Туған жері – түп қазығы, айбыны,
Туған тілі – сатылмайтын байлығы,
Туған дәстүр, салт-санасы тірегі,
Қадамына шуақ шашар үнемі
Тасөткел ауылының негізгі орта мектебінде 6-17 қыркүйек аралығында тілдер мерекесіне орай «Мәңгілік елімнің-мәңгілік тілі» онкүндікгі өтіп жатыр. Мақсаты мемлекеттік тілге құрмет пен қарауды,қадірлеуге үйрету. Қазақ тілі- біздің рухани негізіміз.
Алаш арысы,ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлы «Ұлттың сақталуына да, жоғалуына да себеп болатын нәрсенің қуаттысы тіл» деген екен. «Гүлдене бер,менің Қазақстаным» суреттер көрмесіне бастауыш сынып оқушылары қатысты.