Болашаққа бағдар «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында
Тасөткел негізгі мектебінде өткізілген іс шаралар туралы ақпарат
2019-2020 оқу жылының басында Қазақстан Республикасының президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: «Рухани жаңғыру» атты мақаласын жүзеге асыру мақсатында іс шаралар жоспары құрылып, мектеп директорымен бекітілді. Тәрбие ісінің меңгерушісі мен тарих пәні мұғалімі «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» стендісін жасады. Оқушылар мен ата-аналарға тиімді түрде түсінік беретін бұл стендіде бағдарламаның негізгі бағыттары мен міндеттері айқын көрсетіліп ілінді. Сонымен бірге мектеп жоспары да қолжетімді түрде болды. Рухани жаңғыру кезінде біз ең бірінші елін, жерін, жұртын шын сүйетін ұрпақ тәрбиелеу үшін, ең алдымен тарихи санамыз жаңғыруы тиіс. Осындай мақсатта біздің мектепте іс-шаралар өткізіліп жатыр. Кейбіреуіне тоқталатын болсақ, 6-сыныпта «Ұлттық салт-дәстүрлерімізді құрметтейік» тақырыбында тәрбие сағаты өтті. Тәрбие сағаты мұражайда өткізілді. Оқушыларға ұлттық салт-дәстүрлері туралы мәлімет берілді, слайдтар көрсетілді. Балалар бейнежазба тамашалады, сұрақтарға жауап берді, сөзжұмбақ шешті. Сынып сағаты барысында мұғалім мұражайдағы экспонаттарды қолданды.
Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев « Болашаққа бағдар; рухани жаңғыру» атты Қазақстан халқына арналған мақала бағдарламасы бойынша 3-4 -сынып оқушыларына «Қазақстан менің елім» тақырыбына байланысты Н.К.Бибатырованың ұйымдастыруымен сыныптан тыс іс-шара өткізілді. Іс-шара бойынша сынып оқушыларына туған жеріне деген сүйіспеншілігін, еліне деген мақтанышын, патриоттық сезімін оята, жас өспірімдер санасына жалпы ұлттық қасиет сіңіру мақсаты көзделді. Әр оқушы өздерінің туған жеріне арнап өлең, тақпақ оқыды және патриоттық ән орындады.
6-9 сыныптар арасында «Ұлт болашағы бүгінгі жас ұрпақ» тақырыбында сынып сағаттары өткізілді. Мақсаты: Халқымыздың әдет-ғұрпы, салт-дәстүрі арқылы оқушылардың бойында асыл да адамгершілік қасиеттерді қалыптастыру болды. Мектеп кітапханашысы Мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласын талқылау бойынша кітап, газеттер көрмесін ұйымдастырды. Сонымен бірге, мектепте ашылған мұражайда осы бағытта сынып сағаттары, ашық сабақтар өткізілді. Бастаушы сынып мұғалімдері «Болашаққа бастар жол» атты ертеңгілік, «Менің достарым - менің отбасым» тақырыбында суреттер көрмесі, «Менің туған Қазақстаным!» мәнерлеп оқу сайыстарын өткізді.