«Ақмола облысы білім басқармасының  Жарқайың ауданы бойынша білім бөлімі Тасөткел ауылының негізгі орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Основная средняя школа села Тасоткель отдела образования по Жаркаинскому району управления образования Акмолинской области»

Біз әлеуметтік желілердеміз

   

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

"Ана -өмірдің гүлі" мерекесінің жоспары

17.03.2020

Ана- өмірдіңгүлі»


Мақсаты:
1. Анаға деген мейірімді, сүйіспеншілікті арттыру, үлкенге ізет, кішіге үлгі бола білуге үйрету.
2. Оқушы бойында ізгілік, инабатгылық,биязылық сияқты қазақ қызына тән жақсы қасиеттерді қалыптастыруға тәрбиелеу.

Көрнекілігі: 3ал мерекеге сай әсем безендірілген. Шарлар, слайд.

///Гимн орындалады///
І    Жүргізуші
: - Армысыздар, бақытты балалық шағымыздың шат көңілді өтуіне барлық жағдайды жасап отырған аяулы да ардақты аналар, қадірлі әжелер, ұлағатты ұстаздар, құлпырған қыздар! Сіздерді 8 наурыз халықаралық әйелдер мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз!
ІІ   Жүргізуші: Сондықтан бүгінгі «Ана- өмірдің гүлі» атты мерекелік жиын сіздердің құрметтеріңізге арналады.

Сөз кезегін Жумабекова Бибигуль Тулешовнаға береміз

Бастауыштың оқушылары ақ жүректі аналарға жыр шумақтарын арнап келіпті, ендеше қарсы алыңыздар!

Әділет:Ардақты әжелерім, аяулы аналарым,
Мейірбан аппақ көңіл даналарым.
Гүл көктемнің алғашқы мейрамымен,
Құттықтайды сіздерді балаларың, 

Нұралы:Аналар – ау менің шалқар көлдерім
Көлдерім мен асқар - асқар белдерім
Мына өмірде қуанышты ж\үргенім
Сенің арқаң мына өмірге келгенім.

Қуаныш:

Анам менің – өмірдегі тірегім,
Анам менің – кеудемдегі жүрегім.
Егер менің қасымда сен болмасаң,
Бұл өмірде қалай ғана жүремін.

Витя:

С Восьмым мартом дорогие: 

Мамы,бабушки родные

Будет пусть все хорошо

И в душе всегда тепло

І    Жүргізуші: Даярлық сыныбының аналарына арнаған тартуын қарсы алыңыздар!

///«Ай лав май мами» ағылшын тілінде өлең///

II    Жүргізуші: Жақсы балалар!Ал біз мерекемізді әрі қарай жалғастырайық. Балалар, тыңдаңдар – бұл кім туралы тақпақ?

Таусылмайды өлеңі,

Күнде айтып береді.

Барған сайын бір жаққа,

Кәмпит алып келеді.

Балалар: Әже!

І    Жүргізуші: Дұрыс айтасыңдар, ол, әрине, әже. Олай болса, ортаға әже туралы тақпақ дайындаған балаларды шақырайық.

Әже туралы балалардың тақпақтары:

Санжар 1 сынып:

Аналарды сүйеміз
Сөзін ойға түйеміз.
Әжені де ардақтап
Әдеппен бас иеміз.

Аңсар:

Мені жақсы көреді 

Күндей күліп келеді 

Көп ертегі біледі 
Маған айтып береді

Асанали:

Әже деген асыл жан
Құрмет көрген ғасырдан
Аялаймын әжемді
Аялаймын бар елді.
IІ    Жүргізуші: Біздің балалар әжелерін сондай жақсы көреді, тіпті оларға йогурт ұсынып, әжелерді өздері ақ тамақтандырады. Сеңбейсіңдер ме? Қанеки, әжелермен ойынды өткізейік, сонда көресіңдер.

Ойын «Әжені йогуртпен тамақтаңдыру»

Шарты: ойынға үш бала мен олардың әжелері қатысады; немерелері өз әжелерін йогуртпен тамақтандырады. Жүргізуші балаларды мақтайды. Ойынға қатысқан әжелерге естелік сыйлықтарды ұсынады.

І    Жүргізуші: Қандай тәртіпті немерелер! Әжелерін қалай күтеді...

6-7 сынып оқушыларының орындауындағы «Первое слово – мама» әнін қарсы алыңыздар!         ////«Первое слово – мама»////

Припев:

Мама - первое слово,

Главное слово

В каждой судьбе.

Мама жизнь подарила,

Мир подарила

Мне и тебе.

1) Так бывает,

Если случится вдруг,

В доме вашем горе-беда,

Мама, самый лучший

Надёжный друг,

Будет с вами

Рядом всегда.

Припев:

Мама - первое слово,

Главное слово

В каждой судьбе.

Мама жизнь подарила,

Мир подарила

Мне и тебе.

Мама землю и солнце,

Жизнь подарила

Мне и тебе.

IІ    Жүргізуші

Сезілмеген қасиетті өзгеден, 
Сырын білем көкіректегі көзбенен. 
Ұстаздарды мектептегі сипаттап 
Жыр жаздым мен жүрекжарды сөзбенен – деп мектептің ұлағатты ұстаздары, әдемі құлпырған әйелдер қауымына жыр шумақтарын арнаймыз

Еспол Ә:
Тасөткелдей ауылдың даналары 
Талай-талай асуларды алар әлі. 
Мектептің 40-қа жуық оқушысы 
Бәрі – Бибігүл апайдың балалары. 

Қайсар Н

Күнім болып көріндің аспанымда.
Білім болып егілдің жас жаныма,
Біз дегенде ұмытып бала қамын,
Бастауыш апайларым жас жадымда!

Қайсар Н

Қосып, алып, бөліп тағы көбейткен,
Шаршы ауданын тауып, санды теңейткен.
Куляш апай мың алғыс,
Есептеуді бізге талмай үйреткен!

Сұлтансейіт М

Айтқан сөзін айтып жүрдік ән қылып,
Одан басқа жүрген кім бар жанды ұғып.
Разия апай – ұстаздардың ұлысы
Бар сабағы есте қалар мәңгілік!

Сатай М.

Тарих деген түп қазығым тамырым
Тамырымды білу менің парызым
Бұл ғылымды аянбай жүріп үйреткен
Лаззат апай көп қой сізге қ        Vарызым

Еспол Ә

Қазақ тілім, өз тілім, ана тілім,
Мұхтар, Абай сөйлеген дана тілім.
Осы тілдің ұқтырған терең сырын,
Рано апай, Әрқашан да біздерге берген білім.

Сұлтансейіт М

Ген, рнқ, днқ деп тіл қатқан,
Дүние деген тұрады екен шешілмеген жұмбақтан.
- сен әкеңе ұқсағансың, балам – ау, - деп біздерге
Шынарай апайымыз биологиядан үн қатқан!

Сабырбек Е.

Бала десе ойламайды өз қамын,
Көрсем дейді күнге де кол созғанын. 
Жанерке апай әрқашан да қалайды
Шәкірттері өзінен де озғанын. 

Сатай М.

Әр адамға құрметпенен қараған,
Өз бойынан мол ізгілік тараған.
Талап пенен тәртіпті тек ту етіп
Ақнұр апай сіздей қайда бар адам?!

Мен алғаш мектеп есігін ашқанымда,

Сұлтансейіт М

Лианадай есімің

Гүлдей болсын өмірің

Нұрға толсын көңілің.

Биік боп жұлдызың

Көктемдей құлпырып

Бақыт қонсын басыңа

Қолдап жүрсін Тәңірің!

І  Жүргізуші: Бүгінгі мерекелік іс шараны ерекше әрі қызықты өткізу үшін аналар арасында шағын сайыс ұйымдастырып жіберейік. Ойын шарты оп оңай, сайыс 3 кезеңнен тұрады

1. Мақалды жалғастыру

2. Жағдаяттар

3. Ою өрнек

Төрелік ететін әділ қазылар алқасымен таныс болайық

___________________________________

___________________________________

___________________________________

Ендеше іске сәт!

ІІ  Жүргізуші:
Тамызып мақал тілінің
Білімді болсаң жарарсың.
Ұшқыр ой, талап, біліммен
Әлемді жаулап аларсың, — дей келе келесі кезек мақал-мәтел жарысында.
Мақалдарды жалғастырыңдар.
«1» 1. Ауылдан асқан байлық,
________ қымбат қазына жоқ. /кітап/
2. Талапсыз жас,
Қанатсыз_________. /құс/
3. ________ қылығымен көркем. /қыз/
«2» 1. Білім-теңіз,_______ кеме. /мектеп/
2. _______ көңілі балада. /ананың/
3. Сөз тапқанға ________ /қолқа жоқ/
«3»1)Жақсы сөз . /жарым ырыс/
2)Ине көзінен сынады________ /шешен сөзінен сынады/
3)Ала сөйлеп, үлыққа жаққанша,
Адал сөйлеп, ________/ жүртқа жақ /
«4»1. Балаға өз тіліңмен сөйлеме, / өз тілімен сөйле./
2. Жолдасы жоқ жігіттің / Олжасы жоқ. /
3. Тұр-тұрдан хабар келсе, / ¥йкыдан маза кетеді. /
«5»1. бар үйдің жеңгесі сүйкімді. / Кызы /
2. Екі аяқтыда бажа тату, . / төрт аяқтыда бота тату./
3. Бас жарылса, бөрік ішінде, /Кол сынса, жең ішінде./
«6»1. Өлежегенше, /бөлеже./
2. Туажаманжок, /Жүрежаман бар./
3. Ағаштамырыменмықты, /Адам досымен мықты.

ІІ  Жүргізуші: Аналарға арналған:
1. Сіздің үй шаруасымен қолыңыз тимей жатыр еді. Қызыңыз келіп эртүрлі сүрақтармен мазаңызды ала берді. Сіз не істейсіз? Сұрақтарына жауап бересіз бе, алде қолыңыздың тимей жатқанын айтып бетін қайтарасыз ба?
2. Қызыңыз сынып жиналысы болатынын екі күн бұрын ескертті. Бірақ күйбең тіршіліктермен есіңізден шығып кетеді. Қызыңызға бармаганыңызды қалай түсіндіресіз?
3. Сабақтан кейін қызыңыз ескертпестен жолдас қызының үйіне ойнауға барады. Сіздің іздемеген жеріңіз қалмай қатты уайымдап отырғанда қызыңыз келеді. Сіз не істейсіз?

І  ЖүргізушіОЮ ӨРНЕК сайсына көшейік. Мұнда аналарға таза ақ парақ беріледі. Өз қалауынша ою салып, оны сипаттап, қайда қолдануға болатындығы туралы ақпарат беріледі.
І  Жүргізуші:Қазылар алқасы баллды ойласып алғанша қыздарымызға арналған әсем әуенді тамашалайық.  //16қыз//

1)Астыма мінген атым генадушка
Шабамын көңіл ашып немношка
Не керек бұл дүниеде жить етуге
Азырақ ойнап-күлмей, молодушка
Қсы
Камила-ай, Қымбат-ай
Дильназ-ай, Лиана-ай
Айлана-ай, Сабина-ай
Аяулым, Жансулу!
Әшекей қыз Назерке

Биязы қыз Аружан
Тындаушы еді-ау, Ульяна
Қайда кетті Ақмаржан
мы любим тебя, Нураа-ай!

2) Қарағым, айналайын, черный көзім
Никогда не забуду айтқан сөзің
Втарой, третей сорттар толып жатыр
Первый сорт қайдан тудың сенін өзің?
Қсы
Анар-ай, Айжан-ай
Гулнар-ай, Зауре ай

Алмагул, Анаргул

Тындаушы еді-ау, сәлем-ай!
Қайда кетті Нурсулу
Мы любим тебя, Асиииия!
 

Номинациялар:
1.Биязыана
2. Мейірімдіана
3. Парасаттыана

 

Просмотров: 409


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст