«Ақмола облысы білім басқармасының  Жарқайың ауданы бойынша білім бөлімі Тасөткел ауылының негізгі орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Основная средняя школа села Тасоткель отдела образования по Жаркаинскому району управления образования Акмолинской области»

Біз әлеуметтік желілердеміз

   

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«МЕЙІРІМДІЛІК - ЖҮРЕКТЕН»

28.01.2020

«Тасөткел негізгі мектебі» КММ

 

 

 

 

 

 

 

 

Сынып  сағаты.

 

«МЕЙІРІМДІЛІК - ЖҮРЕКТЕН»

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

6-7 сынып

Сынып жетекші: Пернебай А. Н.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

«Мейірімділік - жүректен»

6-7 сыныпта өткізілген сынып сағаты

Мақсаты: 

1. Балалардың «мейірімділік», «қайырымдылық», «адамгершілік» құндылықтарары туралы түсініктерін кеңейту

2.Мейірімділіктің адам өміріндегі маңыздылығын ашу

3.Ерекше қамқорлықты қажет ететін балаларға назар аударту.

Тапсырмалар: топпен жұмыс, постер қорғау, сыйлықтар жасау

Көрнекіліктер: Слайд, фильмдер

Барысы:

1. Балалар үлкен шеңбер құрып тұрады.

Балаларды мейірімді болуға дағдыландыру үшін «Мейірімді жүрек» атты ойын ұйымдастырылады.

Шарты : Ойын бастаушы «Балалардың мейірбандық жүрегі,

Адамдарға бақыт, шаттық тіледі!»-деп айтады. Балалар да осы өлең жолдарын қайталап, қасындағы көршісіне жүрек макетін ұсынып,оның жақсы қасиеттерін білдіретін жылы сөздер айтады. (Сен мейірімдісің! Сен кішіпейілсің! Сен әдемісің! Сен қайырымдысың!).

Экраннан «Мейірімділікті анадан үйрен »деген халық даналығы шығады

Қорытынды мұғалімнің сөзі: Ана-халық ұғымында жаратушы. Олай дейтініміз табиғаттың жаратқан иесі адамды дүниеге әкелуші-Ана. Ал барлық

Нәрсенің дүниеге келуі үлкен мейірім мен шапағаттан пайда болады. Табиғаттың барлық жанға бірдей мейңрңмдң болуы сондықтан. Адамның да ананың кіршіксіз мейірінен берілген мейірімділігін сақтап қалу өз қолында.

3.Практикалық бөлім

Әр топқа сұрақтар берілді.Топ мүшелері жауап берді.

-Мейірімділікті қалай көрсетуге болады?

-Басқаларға жақсылық жасаған кездерің болды ма?

-Адамдар бір-біріне жылы сезімдерін білдіріп, айналасындарға тек жақсылық ойлап, игілікті істер жасау арқылы ғана мейірімділікті таныта алады дегенді қалай түсінесіндер?

Қорытынды: Слайд «Мейірімділік –асыл қасиет» (Жан-жануарлар өмірінен)

Оқушылардың пікірі. Жан-жануарлар дүниесінен де мейірімділікті,достықты,қайырымдылықты үйренуге болады.

4. «Бес саусақ » стратегиясы

Балалар саусақтарын ақ қағазға салып өз бойларындағы жақсы қасиеттерін жазып, тақтаға жапсырады. Оқып ,қолдау көрсетіледі.

5. Сергіту сәті (Экраннан би ырғағымен жаттығу жасайды.)

Қорытынды. Сонымен, мейірімділік әр адамның жүрегінде өмір сүреді. Мейірімділікті адамның көзінен көруге, іс-қимылынан табуға болады. Мейірімді адамды барлығы жақсы көреді.

Сабақты қорытындылай келе (Оқушыларға сабақтан алған әсерлерін айтқызу)

Сабаққа белсене қатысқандарын үшін көп-көп рахмет!

Жүрегіміз мейірімділікке толы болсын!

Үйге тапсырма: Оқушыларға жүрекше таратылады.Жүрекшенің ішіне «Мен мейірімді баламын.Өйткені...» тақырыбында өздері жасаған ізгілік істері туралы шағын әңгіме құрастырып жазу.

 

 

 

 

 

 

 

МЕЙІРІМДІЛІК – АСЫЛ ҚАСИЕТ

 Мақсаты: Баланың бойына рухани-адамгершілік  қасиеттерді ұялату, жақсы-жаманды ажырата білуге ,адамдық асыл қасиеттерді игеруге ықпал ету.Бір-бірімен қарым-қатынастарын жақсарту,оларды  адамгершілікке ,имандылыққа. шыншылдыққа, мейірімділікке тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ

Әдісі: Түсіндіру, сұрақ –жауап,әңгімелеу.

Көрнекі құралдар: слайд

Сабақтың барысы:              

Мұғалім:    -Саламатсыздар ма құрметті оқушылар !Бүгінгі біздің тәрбие сағатының тақырыбы «Мейірімділік-асыл қасиет». Адамның жақсы қасиеттерінің бірі мейірімділік туралы әңгімелесеміз. Адамдардың бір-біріне деген мейір шапағаты -әдептілік белгісі , сол туралы білеміз.

Абайдың 14 сөзімен таныстыру

«Мейірімді адам» бойындағы қасиеттерді атар өтсек: жақсы адам, ақкөңіл, жаны таза, шыдамды, рақымшыл, жылы жүректі. Енді осындай адам деп кімді айтар едіңдер?

— Әрине мейірімді жандардың қатарында ең бірінші біздің аналарымыз тұрады екен.

— Адамзат ненің,кімнің  мейіріміне бөленген?

— Күн, табиғат, ана, ұстаз, дәрігер және тағы басқалардың мейіріміне бөленеді. Ендеше мына сұрақтарға жауап беріп көрейікші:

«Мейірімді адам» дегенді қалай түсінесіңдер?  Қандай адамды мейірімді адам деп айтасыңдар? Балалардың жауаптары тыңдалады.

«Мейірімділік шуағы» сөзін топтастыру(Тақтаға оқушылар осы сөздің мағынасын ашатын сөздерді қойып шығады)

жақсы адам           ақкөңіл           жаны таза          бірлік

жарастық                                                                           махаббат

 

шыдамды                   Кім мейірімді?                           рақымшыл

 

 

ынтымақ                                                   бауырмалдық

 

жылы жүректі        сүйіспеншілік            қамқорлық         достық.

«Болады-болмайды» тренингі

(оқушылар шеңберге тұрады, мұғалім болатын нәрселерді айтқанда оқушылар қолдарын үш рет шапалақтайды, ал болмайтын нәрселерді айтқанда қолдарын бір рет шапалақтайды)

-Мейірімді болуға …. (болады),               Кешірімді болуға …. (болады),

Қатыгез  болуға …. (болмайды),              Тәртіпті болуға …. (болады),

Әдепті болуға …. (болады),                     Ұрысқақ болуға…. (болмайды),

Сыпайы болуға …. (болады),                   Қайырымды болуға …. (болады),

Бұзық болуға …. (болмайды),                  Бауырмал болуға …. (болады),

Ақылды болуға ….. (болады),                  Мақтаншақ болуға …. (болмайды),

Шыншыл  болуға …. (болады),                Арам болуға …. (болмайды),

Маман болуға …. (болады),                     Жаман болуға …. (болмайды),

Айтпақшы,                                             Жаман болуға ….! (болмайды).

Мұғалім:   -Балалар жаңа өздерің  көргендей сары тауық балапандарына бір-біріне адал, қамқор,мейірімді болуды үйретіп жатыр, ал сендерге балалар жақсы болуды, мейірімді болуды кім үйретеді?(оқушылар жауабы)

   «Мейірімділікті анадан үйрен» деген халық даналығын жазып қояды және оның мәнін түсіндіреді.   Ана — халық ұғымында жаратушы. Олай дейтініміз табиғаттың жаратқан иесі адамды дүниеге әкелуші — Ана. Ал барлық нәрсенің дүниеге келуі үлкен мейірім мен шапағаттан пайда болады. Табиғаттың барлық жанға бірдей мейірімді болуы сондықтан. Адамның да ананың кіршіксіз мейірінен берілген мейірімділігін сақтап қалуы өз қолында.

Тапсырма:«Кім және не мейірімді?» түсіп қалған сөздерді орнына қою керек. (баяу музыка ойнап тұрады)

Күлімдеген …. мейірімді. (күн)     

Кіршіксіз ақ ….  мейірімді! (қар)

Таза мөлдір….  мейірімді!  (су)

Бәрімізді көтеріп түрған  …. мейірімді!  (жер)

Аяулы …. мейірімді! (анам)           

Қадірлі …. мейірімді! (әкем)

Әлпештеген …. мейірімді! (әжем)   

Еркелеткен ….  мейірімді! (атам)

Жылы жүзді  …. мейірімді! (ұстазым)  

Тату-тәтті …. мейірімді!  (достарым)

Жағдаяттарды шешу:

1-жағдаят: Сен аулада ролик теуіп жүрдің, ал сенің досыңның ролигі жоқ, сенің әрекетің?

2-жағдаят: Сенің алдыңнан бір құшақ газет-журнал көтерген хат тасушы апай  шықты , сен не істер едің?

3-жағдаят: Сенің  анаң ас дайындап жатыр, ал інің мазасызданып кетті,сенің әрекетің?

4-жағдаят: Сенің алдыңнан ауыр сөмкелерін көтерген әже шықты, сен абайсызда ол әжені қағып кеттің, оның сөмкесіндегі заттары шашылып қалды, сен не істер едің?

Мұғалім:  -Балалар  сендер өздеріңді мейірімді баламын деп санайсыңдар ма? Ендеше  бәріміз бірге «Мейірімділік ағашын» өсірейік, ол үшін сендер өздеріңді не үшін мейірімді санайтындарыңды айтып, «мейірімділік ағашына»  жемістерді ілеміз.

Қорытынды:  -Балалар бүгін сабақта адам бойындағы тағы бір асыл қасиет мейірімділік туралы білдіңдер? Осы сабақта өздеріңе не алдыңдар, не үйрендіңдер?         (оқушылар жауабы)

-Дұрыс балалар, адамдар  бір-біріне  әрқашан қамқоршы, адал, қиын жағдайда қол ұшын беруі керек, әр күнін  күлімдеп қарсы алып, өзін қоршаған  адамдарға,бауырларына  мейірімділік таныта білуі керек.

 

 

 

Тәрбие сағатының тақырыбы:Мейірімділік-асыл қасиет

Мақсаты: Баланың бойына рухани-адамгершілік  қасиеттерді ұялату, жақсы-жаманды ажырата білуге ,адамдық асыл қасиеттерді игеруге ықпал ету.Бір-бірімен қарым-қатынастарын жақсарту,оларды  адамгершілікке ,имандылыққа. шыншылдыққа, мейірімділікке тәрбиелеу.

  Дамытушылық мақсаты: шығармашылық қиялын,ой-өрісін, есте сақтау, жүйелі ойлауын дамыта отырып, танымдық қабілеттерін жетілдіру.

Сабақтың көрнекілігі:  Секен Тұрысбековтың  «Көңіл толқыны» күйі, доп, түрлі-түсті  жүрекшелер, стикер,ұлағатты сөздер.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру.

ІІ.  Шеңбер айналасында жылы лебіздерін білдіруді ұсынамын.Балалар,бәріміз ортаға шығып, шаттық шеңберін» құрайық.Әрбіріміз қасымызда тұрған досымыздың жақсы қасиеттерін ізгі ,жылы  сөздермен,жылы жүрегімізбен,күлімдеген көзімізбен,жымиған езуімізбен  жеткізейік.

-Сен нағыз доссың,ең әдемі қызсың,мейірімдісің өте ұқыптысың,еңбекқорсың және т.б.

-Жарайсыңдар балалар! Әрбіреуің достарыңа деген жылы лебіздеріңді естіп, қатты қуанып тұрмын.

 ІІІ. Тыныштық сәті (баяу музыка  Секен Тұрысбековтың «Көңіл толқыны»)

Көзімізді жұмып,біраз демалып,жақсы істерді көз алдымызға елестетейік.Біз қазір керемет,әрі сиқырлы,мейірімділік пен сүйіспеншілікке толы әлемге саяхат жасаймыз.

Бұл әлемнің ауасы таза,жұпар иісті.Бәріміз де сол әлемге қарай қадам басайық! Біздің жанымызда достарымыз,олардың жанында біз өзімізді еркін сезінеміз.Мейірімділік,сүйіспеншілік ізгілік нұры бізге қонып,жан дүниемізді осы жақсы сезімге толтырады.Адамдар бір-біріне тек жақсылық,қуаныш,ізгілік сыйлап жатса,қандай жақсы болар еді.

Қайтатын уақыт та келді.Осы әлеммен қоштаса отырып,мейірімділік нұрын өзімізбен бірге ала кетейік.Енді балалар көздеріңді аша қойыңдар.

ІҮ. Оқушылардың назарын  мейірімділік туралы әңгіме тыңдауға аударамын.  

Бір мазасыз балапан өмір сүріпті.Күндердің күнінде ол анасынан «Мейірімділік деген не?-деп сұрапты». «Сен әлі кішкентайсың.Өскеннен кейін түсінесің», деді анасы. Жолда ол жылап жүрген ешкіні кездестіреді,ол балапаннан жоғалып кеткен лағын тауып алуға көмектесуін сұрайды. «Менде уақыт жоқ»,-деді балапан,- мен мейірімділіктің не екенін білуім керек»,-деді де, әрі қарай жүгіріп кетеді. Шалғайдан балапанды кездестіреді,ол ағашқа ілініп қалған шарды ала алмай жүреді. «Балапан,балапан маған шарды алуға көмектесіп жіберші»,-деп сұрайды қыз. «Менде уақыт жоқ,дейді балапан,

-Мен мейірімділіктің не екенін білгім келеді». «Маған айтшы»,-деді балапан. «Бірінші сен шарды алып бер дейді. Балапан шарды алып береді. «Мінеки, сен қайырымды іс істедің.Мейірім деген осы». «Қандай оңай?»-деп таң қалды балапан.

Мәтін бойынша оқушылардың өзіндік пікірлерін білу мақсатында сыныпқа төмендегідей сұрақтар қоямын.

а)Мейірімділік деген не?

ә)Неге мейірімді болу керек?

б)Қалай мейірімді болуға болады?

Мейірімділік-ол басқаларға қамқор болу.Қайырымды болу-жердегінің бәріне қамқорлық жасау дегенді білдіреді.Мейірімділік адамдар мен табиғат және жануармен қарым-қатынаста байқалады,айқындалады.Мейірімді болу адамдарға қамқорлық жасау және де қоршаған ортаға,өзіңе қамқорлық жасау.

 Ү.«Құпиялы қасиет» ойыны. (Барлық балалар бір шеңберге тұра қалады да, қолдарын алдына қарай,алақандарын бір-біріне тигізіп,созады.Мұғалім қолында,мейірімділік қасиетін білдіретін белгі ретінде,тиын ұстап тұрады. Мұғалім екі алақандарының арасындағы тиынды балалардың алақандарына салғандай тигізеді де,былай дейді: Сезім « өте мейірімді». Сонан кейін  Арай алақанын ашады да,тиын бар ма,жоқ па, көрсетеді. Балаларға тиынның кімде екенін табуға үш рет мүмкіндік беріледі.

ҮІ « Мейірімділік  нұры» жаттығуы.

Қазір  мен тақтаға  мейірімділік  шапағын ілемін.Бұл шапақтан жан-жаққа шуақ шашылуы керек. Ол үшін алдарыңдағы  стикерге мейірімділікке байланысты сөздер жазып, шуаққа нұр таратамыз, яғни мейірімділік нұрын шашамыз.

 ҮІІ.         Көрініс

Сезім

Кеуде тұсына қызыл жүрек бейнесін ілген.

Жүрек. Мен адам баласын алаламаймын;

Жақсылыққа елжіреп,еритұғын-мен,жаманшылықтан жиреніп,тулап кете тұғын-мен.

Әділет,нысап,ұят,рақым,мейірімділік дейтұғын нәрселердің бәрі меннен тарайды.

Жүрек жанында тұрған «Ақыл» мен «Қайратқа» қарата сөз сөйлейді.

Ей,ақыл! Амал да,айла да-бәрі сенен шығады,жақсының,жаманның,екеуінің де сүйенгені-сен екеуінің де іздегенін тауып беріп жүресің соның жаман.

-Ей,қайрат! Сен де жақсылықты берік ұстап,кейде жамандықты берік ұстап кетесің-соның жаман. Ортада бой таластырған үшеуге әділ төрелікке «Білім» ата келеді.

Басына шалма ораған, ойлы,қолында кітап        (Бихан)

   Білім.

-Сенің үшеуіңнің басыңды қоспақ-менің ісім. Бірақ сонда билеуші,әмірші жүрек болса жарайды. Осы үшеуің басыңды қос, соның ішінде жүрекке билет.

Жүргізуші.       -үш-ақ нәрсе-адамның қасиеті.

Ыстық қайрат,нұрлы ақыл,жылы жүрек.

Біреуінің күні жоқ,біреуінсіз.

Ғылым сол үшеуінің жолын білмек.

Қорытындылау.

« Жүректен жүрекке» жаттығуы.

Алдарыңда түрлі-түсті жүрекшелер бар. Кімге қай түстегі жүрекше ұнайды соны алайық. Әр жүректің артында адамның бойындағы жақсы қасиеттерді оқыңдар.

Қызыл-адамгершілік.

Сары- адалдық.

Қызғылт- мейірімділік.

Көгілдір- сүйіспеншілік.

Жасыл- әдептілік.

Көк- ізеттілік.

Ақ-қайырымдылық.

Ендіше, осы қасиеттер сендердің бойларыңнан табыла берсін демекпін.

Жақсылықпен- кәрі-жастың күйін біл,

Сөз,ісіңмен ел-жұртыңды сүйіндір.

Есендікте ізгілік ет, тарылма,

Қазына үлес ,жарылқа Һәм жаңылма- деген Ж Баласағұнидің             сөзімен сабағымды  қорытындылаймын. Бүгінгі сабаққа бәріңе көп рахмет, жақсы қатыстыңдарың үшін!

 

Просмотров: 1295


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст