Тасөткел негізгі мектебінде «Отбасы сағатты» атты ата - ана жиналысын өткізу туралы есеп
Тасөткел негізгі мектебінде 15.05.2019 жылы 15 мамыр «Отбасы күніне» орай ата – ана жиналыс өткізлді.
Жиналыстың мақсаты: отбасылық тәрбие мен отбасылық құндылықтар туралы тұжырымдаманы қалыптастыру; оқушылардың отбасы алдындағы жауапкершілік сезімін тәрбиелеу, отбасында оң қарым-қатынастарды насихаттау, ата-аналар мен балалардың жақындасуына ықпал ету.
Ата – ана жиналысында келесі сұрақтар қарастырылды:
Бірінші сұрақ бойынша тәрбие ісінің меңгерушісі Бектемисова С.К. « Бала тәрбиесі - жауапты іс» атты баяндама оқыды. Мақсаты: Баланы адамгершілікке, қарапайымдылыққа, жақсы әдетке, әдемілікке, әдептілікке, ұқыптылыққа, жауапкершілікке тәрбиелеудің маңыздылығын айқындау.
Екінші сұрақ бойынша информатика пәнінің ұстазы Шайырманова М.Е. және мектеп психологі Пернебай А.Е. ата – аналарға «Интернет» атты бейнебаян көрсетіп, бейнебаянды талқылау үшін сұрақтар койылды 1.Не байқадыңыз осы бейнебаяннан? 2.Білім алуға компьютердің және интернеттің қаншалықты көмегі бар? т.б. сұрақтарға жауап бере отырып постер кұрып қорғады. Және барлық ата – аналарға жаднама таратылды.
Үшінші сұрақ бойынша мектеп психологі Пернебай А.Е. ата – аналарға «Мектеп және отбасы» - байланысы туралы түсінік беріп, бейнефильм көрсете отырып, келесі кеңестерді берді: