13.12.2024
Тасөткел ауылының негізгі орта мектебінде аудандық семинар өтті
2024 жылдың 12 желтоқсанында Тасөткел ауылының негізгі орта мектебінде аудандық семинар өткізілді. Семинарға білім бөлімінің өкілдері, тәрбие ісі жөніндегі директор орынбасарлары және сынып жетекшілер қатысты.
Іс-шара барысында қатысушылар өзара тәжірибе алмасып, тәрбиелік жұмыстарды ұйымдастырудың тиімді әдіс-тәсілдерін талқылады. Сонымен қатар, мектептердегі тәрбие процесін жетілдіру бойынша маңызды ұсыныстар жасалды.