2024-2025 оқу жылының 11 ақпанында аудан математиктері семинар-практикумға жиналып "Оқушылардың математиканы оқуға деген ынтасын қалыптастыру" тақырыбы талқыланды. Өз шеберлігін көрсеткен мұғалімдердің бірі Тасөткел НОМ математика пән мұғалімі Жунусова К. К. Ақпан Үкібаев атындағы ЖОББМ қабырғасында 8 сыныпта геометрия пәнінен "Үшбұрыштың ауданы" атты тақырыбында қонақ сабағын берді. Аталған қонақ сабақ жоғары деңгейде өтті. Мұғалім сабағын талапқа сай құрып, бірнеше белсенді әдіс - тәсілдерімен және саралау тәсілдері қолданды. Сонымен қатар, топқа бөлу, рефлексия кезеңдерінде жасанды интеллект бойынша өткізді. Семинардың жұмысын математиктер қауымдастығының жетекшісі Б. С. Қызырова ұйымдастырды.
Семинарда пәндік қауымдастық кәсіби қарым-қатынас, тәжірибе алмасу, озық педагогикалық тәжірибе ауқымын кеңейту мәселелері шешілді.