салып, тақпақ жаттап, ән салады. Тәрбиеші әр күнге белгіленген түрлі мерекелік іс-шараларды ұйымдастырып, балғындардың демалысы қызыққа, қуанышқа толы болуына бар күш-жігерін, өнерін аямай жұмсауда.Өткізілген сайыстарға, іс-шараларға, байқауларға оқушылар қызығушылықпен қатысты. Балалармен бірге ата-аналар да шетте қалмады. Олар бақылап, балаларына бағыт беріп отырды. Тәрбиеші мен ата-ана арасында түсіністік пен сыйластық қалыптасқан.