«Ақмола облысы білім басқармасының  Жарқайың ауданы бойынша білім бөлімі Тасөткел ауылының негізгі орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Основная средняя школа села Тасоткель отдела образования по Жаркаинскому району управления образования Акмолинской области»

Біз әлеуметтік желілердеміз

   

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«СЫҢҒЫРЛА, СОҢҒЫ ҚОҢЫРАУ»

30.05.2019

9 сынып оқушыларының «СЫҢҒЫРЛА, СОҢҒЫ ҚОҢЫРАУ»  сценариі.

 

1-жүргізуші: Армысыздар, құрметті ұстаздар мен оқушылар!
2-жүргізуші: Қайырлы күн, қадірлі ата-аналар мен қонақтар!
1-жүргізуші: Өзіңменен өлшеусіз нарқым менің,
Асқар тау, арқа тұтар алтын белім.
Ұядан ұрпағыңды ұшырмаққа
Қош келдің, айналайын, халқым менің!

2-жүргізуші: Кеше ғана тұлымдары желбіреп, жүректері лүпілдеп, мектеп қабырғасын ат таған ұл-қыздарымыз ойы толып, бойы өсіп, алтын ұя мектебімен қоштасқалы отыр.
1-жүргізуші: Ұрпағың мақтануға болса лайық

Біз бүгін мақтанайық жар салайық

Биылғы 9-ші сынып түлектерін

Құрметпенен қол соғып қарсы алайық - деп алтын ұя
мектебінің табалдырығынан үлкен өмірге ұшқалы отырған мектеп бітіруші түлектерімізді құрметтеп ортаға шақырамыз. Қарсы алыңыздар!
(Музыка әуенімен ортаға бітіруші түлектер шығады)
Алдарыңызда 9 сынып оқушылары мен сынып жетекшісі Шайырманова Мейрамгуль Ерлановна.

2 – жүрзізуші:

Бахтияр достарының берекесі,

Жайдарлы, әрқашанда ел еркесі.

Өмірден алар орны жақсы болып,

Жайылсын көпшілікке керегесі.

1-жүргізуші:

Бақытты ғой бүгінгі күн түлегі,

Жүзінде шаттық, көздерінде нұр еді.

Аида деген әп-әдемі оқушы,

Өнер десе дүрсілдейді жүрегі.

2 – жүрзізуші:

Нұрымдың да орны бөлек сыныпта

Талапты,еңбекшіл ол сабақта.

Талабыңа нұр жаусын деп тілейміз,

Студент бол, жеңіске жет сынақта.

 

1-жүргізуші: 2018-2019 оқу жылының аяқталу құрметіне арналған
«Сыңғырла, соңғы қоңырау» атты салтанатты жиынымызды ашық деп жариялаймыз.

1-жүргізуші: Қазекем қонақ десе көсіледі,
Мұндайда жай түйіні шешіледі.
Ақ тілеулі ырыс қой қонақ деген
Өзімен ала келер несібені. – демекші бүгінгі салтанатты жиынымыздың қадірлі қонақтарымен таныс болыңыздар:
1.
2.
3.
Бүгінгі салтанатты жиынымыздың құрметті қонақтарына сөз береміз
 

 

 


2-жүргізуші: Ажырамай мектептен бір елі сіз,
Жақсылыққа жаралған жүрегіңіз.
Сөз берелік құрметпен өзіңізге,
Шәкірттерге арналсын тілегіңіз, - дей отырып, құттықтау сөзі мектеп директоры Жумабекова Бибигуль Толешовнаға беріледі.

2-жүргізуші: Жақсы шәкірт азамат атанады,
Халқынан ата-анадан бата алады.
Ұрпағына айтсын деп ақ тілегін,
Ортаға шақырайық ата-ананы.
Сөз кезегі құрметті де қадірлі ата-аналарымыз атынан ____________________________апайға беріледі.


1-жүргізуші: Ұрпақсыз шәкірттерге бақ келген бе?
Бапкерсіз тұлпарларға бап келген бе?
9  жыл сыныбы үшін жанын салған,
Сөз кезегі түлектердің сынып жетекшісі Шайырманова Меурамгуль Ерлановнаға беріледі.

(9-сыныптардың мерекелік бағдарламасы)

Уч 1.Мектеп, мектеп менің жақын көңілім,

Мектеп, мектеп шаттық толы өмірің

Мектеп, мектеп әнім болып төгілдің,

Мектеп, мектеп ана болып та көріндің.

 

Уч 2. Бірге жүрдік 9 жыл бірге ойнадық

Бірге оқыдық 9 жыл бірге ойладық.

Келді бүгін қоштасатын кезіміз

Ақтық рет мектеп тойын тойладық

Уч 1.Содан бері    9 жылда  асыпты,

Көңілді кең көркем кезең тасытты.

Осы жерден болашаққа жол ашып,

Талай түлек өмірге қадам басыпты!

Уч 2

Мектеп деген білім кені, жыр кені,
Мектеп деген ғылымның ең үлкені.
Мектеп деген тәрбиеші адамға,
Мектеп деген даналардың мекені.

Ән «учат в школе»  

 

Уч 1. .Ұстаздарым, сіздер қымбат екенсіз,

Осы сөзім шындықтардан бетер шын,

Соңғы қоңырау кеште болса айтайын,

Өкпелеткен кездер болса кешерсіз!

 

Уч 2.Жалықпастан үйреттіңіз біздерге,

Ұстаздарым мың-мың алғыс сіздерге.

Армандадың біздер адам болса деп,

Тілек тілеп тұрасыздар біздерге!

 

Уч 1. Көрмеген артық сөйлеп, артық күліп

Шәкірттерін баулыды, тәртіпті қып

Қоштасамыз біз бүгін ұстаздармен

«Ұстаздар » өлеңін айтып тұрып.

Ән: «ұстазым» танец

 

1-жүргізуші: Мектеп түлектерінің аттынан  ұлағаты ұстаздарына келесі номинацияларды тапсыруға рұқсат етініздер:

  1. «Үздік оқытушы-менеджер» номинациясы мектеп директорына Жумабекова Бибигуль Толешовна беріледі
  2. «Барлығы жақсы, барлығы жақсы, барлық емтихандар тапсырылды» номинациясы
    директордың оқу жөніндегі орынбасарына Жунусова Куляш Капановнаға беріледі
  3. «Біз қанша уақыт бойы демалмаған болсаңыз, бізді тәрбиелеуге тырысыңыз» номинациясы тәрбие ісінің менгерушісіне Бектемисова  Сауле Кайсаровнаға беріледі
  4.  «Балалардың құпияларын сақтаушы» номинациясы Пернебай Акнур Нурлановнаға мектеп психологына беріледі
<>5.«Мен орыс тілін тек сіз үйреткендерің үшін ғана үйрендім» номинациясы  Шанатова Разия Абисовнаға беріледі
  • «Ана тілін және әдебиетті зерттеуге баға жетпес» номинациясы Абдимуратова Рано Жумамуратовнаға беріледі
  • «Жерде өмір үшін» номинациясы биология пәнінің мұғалімі Кенжеғали Ақгүл Ерлановнаға берілді.
  • «О, спорт, мен сені сүйемін, бірақ біртүрлі махаббатпен» номинациясы Башмаков Фарид Гаянович беріледі.
  • «Ескі ежелгі күзетші» номинациясы тарих пәнінің мұғалімі Жолдыбаева Ляззат Толегеновнаға берілді.
  • «Таңертең күнде құшақ жаяр» номинациясы 9 сынып жетекшісі Шайырманова Мейрамгуль Ерлановна беріледі

 

Уч 2. Тәлімге ұлды шақырар,
Қызға да дейді - қарағым.
Тілеуін тілеп отырар
Әрдайым үйде баланың.

Уч 1. Дейді олар ақыл санада -
Жүгін деп, бойды билетіп.
Отырар әр кез балаға
Адалдық жолын үйретіп.

Уч 2. Дей ме олар сонда құт тұрар,
Бақыт боп сонда келмек күн.
Сондықтан айтып ұқтырар
Не екенін адал еңбектің.

Уч 1. Өлшеусіз ісі олардың,
Жай ғана жандар әрі ұлы.
Бойында әрбір адамның
Солардың жатар тәлімі.

Ән: «Акешим Анашим»

Флешмоб

 

     Білім кілтін тапсырушы сөзі: Бахтияр

Мейірімінен шуақ төгілген, Ұстаздар саған аманат!
Шығатын күміс үнімен Әндерім саған аманат!
Үзілісте соғатын Қоңырау саған аманат!
Үлгілі тәртіп , үздік оқу-ізбасарым саған аманат!

Білімннің алтын қазығы,  білім кілті саған  аманат!
«Қош бол алтын ұям» - деп айтамыз сізге сау-саламат!

Білім кілтін қабылдаушының сөзі: Әділ

Біз 8 сынып оқушылары : Сіздерден қастерлі аманатты қабылдай отырып , бізге артқан сенімдеріңізді ақтауға , білім мен тәрбиенің барлық салаларынан алда болуға , мемлекетімізді гүлдендіруге , дамытуға негіз болатын ғылыми жетістіктерін кеңінен игерген саналы азамат болып шығуға мектебіміздің мәртебесін биіктетіп , жоғары деңгейге көтеруге өз үлесімізді қосамыз деп сеніммен ант береміз.

 

Уч 1.:

Мектеп қайта есігін ашпас енді,

Өмір – ұстаз, ақылды, ақ шаш өңді.

Басқаша енді үйретер бар сабағын,

Қоңыраулар соғылар басқаша енді.

Былтырғыдан басқаша биыл демек,

Білімің мен ақылың, күйің бөлек,

Енді басқа жиын-той, киім керек,

Енді бізге шынайы сүю керек.

 

 

Уч 2.

Сұрақ басқа оп-оңай шешілмейді,

Жаса қанша тентектік, есір, мейлі.

Мектептегі мұғалім кешіргенмен,

Өмір - қатал, ол күнде кешірмейді.

Даусыз ол күн есіңде сақталады,

Жазылмаған өмірдің ақ парағы,

Жаңа дастан күтеді, жазуымды

Күтпейді тек сыныптың тақталары.

Енді бізді күтеді барлық жолдар,

Күтпейді тек мектептің парталары.

Ән «Қош бол, мектеп»


2-жүргізуші: Соңғы қоңырау соғу салтанаты 9 сынып оқушысы   Жабай Нурым мен 1 сынып оқушысы Скакова Ақмаржан тапсырылады.

1-жүргізуші: Көгершіндей самғаңдар, түлектерім,
Орындалсын өмірде тілектерің.
Үнімен соңғы естіген қоңыраудың.
Дірілдеді - ау ерекше жүректерің.


2-Жүргізуші:
Бұл соңғы қоңырау үні... Балалықпен қоштасу, үлкен өмірмен қауышу үні.
Өмірде ілбіп, тек көшпей,
Жүретін сергек жол мынау.
Құлақтан үнің кетпестей,
Сыңғырла, соңғы қоңырау,
Сыңғырла, соңғы қоңырау! – деп мектеп түлектерін жаңа өмір баспалдағына шығарып саламыз.


1-жүргізуші: Қоштасады алтын ұя мектебің
Маңдайыңнан сипап өтер көкте күн.
«Сәт - сапар» деп қол бұлғаймыз бәріміз
Тілейміз біз армандарға жеткенін!
Мемлекеттік емтиханды табысты тапсыруларыңызға тілектеспіз. Жаңа өмірлеріңізге ақ жол, сәт сапар тілейміз!


2-жүргізуші: Осымен 2018-2019 оқу жылының салтанатты соңғы қоңырау жиынын жабық деп жариялай отырып, жазғы демалысты жақсы өткізіп, келесі оқу жылында амандықпен жолыққанша сау-саламатта болыңыздар.

Просмотров: 1661


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст