«Күзгі демалысты жақсы өткізейік Балалар»
Қараша айының 1-5 аралығында мектебімізде өтетін іс-шараларға тоқтала өтсек. Алдымен апта басында мектеп оқушыларына демалыс уақытындағы қауіпсіздік ережесімен таныстыру мақсатында сынып сағаттары өткізілді.
Ата-аналармен онлайн жиналыс өткізіліп,ата-аналарға демалыс кезінде балалардың қауіпсіздігіне өздері жауапты екені түсіндіріліп, қауіпсіздік ережесімен таныстырылды, әсіресе қазіргі кезде өзеннің толық қатпағандығына байланысты балаларды өзен жағасында ойнамауын ескертілді. Күзгі демалыс кезіндегі балалардың бос уақытын тиімді өткізу мақсатында мектептен бір қатар іс-шаралар жоспары құрылып, қашықтықтан өткізілетіні жайлы сынып жетекшілерге ескертілді.
«Амола облысы білім басқармасының Жарқайың ауданы бойынша білім бөлімі Тасөткел Н.М КММ-нің
Күзгі демалысқа арналған күнтізбелік-тақырыптық жоспары
күні |
Іс-шара бағыты |
Іс-шара атауы |
2 қараша |
Азаматтық-патриоттық |
«Тәуелсіз елдің ұрпағы» -патриоттық әндер челленджі. |
3 қараша |
Эстетикалық |
1. «Күз бояулары»-сурет, сәнді қолданбалы қолөнер көрмесі |
3 қараша |
Құқықтық |
1.«Өмір-бақыт. Бәрі өз қолыңда» - онлайнтренинг
|
4 қараша |
Спорттық |
«Спорт ойындарының калейдоскобы» (қозғалмалы және үстел ойындары) |
5 қараша |
Интеллектуальды |
«Тарих беттерінен...»- интеллектуальды ойын |
6 қараша |
Экологиялық |
«Табиғатты аялап сақтайық!» -Фото челендж |
Осы іс-шараларға мектеп оқушылары белсенді ат салысып ,күзгі демалыстарын қызықты және көңілді өткізіп жатыр.