Текст
Биылғы алғашқы қоңырау - Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығымен тұспа тұс басталды. Мерекелік салтанатты жиынды мектеп директоры Жумабекова Бибигуль Толешовнаның алғаш мектеп табалдырығын аттап отырған бүлдіршіндерімізге жылы лебіздерін білдірді. Сонымен қатар биылғы оқу жылының ерекшелігінің бірі - А.Байтұрсыновтың әдістемесі негізінде әзірлеген "Әліппе" пәнінің қайтарылуы болды. Осы ерекше күні алғаш мектеп табалдырығын аттап отырған бүлдіршіндерімізге мектеп ұжымы салтанатты түрде "Әліппе" оқулықтарын табыстады. Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай сынып сағаттары өткізілді.