Текст
Бүгін мектепте Білім күніне арналған салтанатты жиын өтті.
Мектеп директоры Б. Т. Жұмабекова; мереке қонақтары: ауыл әкімі Сәуле Төлегенқызы Саухиова барлық оқушыларды, мектеп ұжымын және қатысып отырған ата-аналарды оқу жылының басталуымен құттықтады. Мектеп ДОЖО К. К. Жүнісова "оқу жылының басталуы туралы" бұйрықпен таныстырды. Бірінші сынып оқушылары жауап сөз сөйледі.
Салтанатты жиын бірінші сынып оқушыларына білім жолының ашылғаны және оқу жылының басталуы туралы барлық оқушыларға хабарлаған мектеп қоңырауымен аяқталды. Мерекенің жалғасы "мектеп - мейірімділік аумағы" тақырыбындағы сынып сағаттары болды.