Тасөткел негізгі мектебінің 2019-2020 оқу жылында «Экосағат» республикалық акция негізінде өткізілген жұмыстарының есебі.
2019-2020 оқу жылының 3 қазанында Тасөткел негізгі мектебінде «Экосағат» республикалық акция негізінде «Эко-сағат. Қазірден баста!» тақырыбында іс шара өтті.
Мақсаты: оқушылардың қоршаған ортаға деген махаббат құндылықтары жайлы түсініктерін кеңейту; шығармашылық қабілеттерін, жақсылық жасай білу іскерліктерін, ойлау қабілетін дамыту, табиғатты қорғауға, елін, жерін сүюге, мейірімділікке, ізгілікке тәрбиелеу,экологиялық тәрбие беру, Табиғат-Анаға сүйіспеншілікпен қарауға жетелеу.
«Экосағат» тақырыбында 6-9 сыныптары арасында сынып жетекшілері сауалнама жүргізді. «Экосағат» 30мин бейнеролик көрсетіліп, оқушыларға танымдық сабақтары жүргізілді. Балалар сұрақтарын қойып, ой бөлісті. «Экология және біз» сынып сағаттары жүргізілді.
«Экосағат» 6-9сынып оқушылары арасында сауалнамасы
-
6-9 оқушыларының сынып сағаттарынан үзінді
Бастауыш сынып сағаттарынан үзінді.
Мектеп ұжымы, ата-аналар, әкімдік пен ардагерлер алқасының төрайымы қатысқан «Эко сағат. Қазірден баста!» линейкасы өтті. Мектеп директоры Б. Т. Жумабекова табиғаттың жанашыры, табиғатты аялау керектігін айтып, іс – шараны бастап берді. Ауыл әкімі Саухимова С. Т. ауылдың жандануы болашақ жастарда екенін атап өтті. Ардагерлер ұйымының алқасы Сыздықова А. М. осындай көгалдандыру мақсатында жасалған іс-шаралар көптеп бола берсін деген ниетін айтты.
«Эко сағат. Қазірден баста!» линейкасы
Ф. Г. Башмаковтың ұйымдастыруымен бастауыш және жоғары сынып оқушылары арасында экокросс өтті. Нәтижелерін жалпы линейкада марапаттап өтті.
Мектеп ауласын көгалдандыру мақсатында ұйымдастырылған «Менің жасыл аулам» атты іс – шарасы басталды. Б. Т. Жумабекова, С. Т. Саухимова, А. М. Сыздықова,
Л. Кульжан, Ф. Г. Башмаков, Н. К. Бибатырова бастаған мектептің белсенділері сыртқа қарағай ағашын отырғызуға шықты . Балалар қызығушылық пен белсенділікпен қатысты.
Башмаков Ф. Г. оқушыларымен
Жумабекова Б. Т. шәкірттерімен
Ата – аналар төрайымы Кульжан Л. Бибатырова Н. К. оқушыларымен
\
Ардагерлер алқасының төрайымы Сыздықова А. М. оқушылармен қарағай отырғызу рәсімінде.
ТІМ /Суйндык М. Е./