«Ақмола облысы білім басқармасының Жарқайың ауданы бойынша білім бөлімі Тасөткел ауылының негізгі орта мектебі» КММ 24 – 28 ақпан аралығында Жаратылыстану – математика және Қоғамдық – гуманитарлық бірлестіктерінің пән апталығы басталды. Апталықтың 1 – күні өте нәтижелі басталды десек те болады. Апталықтың ашылу салтанаты жоспар бойынша математика пән мұғалімі ЖМБ жетекшісі Жунусова К К «Математикалық эстафета» атты интеллектуалды ойынмен ашты. Балалар ән салып, белсенді психологиялық ахуал жасап, көңілдерін көтеретің болса, сонымен қатар әр түрлі заманауи технологиялар арқылы, жасанды интеллект әдістермен әр кезең , зейінге, ми қызметіне арналған тапсырмаларға белсенді қатысып, қызықты ойынды көрсетті.
Бұл басы ғана, достар! Көретін қызықтар әлі алда! Апталықта бәрі бар - ашық сабақтар, жарыстар, байқаулар... Тамашалап, белсенді ат салысып, білімді жастар екенімізді көрсетейік!
Бірлестікке сәттілік тілей отырып, оқушылардың логикалық ойлауы мен математикалық сауаттылықтары өссін деп тілейміз!