Мақсаты:
Оқушылардың шет мемлекеттері туралы білімдерін кеңейту.
EXPO-ның тарихымен таныстыру; ойлау, зеректік, шешендік қабілеттерінқалыптастыру. Тарих пәніне деген қызығушылығын арттыру, алған білімдерін тереңдетіп, өздігінен іздене білуге үйрету; ұқыптылыққа, еңбекке тәрбиелеу, информациялық білім беру;
Көрнекілігі: интербелсенді тақта, слайд, карта, EXPO-ға байланысты бейнефильм, мемлекеттердің тулары, минералдық сулар, шарлар
Жүргізуші: Қайырлы күн, құрметті қонақтар, ұстаздар мен білімге құштар жас өрендер! «
Президенттердің Қазақстан халқымен кездесуі» атты іс-шарамызға хош келдіңіздер! «Адам байлығының ішіндегі ең тамашасы -
білім», - деген екен шығыс ғұламасы Әбу - Райхан әл Бируни. Ендеше, білім байлығын бізге бүгін көрсететін,
Президенттерді сомдайтын, өз білімімен, ақыл - ойымен, эрудициясымен ерекшеленген оқушылар біздің шарамызға
қатыспақ. Әр оқушы-бір мемлекеттің президенті, патшасы. Бүгінгі біздің шарамыздың мақсаты: шет мемлекеттері туралы білімдеріңді кеңейту, тереңдету. EXPO-ның тарихымен танысу.
Қонақтарды ортаға шақырар алдында, қол соғып қошеметпен Қазақстан Республикасының Президенті Ңұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевты
қарсы алайық.
Н. Назарбаев: Сәлеметсіздерме, құрметті отандастар. Бізді осы жерге шақырып, басымызды қосқандарыңызға мың да бір рахмет. Тәуелсіздіктің тірегі - білім. Дана халқымыз: « Білегі мықты бірді жығады, білімі мықты мыңды жығады»,- деп баяғыда
айтқан. Қиялына қанат біткен ойы ұшқыр, білімді жастар болатындарыңызға сенемін.
Жүргізуші: Рахмет. Ал қазір әр елдің Президентін қошеметпен қарсы алайық. (Ел басшыларын атаған кезде, интербелсенді тақтадан суреттері көрсетіледі)
-65 жыл елін басқарып келе жатқанҰлыбританияның патшайымы ІІ Елизавета
- Америка Құрама Штаттарының 45-ші Президенті Дональд Трамп.
- Францияның 24-ші Президенті Франсуа Олланд
-2014 жылы сайланған Түркия мемлекетінің Президенті Рәжәп Тайип Эрдоган
-1999 және 2012 жылдары сайланған Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путин.)
- 2013 жылдан бері елін басқарып келе жатқан Қытай Халық Республикасының Президенті Си Цзиньпин.
Жүргізуші: Алғашқы сөз Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевқа беріледі.
Н. Назарбаев: Қонақжай және бейбітсүйгіш Қазақстан жеріне қош келдіңіздер! Өткен аптаның 23-24 қантарында Астана жерінде Сирия мәселесін реттеуге көптеген мемлекеттерден елшілері келді. Қазақстан Сириядағы жағдайды реттеудің жалғыз дұрыс жолы - өзара сенім мен түсіністікке негізделген келіссөздер болуы қажет деп санайды. Осы күрделі мәселе сәтті шешілді.Енді оның жалғасы 8 ақпанда Женевада болмақ.
Ал бүгінгі біздің кездесуіміз ерекше. Бүгін саясатты бір уақытқа ұмытып, бір-бірімізбен достар ретінде араласып, бір қадам болса да,
бір-бірімізге жақындай түсейік. Қазақ халқы сіздердің елдеріңіз туралы өздеріңізден естісе, бұл да бір жақсы іс деп ойлаймын. Іске сәт!
Жүргізуші: Құрметті ел басшылары, Қазақстан Республикасына қош келдіңіздер.Сіздерді төрге шығып, жайғасуларыңызды сұраймыз. (үстел үстінде ішетін сусын мен әр мемлекеттің шағын тулары орналасқан)
Құрметті көрермен, Президенттердің бүгінгі кездесуі ерекше. Олар бүгін саяси мәселелерді шешпейді.
Құрметті қонақтар бізді өз елімен, мемлекетінің шаруашылығымен, ғажайып туындылары және өнерлерімен таныстырады.
Ойынымыздың алдында білім сайысының әділ эксперт мүшелерімен таныс болыңыздар.
(Әділ-қазылар алқасымен таныстыру)
Бүгінгі шарамыз 4 кезеңнен тұрады. (слайд)
ü «Мыңның жүзін білгенше-бірдің атын біл»
ü «Менің елімнің экономикасы»
ü «Менің елімнің таңғажайып ескерткіші»
ü «Мәдениет, өнер, дәстүр»
Жүргізуші: Алғашқы кезең әрине таныстыру,
Жақсы ғой мүшелермен таныс болу,- деп бірінші кезеңімізді
бастаймыз.Бұл кезеңде қонақтарымыз өзімен таныстырып, мемлекеті туралы мағлұмат
береді. (Слайд , карта және т.б. құралдарды пайдалануға болады). Ортаға қошеметпен Ұлыбританияның ІІ Елизаветапатшайымын шақырамыз. (өз тілінде амандасады) Менің толық есімім Елизавета Александра Мария . Мен 1926 жылы 21
сәуірде дүниеге келдім. 1952 жылы 6 ақпанда – 25 жасымда, әкем VI Георгтың өлімінен кейін ІІ Елизавета болып таққа
отырдым. 65 жыл бойы Ұлыбритания, одан басқа Канада, Жаңа Зеландия, Папуа — Жаңа Гвинея, Соломон аралдары, Ямайка сияқты
15 мемлекеттің патшайымы болып саналамын. Сонымен қатар, Англикан шіркеуінің басшысы және Ұлыбританияның қарулы күштерінің жоғарғы Бас қолбасшысының қызметін атқарамын. Биыл мен тоқсанға, ал жолдасым Филипп 94 жасқа толды.
Мемлекет туралы мәліметім: Ұлыбритания Еуропаның солтүстік-батысында, Британ аралдарында, Ирландия аралының солтүстік-шығыс бөлігі мен ұсақ аралдарда орналасқан мемлекет.Астанасы — Лондон . Халқының 80%-ына жуығы ағылшындар, 15%-ы
шотландтықтар, уэльстіктер мен ирландықтар, 5%- иммигранттар құрайды. Ұлыбританияда халықтың 89,4%-ы қалаларда тұрады. Үкімет түрі-конституциялық монархия. Елімізді 1952 жылдан Ресми тілі-ағылшын. Жер аумағы әлем бойынша 77 орында. Валютасы-фунт стерлинг.
Жүргізуші: Ортамыздағы жалғыз патшайымға шексіз алғысымызды білдіре отырып, Америка Құрама Штаттарының Президенті
Дональд Трампты шақырамыз.
(өз тілінде амандасады) Мен Мен, Дональд Трамп, Америка Құрама Штаттарының
президентімін. 1946 жылы 14 маусымда Куинсте (Нью-Йорк штатында) дүниеге келдім. Пенсильвания университетінен
экономика бакалавры дәрежесін алып шықтым. Оқу бітіре салысымен әкемнің қоластындағы құрылыс компаниясында
жұмыс істей бастадым. Жылжымайтын мүліктен бөлек, сұлулық, спорт, дәрумен сату сияқты кәсіп түрлерімен айналыстым. Мен-кәсіпкер, жазушы, тележүргізуші де болдым. 2016 жылдың қарашаның 8-нде президент болып сайландым.
Мемлекет туралы айтсам, Америка Құрама Штаттары Солтүстік Америкадағы мемлекет. Аумағы әлемде 4-ші орын. Халқы — 320 млн
адам (әлемде - 3-ші орын). Астанасы — Вашингтон қаласы. Халықтың 66%-ы – протестанттар, 26%-ға жуығы католиктер. Үкімет пен мемлекет басшысы – президент. Заң шығарушы орган –Конгресс.Үкімет түрі-президенттік республика. Ресми тілі-ағылшын. Валютасы-АҚШ доллары.
Жүргізуші:
Рахмет. Келесі сөзді Франция мемлекетінің Президенті ФрансуаОлландқаберіледі.
(французша амандасады) Мен,Франсуа Жерар Жорж Николя Олланд, Франция Республикасының президентімін. 1954
жылдың 12 тамызында дүниеге келдім. Мектептен кейін Париж қаласының политехникалық зерттеулер
институтында бизнес мектебінде және Ұлттық басқару мектебінде білім алдым. Францияның Ұлттық жиналысының депутаты одан кейін Тюль қаласының мэрі (2001—2008) болдым. 2012 жылдың Франциядағы президенттік сайлауда Николя Саркозиді жеңіп, Францияның 24 президенті болып атандым.
Елім туралы.Франция Республикасы Батыс Еуропадағы ең ірі мемлекет, жерінің ауданы жағынан ол Ұлыбританиядан екі есе үлкен. Францияның құрамына Корсика аралы, Жерорта теңізі мен Бискай шығанағындағы ұсақ аралдар енеді. Француздар өз елін «гексагон» (алтыбұрыш) деп атайды. Халық саны 65 млн адам. Астанасы: Париж. Ресми тілі: француз. Жер аумағы әлем бойынша 47 орында. Валютасы: еуро.
Жүргізуші:
Франсуа Олландқа алғысымызды айтып, Түркия елінің президенті Режеп Тайип Эрдоғанды ортаға шақырамыз.
-Сәлем бердім қазақ халқына. Мен, Режеп Тайип Эрдоған, Түркия елінің президентімін. 1954 жылы
26 ақпанда Касыспаша кварталының Бейоглу ауданының Қаратеңіз жағалауының
жайықтық күзет отбасында дүниеге келдім. 1973 жылы Стамбулдағы діни имам-хатып
лицейін тәмамдадым, Эйлеп атындағылицейді аяқтадым. 2003—2014 жылдары Түркияның премьер-министрі, ал 2014 жылдың
28 тамызынан бері Түркияның президентімін.
Түркия -дүниенің екі бөлігінде орналасқан мемлекет. Жерінің 97 % -ы Азияда, ал 3 %-ы Еуропада жатыр. Жер көлемі жағынан 37-ші орын
алады. Тәуелсіздігін 1923-жылы алған. Осман империясының ыдырауының нәтижесінде пайда болды. Кіші Азия түбегінде орналасқан, оны Қара, Жерорта, Эгей мен Мәрмәр теңіздері жан-жақтан қоршайды. Астанасы: Анкара. Ресми тілі: түрік . Үкімет түрі: парламенттік республика. Ұлттық валютасы: түрік лирасы.
Жүргізуші: Келесі таныстыру Ресей Федерациясның Президенті Владимир Путингеберіледі.
(амандасады) Мен Владимир Путин, Ресей Федерациясының президентімін. 1952 жылы 7 қазанда Ленинградта дүниеге
келдім. 1975 жылы Ленинград мемлекеттік университетінің заң факультетін бітіргеннен кейін мемлекет қауіпсіздігі органдарына жұмыс атқардым.1999 жылдың тамызында Ресей Федерациясы үкіметінің төрағасы және сол жылыРесей Президентінің міндетін атқаруға кірістім. 2012 жылы бұл лауазымға екінші рет сайландым.
Ресей -Азия мен Еуропа құрлықтарында орналасқан мемлекет. Жер аумағы жағынан дүние жүзіндегі ең үлкен мемлекет. Ресеймен
Қазақстан арасындағы шекара әлемдегі ең ұзын шекара болып табылады. Ресей құрамына тең құқықты 21 республика, 9 өлке,46 облыс, 2 федералдық деңгейдегі қала, 1 автономиялық облыс,4 автономиялық округ кіреді. Астанасы-Мәскеу.Үкімет түрі: парламенттік республика. Ресми тілі: орыс. Ұлттық валютасы: рубль.
Жүргізуші: Си Цзиньпин Қытай Халық Республикасының Президентіне таныстыру сөзі беріледі.
(өз тілінде амандасуы) Мен 1953 жылы 1 маусымда Фупин уезді Шэньси провинциясында дүниеге келдім.Бейжіңнің үздік оқу ордаларында
білім алдым. 1974-ші жылдан бастап компартия қатарындамын. 2013 жылдың 14 наурызынан Қытай Халық Республикасының мемлекет басшысымын.
Елім туралы: Қытай Халық Республикасы Азия құрылығында орналасқан мемлекет. Халық саны бойынша әлемде 1-ші орында (1 млрд 300 млн астам); жер аумағы бойынша Ресей және Канададан кейінгі 3-ші орында. 14 мемлекетпен шектеседі: Ауғанстан,
Бутан, Мианма, Үндістан, Қазақстан, Қырғызстан, Лаос, Моңғолия, Непал, ҚХДР, Пәкістан, Ресей, Тәжікстан және Вьетнам Социалистік. Астанасы: Пекин. Ресми тілі-қытай. Валютасы: юань
Жүргізуші:Құрметті көрермендер, біз сіздермен мелекеттер және оны басқаратын адамдар туралы
мәліметтер алдық. Енді сол елдің экономикасымен таныс болайық. Сонымен екінші кезеңімізді бастаймыз.
(Президенттер шағын түрде өз елдерінің шаруашылығымен таныстырады)
Жүргізуші: 2 кезең артта қалды. Сол кезеңдердің қорытындысын жариялауға әділ-қазылар алқасына сөз береміз.
Ал қазір біз қонақтарымызды демалтайық. Көрермендермен тарихи ойын ойнап, сергіп, көңілімізді көтейік.
(көрермендермен ойын жүргізіледі)
Жүргізуші: 3 кезеңіміз «Менің елімнің таңғажайып ескерткіші». Бұл айдарда әр қатысушы өз мемлекетінің керемет құрылысы немесе ескерткіші туралы егжей-тегжейлі «жан-жақты) слайд арқылы таныстыру керек. Таныстыру уақыты 5 минутқа дейін.
(таныстыру)
Жүргізуші: Соңғы кезең «Мәдениет,өнер, дәстүр» деп аталады. Әр ел басшысы өз өнерін көрсетеді немесе көмекшілерімен
бірге елінің салт-дәстүрлерінің бірін көрініс ретінде ұсынады.
(өнерлерін тамашалау)
Жүргізуші:Барлықтарыңызға алғысымыз шексіз. Сөз кезегін Нұрсұлтан Әбішұлына беремін.
Н. Назарбаев: Құрметті қонақтар. Барлықтарыңызды бүгінгі ерекше өткізген күндеріңізбен құттықтаймын.
Бұл күн сіздердің естеріңізде мәнгі қалады деп ойлаймын. Құрметті патшайым! Құрметті президенттер! Сіздер біздің мемлекетіміз
туралы жақсы білесіздер, хабардарсыздар. Мен бүгін сіздерге елдің орналасуы, экономикасының дамуы, тағы басқалары туралы айтпаймын. Биыл біздің Астанамызда ЭКСПО көрмесі өтетіні баршаға мәлім. Сондықтан мен осы тақырыпқа тоқтағанды жөн көрдім. ЭКСПО –бұл халықаралық көрме. Ол «экспонат» деген сөзден шыққан, қазақшасы «жәдігер».ЭКСПО - Дүние жүзі халықтарының өмірдің түрлі саласында қол жеткізген жетістіктерін, жәдігерлерін , сондай-ақ оған мүше елдердің тарихын, дәстүрі мен мәдениетін көрсету үшін өткізілетін
алаң. Осы көрменің тарихына шолу жасайық.
Жүргізуші: Мемлекетіміз Экспо Көрмелерінде 2005 жылдан бастап белсене қатысады. Экспо 2017 иесі 2012 жылдың 22 қарашасында Францияның астанасы Париж қаласында ХКБ-нің EXPO халықаралық бюросы Бас ассамблеясының 152-ші сессиясы барысында белгілі болды. Жасырын дауыс беру қорытындысы бойынша Астана үшін ХКБ-ның 103 мүше-мемлекеті дауыс берген, ал бельгиялық Льеж қаласы
44 дауыс жинады. Астанадағы ЕХРО-2017 көрмесі-ТМД елдері мен Орталық Азия аумағындағы өткізілетін ең алғашқы халықаралық деңгейдегі көрме. Астана ұсынған көрменің тақырыбы «Болашақтың энергиясы» деп аталады, ол баламалы энергия
көздеріне және «жасыл» технологияға арналған. Көрменің логотипі (слайд) желдің, күннің, жердің күш-қуатын көрсететін белгі. Ал тұмары (эмблемасы) -Қуат, Мөлдір, Сәуле есімді қуыршақтар. Көрме 2017 жылдың 10 маусым мен 10 қыркүйек аралығында өтеді.Ал ЭКСПО
қалашығы Астанадағы Есіл ауданында салынды.
(слайдтар)
Халықаралық көрмелерде халық қандай техникалық жетістіктермен танысты?
Ең алғашқы Бүкіләлемдік көрме 166 жыл бұрын Лондонда, 1851 жылдың 1 мамырында ашылған.
Көрме ғимаратынаның ең үздік сәулет өнері жобасы байқауында әйнектен жасалатын
ғимарат — Хрустальді сарай болды. Бүкіл әлемді дүр сілкіндірген сарай қазіргі күнге дейін сақталмаған. 1936 ол өртеніп
кеткен.Алғашқы көрмеде сол кезде әлемде өндірілген заттардың барлығын көруге болатын. Бірақ құрал-жабдықтар бөлімі ең үлкен әсер қалдырған: бу қозғалтқыштары, стерео-фотосуреттер, американдық Чарльз Гудиер ойлап тапқан ысытылған резеңке,
қойылтылған сүт, консервіленген азық-түлік, мүгедектерге арналған протездер, шыны көздер, стоматологиялық креслолар, «веналық» деп аталатын орындықтар және басқа да заттар.
1855 ж Париж қаласында 15 мамыр мен 15 қараша аралығында өтіп, адамдар алғашқы рет
көгалшапқыш, кір жуу машинасы, сөйлейтін қуыршақ, алты атқыш (револьвер) және
мұнаймен қозғалатын алғашқы көлік құралдарының бірі – автокөлік сияқты
«инновациялық» өнертабыстарды тамашалаған болатын.
1876 жылғы Филадельфияда өткен көрмеде Александр Беллдің телефоны, Томас Эдисонның
телеграфы, Ремингтонның жазу машинасы және «Хайнц» қызанақ кетчупы көрермендер
назарына ұсынылды.
1878 жылы Париждегі көрмеде фонограф жария етілді. Лентаға жазылған адам дауысы барлығын
қызықтырды.
1889 жылғы Франциядағы ЭКСПО әйгілі Эйфель мұнарасын,
1900 жылы-телевидение термині ұсынылды. 1901 ж Буфолдағы көрме-рентгенді, 1904
Сент-Луистегі көрмесінің атағын шығарған вафель стаканшаларға салынған
балмұздақ болыпты. Бір ғасырдан бұрынғы
сол жаңалық бүгінге дейін ескірмей келе жатыр. 1939 жылы Нью-Йоркте нейлон
материалы, телевидениеден тікелей эфирді жария етсе, 1970 жылы Жапонияның Осако
қаласында өткен көрмеде ұялы телефондарды ұсынды. Олар үлкен болды. Қалтаға да
сыймайтын. АҚШ павильонында көрермен назарына «Аполлон-12» ғарыш кемесінің
астронавтары әкелген ай тасы, 500 000 есе күшейтілетін электрондық микроскобын
және 500 км/сағ. дейінгі жылдамдықпен жүре алатын электромагниттік таянышы бар
пойыздардың үлгілерін, толық масштабы ядролық реакторлық макетін, АҚШ пен
КСРО-ның сансыз ғарыш кемелері мен алып роботтардың макеттерін ұсынылды. 1982
жылы Ноксвия көрмесінде сенсорлық экран көрсетілді.
Соңғы жылдарда «EXPO» көрмелері мына қалаларда: 2005 жылы - Нагояда (Жапония), 2008 жылы -
Сарагосада (Испания), 2010 жылы - Шанхайда (Қытай), 2012 жылы Есуде (Корея)
өткізілді. (слайдтар көрсетіліп тұрады)
2017 жылы елордамыз Астанада өтетін халықаралық көрмеге баршаңызды шақырамыз.
(бейнефильм көрсетіледі)
Ал енді бүгінгі кездесуіміздің қорытындысын жариялауға сөз кезегін әділ-қазылар алқасына
береміз.
(Марапаттау. Барлық қатысушыларға сыйлық беріледі)
Бүкіл әлемде тыныштық орнасын. Қарудың, жарылыстың дауысын ұмытайық. Мемлекет басшылары, елшілері тек бүгінгідей елдерде кездесіп, үстел басында достар ретінде жиналып, бейбіт өмірге байланысты мәселелерді қарастыратын болсын.