Ақмола облысы
Жарқайың ауданы
Тасөткел негізгі мектебі
Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Жумабекова Б.Т
2019-2020 оқу жылы
«Тіл білгірі» сайысы.
Мақсаты: 1. Оқушылардың топпен жұмыс жасау дағдылары
қалыптасады. Өткен сыныптардың тақырыптарын қайталау
барысында, білімдерін жүйеге келтіреді. Көркемсөз оқу
шеберліктерін жаттықтырады.
2. Сөздік қорлары артады, оқушылардың шығармашылық
қабілеттері дамиды. Мәнерлеп оқу икемділіктері мен
сахнада өзін ұстау әдебі арта түседі.
3. Тілімізді бағалау, Отанымызды мақтан тұту сезімдері
оянады. Топпен жұмыс жасау барысында, оқушылар
арасында достық қарым-қатынас орнайды.
Көрнекіліктер: Интерактивті тақта
Жүргізілу барысы:
Ана тілім - абырой, ар-намысым,
Тілім болса болады қолда күшім.
Тіл болмаса қалайша орындалар,
Арман, ойым, мақсатым, алдағы ісім.
Халықтығым, біртұтас алыптығым,
Ана тілім - алдағы жарық күнім.
Төбем көкке жеткендей қуанамын,
Тілімнің құдіретін танып бүгін.
О, менің қасиетті ана тілім,
Жебей көр астына алып қанатыңның.
Қазақ деген бойымда қаным барда,
Өзіңсің көтеретін дара туым.,- деген өлең жолдарымен бүгінгі «Тіл білгірі» сайысын бастағым келіп тұр.
Қазылар алқасымен таныстыру.
-Әділ қазы, ақ қазыға сәлем бер,
Әділдікке бас иеді күллі әлем.
Жүйрік озар, сайыстарда неше бір
Сарапқа сал, әділдікпен шеше біл,- дей келе сайысымызды бағалайтын әділқазылар алқасымен танысыңыздар:
1.Әдістемелік бірлестік жетекшісі Жолдыбаева Л.Т
2. Қазақ тілі пәні мұғалімі Абдимуратова Р.Ж
Бүгінгі сайысымыздың кезеңдерімен таныстырып өтейін:
Сайыс кезеңдері:
1-кезеңде
Әр топтың сайысатын күні бүгін,
Сәті түсіп, жеңеді екен кімді- кім?
Ең алғашқы сайыс шарты бойынша,
Топбасылар таныстырсын бір- бірін,- дей келе әр топ өздерін таныстырып өтсін
2-кезең «Бәйге».
-Білім деген биік шың,
Бақытқа сені жеткізер.
Білім деген ақылшың,
Қиындықтан жеткізер,-деп сайысымыздың алғашқы шарты «Бәйге» кезеңін бастаймыз. Топтарға кезек-кезк сұрақтар қойылады, тез жауап берген топқа ұпай беріледі.Әр сұрақ 1 ұпайдан. Барлығы 10 сұрақ. кемітіледі.
3- кезең. «Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні». Бұл кезеңде «Ұяшықтар» тармақтарындары мақал-мәтелдердің тақырыптары жасырылған. Оқушыларымызды мақал-мәтел айтудан ұшқырлығын бақылаймыз. Әр бір айтылған мақалға 1 ұпайдан беріледі. Саны шектелмейді,яғни топтардың мақал-мәтел айтудағы шеберлігі.
4-кезең. «Білім сайысы». Топтарға қазақ тілі мен әдебиеті бойынша ұяшықтағы ұпай санын айта отырып сұрақтарға жауап береді.
5-кезең. «Кім жүйрік ». бұл кезеңде топтар тұрақты тіркестерді бір сөзбен айту керек,яғни мағынасын ашу . 10ұпайдан бағаланады.
Көрермендер көмегі: Ұлы Абай атамыздың бір өлеңін жатқа айту. Алған 1 ұпай өзінің жанкүйер болған тобына бере алады.
Қорытындылау. Марапаттау.