06.12.2024
Мектепте өткен психология апталығы аясында ұйымдастырылған тренингтер оқушылар мен мұғалімдер арасында ерекше серпін тудырды. Психолог Б.Айтпаева өткізген шаралар ұжымдық рухты көтеріп, жақсы көңіл-күй қалыптастыруға бағытталды. Әрбір тренингтік жаттығулар, шығармашылық тапсырмалар мен топтық жаттығулар арқылы қатысушылардың белсенділігін арттырып, олардың бір-бірімен қарым-қатынасын жақсартты. Оқушылар мен мұғалімдер өзара түсіністік пен ынтымақтастықты сезініп, команда болып жұмыс істей отырып, қиындықтарды бірге еңсеруге үйренді. Бұл тренингтер тек эмоциялық жағдайды көтеріп қана қоймай, мектептегі психологиялық климатты жақсартуға да ықпал етті. #acmola_cpp