Халық «Ағаш түзу өсу үшін оған көшет кезінде көмектесуге болады, ал үлкен ағаш болғанда оны
түзете алмайсың» дегенді бекер айтпаған. Әліппе – бұл бүкіл ғылымның алғашқы есігі, білім шыңына бастайтын
алғашқы соқпақ. Ана тілінің ғажайып әрі шынайы әлеміне бүлдіршіндерді дәл жетелейтін өз тілін оқып үйренуге оқи алсам деген ұмтылысқа шақыратын әліппе оқулығы. Бүгінгі күнде Тасөткел негізгі мектебінің 1-сынып
оқушылары, сол әліппені аяқтап, білім асуының алғашқы белесінен асып отыр.
Баланың бойына жастайынан ізгілік, мейірімділік, сияқты құнды қасиеттерді сіңіріп келе жатқан бастауыш сынып мұғалімі Нұртай Бибатырова ұстаздық шеберлігін көрсете білді. Мереке барысында оқушылар келген ата – аналар мен қонақтарға өз білімдерін, өнерлерін көрсетті. Соңында ата – ана Құлжанова Лариса мен мектебіміздің директоры Жумабекова Б.Т., оқу ісінің меңгерушісі Жунусова К.К. бүлдіршіндерді құттықтап, сәт – сапар тілей
отыра, әліппені сәтті аяқтағаны үшін құттықтау қағазын табыс етті. Ертеңгілік соңында оқушылар мен ата – аналар дән риза болып тарқасты.