Хаттама №3
«Тасөткел негізгі мектебінің» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің
қамақоршылық кеңесінің
ІІІ отырысы
16.01.2018ж
Барлығы:10
Қатысқаны:10
Жиналыс төрағасы мектеп директоры Жумабекова Б.Т.
Хатшысы Бектемисова С.К.
Күн тәртібінде:
Оқушылардың жазғы демалысын ұйымдастыруға көмек көрсету.
Мектептегі жазғы лагерь жұмысының барлық бағыттары–дене шынықтыру-сауықтыру жағы болсын, еңбекке баулу болсын, қай-қайсысы да танымдық сипатқа ие.
Баланың жазғы демалысы көңілді өтуінің маңызы өте зор екеніне ешкім де таласа қоймасы анық. Осындай мақсатта оқушылардың жазғы демалысын ұйымдастыруға демеушілерді тарту, «Қамқорлық» акция барысында «Қайырымдылық іс-жасайық» атты жәрмеңке өткізу.
Шешім қабылданды:
1. Бюджеттен тыс қаржы жинауға, шағын кәсіпкерлерді демеушілікке тарту
2. «Қамқорлық» акциясы барысында ұйымдастырылған жәрмеңкеден түскен қаражатты әлеуметтік жағдайына байланысты оқушылардың жазғы демалысын ұйымдастыруға жұмсалынсын және оқушылардың жазғы демалысын ұйымдастыруға демеушілерді тарту жұмыстары жүргізілсін.
Жиналыстың төрағасы: Жумабекова Б.Т.
Хатшысы : Бектемисова С.К.