«Ақмола облысы білім басқармасының  Жарқайың ауданы бойынша білім бөлімі Тасөткел ауылының негізгі орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Основная средняя школа села Тасоткель отдела образования по Жаркаинскому району управления образования Акмолинской области»

Біз әлеуметтік желілердеміз

   

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

3-12 ақпан аралығында Тасөткел негізгі мектебінде өткен «Өзін – өзі тану: Шығармашылық пен махаббат педагогикасы» атты республикалық онкүндігінің есебі

07.02.2020

 

3-12 ақпан аралығында Тасөткел негізгі мектебінде өткен

«Өзін – өзі тану: Шығармашылық пен махаббат педагогикасы» атты республикалық онкүндігінің есебі

Тасөткел негізгі мектебінде «Өзін – өзі тану: Шығармашылық пен махаббат педагогикасы» атты жоспар құрылып, жоспарға сай жұмыстар жүргізілді. Дүйсенбі күні «Өзін – өзі тану: Шығармашылық пен махаббат педагогикасы» атты республикалық онкүндігі мектеп линейкасында салтанатты ашылып, «Балаға жүрек жылуы» тақырыбында мектепішілік сынып сағаттары өткізілді. Сейсенбі күні мектеп кітапханасында «Өзін-өзі тану» адамгершілік-рухани бағдарламасының авторы С. А. Назарбаеваның қызметі мен шығармалары туралы көрме ұйымдастырылып, балалар түрлі кітаптармен танысып, тың ақпараттар алды.

 

 

 Сәрсенбі күні жоғары сынып оқушылары арасында «Сүйіспеншілікпен өмір сүру» атты тақырыпта әлеуметтік жобаларының презентацияларын қорғалып, балалар өз шығармашылығын шыңдап, ізденгіштік қасиетін көрсетті. Өз ойларын анық жеткізіп, қорғады.

Сондай ақ, жоспар бойынша алда «Қайырымдылық – жер бетінде!» атты флеш-моб, «Мейірімді жүректер ынтымақтастығы» атты қайырымдылық акциялары  мен қайырымдылық марафоны, «Алтын жүрек анамыз» атты мәнерлеп оқу және эссе конкурстары, «Руханилықтың мөлдір бұлағы» атты балалардың қлдарынан жасалған шығармашылық жұмыстары мен қолөнер бұйымдары, ашық хаттарынан көрме (фестиваль) ұйымдастыру жоспарланып отыр.

Просмотров: 359


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст