«Ақмола облысы білім басқармасының  Жарқайың ауданы бойынша білім бөлімі Тасөткел ауылының негізгі орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Основная средняя школа села Тасоткель отдела образования по Жаркаинскому району управления образования Акмолинской области»

Біз әлеуметтік желілердеміз

   

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Мектепішілік «Жігіт сұлтаны-2019» байқауы

05.05.2019

Мектепішілік «Жігіт сұлтаны-2019» байқауы

Мақсаты: Ата салтын ардақтайтын, өз елін сүйер нағыз қазақ жігітінің қасиеттерін бойына сіңіре білер ұрпақты тәрбиелеу. Ер балалардың жан дүниесіндегі көркемдік талғамын қалыптастыру, қазақ халқының ұлды тәрбиелеу салт - дәстүріне байланысты әдептілікке, ұстамдылыққа, төзімділікке, имандылыққа, батылдыққа тәрбиелеу

Көрнекілігі: Тақырыбы, шарлар, эмблема, дорба, асықтар, дартс

Армысыздар ағайын, құрбы-құрдас!
Бармысыздар, жан күйер әз-қауымдас!
Бүгінгі кеш сайысты біз бастайық
Сайыста көңілменен қол соғайық.


Бағына бақытты елдің туған ұлан,
Бойына бар асылды жиған ұлан.
Қазақтың қасиетті жігіттері,
Жанына нұр дарыған, жыр дарыған.
Дария ой, даналардан бата алғандар,
Айнымас алмас қылыш атанғандар.
Қазақтың қасиетті жігіттері,
Халқына қалқан болған қаһармандар - деп, Махмұтбай Әмірұлы ағамыз жырлағандай халқымыздың әдет-ғұрпында отбасына ұл баланың келуі «Ұл туғанға күн туған» - деп ерекше оны бақыт санаған. Оның себебі қазақта отбасының жалғасы, шаңырақтың иесі ұл бала болып есептелген. Халқымыз ұл бала тәрбиесіне ерекше көңіл бөлген. Ер баланы адамгершілікке, батылдыққа, ептілікке, имандылыққа баулыған.
«Ұлға отыз үйден тыйым, он сан үйден сын»- демекші ер жігітке айтылар сын көп, қойылар талап та жоғары болған.

Бүгінгі ХХІ ғасыр білім мен ғылым дамыған заманда жігіттеріміздің үлкен белес асулардан көрінуі елге әкелген бақытпен тең.
Олай болса жігіттеріміздің батырлығын, ептілігін, білімдерін, ақылдығын тамашалайық.
Құрметті ұстаздар, оқушылар! Бүгін біз мектепішілік «Жігіт сұлтаны» байқауына жиналып отырмыз. Байқауымызды ашық деп жариялаймын.
 

Шалқытып мерекеде ән салайық,

Өнерпаз өрендерге тамсанайық.

Әділдікпен шындыққа арқа тұтқан,

Құрметті әділқазыларды қарсы алайық!

Сайысымызды бастамас бұрын байқауымызға төрелік ететін қазылар алқасымен таныс болыңыздар::

-Мектеп директоры Жумабекова Бибігүл Толешовна

-Тәрбие ісінің меңгерушісі Бектемисова Сауле Қайсаровна

-Оқу ісінің меңгерушісі Жунусова Куляш Капановна

Ал енді бүгінгі сайысқа қатысқалы тұрған жігіттерімізді  ортаға шақырайық!

                                                            (  «Жігіттер» әні қойылады)
Сөз тауып күн қылатын көңіл күйді,
Мектепте өнерімен болған сыйлы.
Бесінші сыныптың ер жігіті,
Шақырайық ортамызға Назар ұлды.

Спортпенен білім жағын бір қосқан
Кем қалмаған талантпенен табысқан.
Бүгіні қабыл болсын тілегіміз
Шақырайық Ералыны ортамызға.


Салт - дәстүрін бабалардың
Сақтап биік самғаймыз біз
Ата - әке ағалардың,
Нұрлы жолын жалғаймыз біз - деп ортаға Әділді шақырамыз


Қорықпаймын дауылдан,
Қорықпаймын ауырдан
Өжет, өткір болсын деп
Атам қойған Мансұр  деп ортаға 6 –сынып оқушысы  Сатай Мансұрды шақырамыз

 

Жігіттер келіп жетті танысуға,

Бойындағы бар дарынды дамытуға,

 Мадияр да жігерленіп келіп жетті ,

Әдеппен, ізетпен табысуға.

 

                                        («Жігіттер» әні ойнайды)

Жігіттер, бар өнерін салары анық,

Өнегелі, тәлімді алған қанып.

Ал ендеше таныстырып өтейін мен

Бөлімдерін сайыстың бөліп-жарып.

 

Сайысымыз 5 кезеңнен тұрады.
«Мен қазақтың ұлымын» - таныстыру

«Құралайды көзге атқан» - нысана көздеу

«Ескірмейтін есті сөз» - танымдық сұрақтар

.«Шынықсам шымыр болармын» -қол күресі
 Шебердің қолы ортақ»- қолөнер бұйымдарының шеберлігі
 

Енді сайыскерлеріміз әділ қазы алқасынан жеребе алсын. (Дорба ішінен нөмерленген асық алады). Сонымен, 1-ші ... 2-ші..., 3-ші..., 4-ші..., 5-ші...
Сәттілік тілейміз.
І.Ей, тәкәппар дүние,
Маған да бір қарашы
Танимысың сен мені
Мен қазақтың баласы - деп ақын ағаларымыз жырлағандай сайысымыздың І-ші кезеңі «Мен қазақтың ұлымын» - деп аталады. ». Жоғары ұпай-5. (Өзін жеті атасын қоса таныстыру )

 
ІІ. Би болатын жігіттің,
Төбеде болар жұмысы.
Мерген болар жігіттің,
Мергендік болар жұмысы – дегендей ендігі кезекті жігіттеріміздің мергендігін сынау мақсатында «Құралайды көзге атқан» нысана көздеу шартына береміз.Нысанаға тигізген сайыскер 5 ұрайға ие болады. 3 рет лақтырады. Үшеуінде де тигізсе, 15 ұпайға ие болады.  Ортаға 1-ші номерлі жігітімізді шақырамыз.
2-ші, 3-ші, 4-ші, 5-ші.
 

ІІІ. «Еңбек ердің – санаты, білім елдің қанаты» демекші адам ақыл - парасатымен сұлу, ақылды жігіт ата-анасының жанып тұрған шырағы емес пе?
Жігіттеріміздің мергендіктерін тамашаладық. Енді ақыл-ой тереңдігін, ой ұшқырлығын ұлттық салт-дәстүр мен әдет-ғұрыптарды, тыйым сөздерді, ұлағатты ұлттық ұғымдарды меңгеруін сарапқа салатын да кез келген сияқты. Олай болса келесі кезеңіміз «Ескірмейтін есті сөз» деп аталады. Бұл шартта жігіттеріміз сұрақтарға жауап береді. Әр сайыскерге 2 сұрақтан қойылалы. Ал сұрақтарды өздері таңдайды. Әр дұрыс жауап 5 ұпаймен бағаланады. Ендеше бастаймыз!

 

Бірінші 1. Жеті қазынаны атаңыз.(. Ер жігіт 2. Сұлу әйел 3. Ақыл, білім 4. Жүйрік ат 5. Қыран бүркіт 6. Берен мылтық 7. Жүйрік тазы.)

2. Тымаққа салу дәстүрі туралы не білесің? (шала туған баланы тымаққа салған...)

 

Екінші : 1.Ер қаруы бес қаруды атаңыз.( 1.Айбалта 2.Садақ 3.Қылыш 4.Найза 5.Шоқпар)

2.Қазақтың қандай ырым мен тыйымдарын білесің?(Бос бесікті тербетпе!,Табалдырыққа тұрма!,Үйге кірген жыланды өлтірмейді!т.б)

 

Үшінші: 1.Бата деген не? (Бата адамдарға айтылатын ізгі жақсы тілектер.Жасы үлкен адам береді.Әумин сөзімен аяқталады)

2. Үш қуатты атаңыз (ақыл қуат, жүрек қуат, тіл қуат)

 

Төртінші: 1.Үш дана кісілерді атаңыз (Абай. Шоқан, Ыбырай)

2.Айдар деген не? (Ер баланы тіл - көзден сақтау үшін қойылатын шаш)

 

Бесінші: 1. Байғазы деген  қандай дәстүр? («Байғазы» деп балалардың, жастардың жаңа киімі, заты үшін ақшалай, заттай берілетін сыйды айтады.)

2. Үш кемдікті атаңыз (надандық, еріншектік, зұлымдық)

 

Алтыншы: 1, Ерулік деген қандай дәстүр? (Жаңадан көшіп келген көршілерге бұрыннан тұратын көршілердің үйіне қонаққа шақырып ас беруі.)

2. Төрт мұратты атаңыз (Дау мұраты-біту, саудагер мұраты-ұту, қыз мұраты-кету, жол мұраты-жету)

 

Жетінші: 1.Үш артықты атаңыз (Адалдық, еңбексүйгіштік, өнерпаздық)

 2.Енші деген не? (Ер жеткен балаларын дүние - мүлкін беріп ата-анасының бөлек шығаруы)

 

Сегізінші: 1  Сүйінші қандай дәстүр? ( Қуанышты хабар әкелушіге берілетін сыйлық)

2.Үш байлықты атаңыз (Бірінші байлық-денсаулық, екінші байлық-ақжаулық, үшінші байлық-қорадағы бес саулық)

 

                                 Бүгінгі біздің сайыскерлерімізге арнап Еазерке мен Дильназдың 

                                          орындауында «Сарбаздар» әнін қабыл алыңыздар

Рахмет. Сайысымызды жалғастырамыз.

ІV Ер өнері білінбес,
Қоян қолтық алыспай.
Күш өнері білінбес,
Бәйгеге түсіп жарыспай - дегендей сайысымыздың келесі кезеңі  «Шынықсам шымыр болармын» .Бұл кезеңде жігіттеріміз білек күшін сынасады. Ұпай жеңіске жеткен сайыскерге ғана қосылады. Әр күш сынасудың жоғары балы-2 ұпай

 

V.Жігіттің көркі өнері,
Талап – кісі мұраты.
Өнер қалмақ артында,
Дүниенің өшпес шырағы.
Өнердің қадірін білген, бабаларымыздан қалған бұл сөздердің қасиеті бүгінгі күнге дейін жалған емес. Соның айғағы ретінде сайыскерлерімізге берілетін келесі шарт «Шебердің қолы ортақ» деп аталады. Бұл кезеңде сайыскер үй тапсырмасы бойынша өзі айналысатын сүйікті ісінің туындысын жасап таныстыру. Баға туындының жасалу шеберлігіне қойылады. Жоғарғы балл-10: Сайыскерлерді жасаған бұйымдарымен бірге ортаға шақырамыз. (Өз туындыларын кезекпен таныстырып өтеді)

 

-Жігіттеріміздің шеберлігінде сөз жоқ керемет!

 

Нағыз кәусар жігітті,

Нағыз қайсар жігітті,

Нағыз бұлбұл жігітті,

Нағыз дүлдүл жігітті,

Анықтайтын кез келді!

Әділ-қазылар бағаларымен таныс болсақ!

 

Қорытынды. Марапаттау.

 

Достарым, түсініңдер сөздің нарқын,

Әр кезде бола берсін жүздер жарқын.

Мәңгілік жоғарылап жұлдыздарың,

Бақытқа бөлеңдерші қазақ халқын.

 

Құрметті сайыскерлер,оқушылар мен ұстаздар, ата-анала!! Бүгінгі ұйымдастырылған «Жігіт сұлтаны» байқауына келіп қатысып, тамашалағандарыңыз үшін алғыс білдіреміз!

Жүлделі орынға ие болған жгіттерімізді құттықтаймыз! Сау саламатта болыңыздар!

Просмотров: 740


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст