«Ақмола облысы білім басқармасының  Жарқайың ауданы бойынша білім бөлімі Тасөткел ауылының негізгі орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Основная средняя школа села Тасоткель отдела образования по Жаркаинскому району управления образования Акмолинской области»

Біз әлеуметтік желілердеміз

   

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Тасөткел негізгі мектебінде 16желтоқсан «Біз – тәуелсіз елдің ұрпағымыз» атты іс – шарасы.

18.12.2019

Тасөткел негізгі мектебінде 16желтоқсан «Біз тәуелсіз елдің ұрпағымыз» атты іс – шарасы өтті.

 

Мақсаты: Отан туралы алған білімдерін бекіту Оқушыларды Қазақ халқының тәуелсіздік жолындағы ерлік күресімен, қол жеткен жетістіктерімен қысқаша таныстыру. Қаншама құрбандықпен қол жеткен тәуелсіздігіміздіқұрметтей, қастерлей білуге тәрбиелеу. Қазақстанның келешегі үшін аянбай күресуге және еңбек етуге баулу. Патриоттық тәрбие беру.

Тасөткел негізгімектебінде Тәуелсіздігіне арналған апталық жоспарланды. Жоспар бойынша 10 желтоқсан «Біз – тәуелсіз елдің ұрпағымыз» атты сынып сағаттары өтті. Сынып сағатта  оқушылар түрлі бейнеролик көрді.  Қиялдарға беріліп, 30жылдан кейінгі Қазақстанды  бейнелеп, ойларын ортаға салып, талқылады.

Бастауыш сынып сағаттарынан  үзінді.

             

Жоғары сынып оқушыларының сынып сағатынан үзінді.

 

Жоспарға сәйкес 11 желтоқсан мектеп кітапханасында

 «Елімнің бақытын тербеткен – Тәуелсіздік!» атты кітап көрмесі өтті. Мұнда Р. Ж. Алдамуратова қазақстанның тәуелсіздікке қалай жеткендігі туралы мәліметпен бөлісті.  Оқушылар Тәуелсіздік туралы кітаптармен танысып, оқып, қызығушылық танытты.

              

         

«Елімнің бақытын тербеткен – Тәуелсіздік!» кітап қөрмесі.

13желтоқсанда «Біз – тәуелсіз елдің ұрпағымыз» атты іс – шарасы өтті. Онда бастауыш сынып оқушылары «Тәуелсіз елдің ұрпағымыз» балалар тәуелсіздікті қандай екенін, болашақта Қазақстанды қалай көретіндігі туралы қиялдарын, ойларын сурет арқылы бөлісті. Іс шарамызды мектеп директоры Б. Т. Жумабекова бастап, ардагерлер ұйымының төреайымы А. М. Сыздыкова және тарих пәнінің мұғалімі Л. Т. Жолдыбаева бастап ашып берді. 3-4сынып, 6-7сыныптар патриоттық өлеңдер айтып өздерін басқа қырларынан танытты. 8сынып 16желтоқсанға музыкалық өнерін көрсетіп, 9сыныптың «Ақтық сөз» атты көрінісімен іс шарамызды тамамдадық.

Кеш соңында, оқушылар ағаларымыздың алып берген тәуелсіздігін түсініп, ары қарай Қазақстанның гүлденуіне үлестерін қосатынын айтты.

                           

           

«Біз – тәуелсіз елдің ұрпағымыз» атты кештен үзінді.

 

Просмотров: 438


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст