Тасөткел негізгі мектебінде Чернобыль оқиғасына арналған тәрбие сағаттары өтті. Мақсаты: Чернобыль апатының тарихы,апат салдарын жоюға аттанғандардың ерлігін насихаттау.Адамзатқа орны толмас қасірет әкелген Чернобыль оқиғасына биыл 35 жыл толды. 1986 жылы сәуір айындағы Чернобыльдегі апат әлемді дүр сілкіндірді. Бұл оқиға қаншама адамның тәнін ғана емес, жүрегінде де жара қалдырды. Чернобыль-Украинадағы шағын қалалардың бірі. Мұндағы атом электр станциясы 1971 жылы салына бастаған. Жоспар бойынша 6 энергия блогының барлығы іске қосылған жағдайда ол Еуропадағы ең алып атом электр станциясына айналуы тиіс еді.Апатты жағдай бәрін бұзды.Еліміз олардың ерлігін ешқашан ұмытпайды және қамқорлық көрсетеді.Отанымызды қорғау, барлығымыздың азаматтық парызымыз.