Тасөткел негізгі мектебінде «Мектеп асханасына» акциясына орай оқушылардың тамақтануын ұйымдастыру бойынша ақпарат
Оқушылардың ыстық тамақпен қамтамасыз етілуін ұйымдастыру
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015жылғы №198 бұйрығымен бекітілген «Жалпы білім беретін мектептердегі білім алушылар және тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарына тегін және жеңілдетілген тамақтандыруды ұсыну» 2018-2019 оқу жылында Байзақ ауданы әкімдігінің білім бөлімінен №493 Білім беру мекемелерінде ыстық тамақты ұйымдастыру туралы бұйрығы бойынша төмендегідей жұмыстар жүргізілді:
2019 жылдың 28 тамызынан бастап аз қамтылған отбасылардан шыққан мемлекеттік атаулы көмек алатын тегін және жеңілдетілген бір мезгіл ыстық тамақпен қамтамасыз етілген оқушылардың тізімі нақтыланып, ауыл әкімімен бекітілді. 2019-2020 оқу жылына бір мезгіл тегін ыстық тамақты ұйымдастыру туралы, тамақтың сапалы берілуін тексеру комиссиясын құру туралы бұйрық бекітілді. Комиссия құрамына Б.Т. Жумабекова, Н.К.Амирханова, Р.А.Шанатова, ата-аналар кеңесінің төрайымы Л.А.Қулжановалар кірді.
1 сынып оқушылары 100 % ыстық тамақпен қамтылды. 1-9 сыныптардан бірінші жартыжылдықта мемлекеттік атаулы көмек алатын аз қамтылған отбасынан шыққан 9 оқушы тегін ыстық тамақпен қамтылды. Қалған оқушылар – 30 оқушы ЖШС «Темирлан» демеушілігімен тамақтанады. 162 000 теңге демеушілік көрсетілді. Қазіргі уақытта аз қамтылған оқушылар мектепте жоқ болғандықтан барлық 39 оқушы ЖСШ «Темирлан» демеушілігімен тегін тамақтандырылады.
Асхананың санитарлық-гигиеналық тазалығы, ас сапасы және асхана кезекшілігінің дұрыс атқарылуы бойынша бұйрықпен бекітіліп, апта сайын комиссия мүшелері тексеру жүргізіп, АКТ толтырылады. Оқушыларды тамақтандыру белгіленген кестеге сәйкес жүргізіледі. Асханада кезекшілік кестесі мұғалімдер мен әкімшіліктен құрылған, оқушыларды асханаға алып барады және тамақтану кезіндегі оқушылардың тәртібін қадағалайды.
Тамақтану блогының санитарлық-техникалық жағдайы санитарлық талаптарды қанағаттандырады. Күн сайын асхана жиналып, тазаланып отырады.. Тағамдарды сақтау да санитарлық нормаларға сәйкес жүзеге асырылады. Қауіпсіздік техникасы ережелері сақталады, жұмыскерлермен тұрақты түрде қауіпсіздік техникасы бойынша нұсқамалар жүргізіледі. Мектептің асханасында тағамдарды дұрыс сақтауға баса назар аударылады. Мектептегі ауыз су режимін ұйымдастыру да аса маңызды мәселелердің бірі. Мектеп асханасы толықтай қажетті ыдыс-аяқпен жабдықталған. Жуу мен залалсыздандыру барлық санитарлық-гигиеналық нормаларды сақтай отырып жүргізіледі. Дайындалған тағамдардың сыртқы түріне баса назар аударылады, сол себепті асхананың аспазшылары оған аса мән береді. Асханада үй жағдайындай жайлылық пен жылу сезінуге болады. Осылардың барлығы тамақтануға қосымша қолайлы жағдай жасайды. Әлеуметтік желілерде мақалалар жарияланып тұрады.
Бала денсаулығын, оның дене және ақыл-ой дамуын анықтайтын бағыттардың бірі өскелең ұрпақты сапалы тамақтандыруды ұйымдастыру болып табылады. Дұрыс ұйымдастырылған тамақтандыру оқушылардың денсаулығын сақтауға көмектесетіні сөзсіз.
Тәрбие ісінің меңгерушісі: М.Е. Суйндык