«Музыка әлемі» сайысы
Мақсаты:
1) Оқушылардың білімге деген құштарлығын ,
ізденісін, қызығушылығын арттыру.
2) Көпшілік алдында еркін сөйлеуге, шығармашылықпен еңбек етуге дағдыландыру.
3) Өзін – өзі басқаруға , ұйымшылдыққа, адамгершілікке, баулу.
Жүргізуші:Армысыздар , бүгінгі жиналған
қауым!Бүгінгі біздің 6 – 5 -сыныптар
арасындағы
«Музыка әлемі» сайысымызға қош келдіңіздер!
Бүгінгі кешімізге қатысушы
топтармен таныс болыңыздар.
1– топ. Домбырашылар
.
2– топ. Қобызшылар .
Әділқазы
береді
Өздеріне билікті
Өнерде кім жеңеді
Сол алады сыйлықты –
деп ең алдымен сіздерді әділ –
қазылар алқасымен таныстырып өтейін.
Мектеп директоры – Жумабекова Бибигүл Төлешқызы;
Оқу ісінің меңгерушісі – Жунусова Кулаш Капановна
Жарыс десе жаныңыз,
Жасырғанды табыңыз.
Күш сынасып көріңіз,
Жеткенінше әліңіз
Бүгінгі сайыстың жүру тәртібімен таныстырып өтейік. Сайыс 4 бөлімнен тұрады.
І бөлім –
«Әуенді тап» топ саыйсы
ІІ бөлім –«Жасырынған ән » топ сайысы
ІІІ бөлім –«Жұмбақты шеш» топ сайысы
ІҮ бөлім –«Суреттерді топтастыр» топ сайысы
Әнші бала ән салады
бұлбұлдай,
Айтты маған жәй дыбыспен
сыбырлай
Ән айтамын,ән айтамын
жалықпай,
Әндері оның неткен сұлу
әсем-ай—дей келе сайысымызды бастаймыз.
І
бөлім – «Әуенді тап» топ
сайысы.
Қойылған әуеннің атың тап.
1. Ақ көгершін
2. Астана
3.Желтоқсан желі
4.Ұстазым менің
5.Қасиетті домбыра
6. Қызыл өрік
7. Жан досым
8. Алло
9. Жаса Қазақстан
10. Армандастар
ІІ
бөлім – «Жасырынған ән» топ
сайысы
Топ басшылары
шығып қорапта жсырулы бір әнді тандап алып,топпен орындайды.
ІІІ
бөлім – «Жұмбақты шеш» топ сайысы.
Жасырылған жұмбаұтардың жауаптарын жазып әділ қазылар алқасына тапсырады.
ІҮ бөлім –«Суреттерді топтпстыр».топ сайысы.
бұл кезеңде берілген суреттерді шекті,ұрмалы,үрмелі топтарына
топтастыру.
Білім деген биік шың ,
Бақытқа сені жеткізер.
Білім деген ақылшың ,
Қиындықтан өткізер. - деп сайысымызды аяқтаймыз.Қош
сауболыңдар!