Тасөткел негізгі мектебі
Сынып сағаты: «Ынтымақ, бірлік, келісім– ең басты байлық ел үшін»
9 сынып
Сынып жетекшісі: Шанатова Р.А.
2019-2020 оқу жылы
Тақырыбы: «Ынтымақ, бірілік, келісім– ең басты байлық ел үшін»
Мақсаты: Оқушыларға Қазақстан Республикасы әлемде ең алғашқы мемлекеттердің бірі болып сырттан келген басқа ұлт өкілдеріне алтын бесік болғандығын ұғындыру Қазақстандық патриотизмге, елін, жерін сүюге және халқын құрметтеуге тәрбиелеу. Басқа ұлт өкілдерінің мәдениетін, әдет - ғұрпын сыйлауға үйрету
Барысы:
Құрметті оқушылар! Қазақстан Республикасының мекендеген ұлттар мен ұлыстар достығы және бірлігіне арналған кні жақындап келе жатыр№ Қазақ жері – қонақжай төрдің жері,
Қазақ елі – қас сақтай ердің елі.
Толқынында тарихтың қуғын көрген,
Барша ұлтқа құт мекен болған еді.
Зобалаңда көп шеккен қасіретті,
Ұлт ұрпағы өнерлі, өсиетті.
Риза көңілменен елге деген,
Арнайды барша халқы ақ тілекті.
Қазақстан Республикасында қазіргі таңда 130 - дан астам ұлттар мен ұлыстар мекендейді. Тарих көшінің белгілі бір кезеңінде тағдыр тауқыметін арқалап, солақай саясаттың құрбанына айналып, елімізге келіп қоныстанған ұлттар мен ұлыстар үшін қазақ жері киелі алтын бесікке айналды.
Көші - қонның зерделенген тарихтың, Тарихшылар баяндайды ақиқаттың жай күйін, — деп сөзді лицейіміздің тарих пәнінің оқытушысы Мұстафаев Ербол ағайымызға берейік. Тарихшы «ХХ ғасырдың бас кезі мен Ұлы Отан соғысына дейінгі кезеңдегі Ресейдің көші - қон саясаты», «КСРО - ның 1937 - 1991 жылдар аралығындағы көші - қон» туралы материалды баяндайды.
Нәсілдерге нәсіл болсын нұрлы күн,
Ынтымақтың шертсем деймін бір жырын.
Татулығын жырға қосам ұлттардың,
Мақтан қылып ұлыстардың бірлігін.
І жүргізуші: Тілі бөлек болған менен тілек бір,
Ұлы достық мәпелеген жүрек гүл.
Қазақстан бар ұлысқа шаңырақ,
Шайқалмастан шаттығымыз тіреп тұр.
Ұлтаралық татулық арқасында бүгінде ел тыныш, жұрт аман. Осы берекеміз бұзылмағай. Қазақстанда тұратын барша ұлт арасындағы айнымас достыққа сызат түспесе екен.
Биыл еліміздің Тәуелсіздігіне 29 жыл толғалы отыр. Бұл – қажырлы еңбектің, төзімділік пен жеңістің 29 жылы. Егемен ел бесігі жыл өткен сайын еңсесін биіктетіп келеді.
1995 жылы ұлтаралық татулық пен тұрақтылықтың феномені – Қазақстан халықтары Ассамблеясы құрылды. Бұл – ешбір елде болмаған ерекше, саяси маңызы зор құрылым.. Байлықтың ең үлкені – халықтар
Тағдырдың тезіне, қолдан жасалған тозақтың өзіне шыдаған елміз. Бабалар рухына бас иіп, Алладан медет сұраған елміз!
Халқы жомарт, даласы дархан, орманы қарған, таулары қалқан болған ақ бесік Атамекені бар, сол мекенде жусанның жұпар иісін иіскеген, өздігінен ешкімге тиіспеген елміз!
ІІ жүргізуші: Шыдамының шегіне жеткенде, намыс оты еті түгелі сүйегінен өткенде, кеудесінде жанар тауы жарылып, көзінің алды қанталап, өзіне қарап анталап тұрған жаудың алысқанының ауызына ұрып, жұлысқанның жұлынын жұлып бір - ақ тоқтаған қазақпыз»
І жүргізуші: Сондықтан да біздің мемлекет кешегі бабаларым табыстаған, сәт сайын, сағат сайын қарыштаған Тәуелсіз Қазақстан!
«Ел бірлігі – ең асыл қасиет. Бірлік, ынтымақ, сабырлылық пен парасаттылық, ең алдымен өзімізге – қазақтарға керек» деп көргенділікпен Елбасымыз айтқандай, біз сияқты көп ұлтты мемлекеттің даму болашағының бір көзі – Қазақстан халықтарының бірлігі.